Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Қызылорда облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 20 тамыздағы № 125 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 08 қыркүйекте № 5125 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.Н. Годуноваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі                     Қ. Көшербаев

Қызылорда облысы әкімдігінің
      2015 жылғы 20 тамыздағы
      № 125 қаулысымен бекітілген

       «Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

       1. Жалпы ережелер

      1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы «Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
      Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті беруші;
      2) www.e.gov.kz «электрондық үкімет», www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – рұқсат, қайта ресімделген рұқсат және шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға ұзартылған рұқсат.
      4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны:
      көрсетілетін қызметті алушыға (жұмыс берушіге) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат (бұдан әрі – шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат) беру, қайта ресімдеу және ұзарту бойынша – электронды немесе қағаз түрінде;
      көрсетілетін қызметті алушыға (шетелдік қызметкерге) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмысқа орналасуға рұқсат беру, қайта ресімдеу және ұзарту бойынша – қағаз түрінде.

       2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме: көрсетілетін қызметті алушының (не нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің) (бұдан әрі - оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11342 болып тіркелген) бекітілген «Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 1 немесе 5-қосымшасына сәйкес өтiнiш ұсынуы немесе портал арқылы электрондық құжат нысанындағы өтініш жолдауы.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оларды орындаудың ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі көрсетілетін қызметті берушіге стандарттың 9-тармағына сәйкес келесі құжаттарды ұсынады:
      шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу немесе қайта ресімдеу үшін стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
      маусымдық шетелдік қызметкерлерді тартқан кезде:
      стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тартылатын шетелдік қызметкерлер туралы мәліметтер (бұдан әрі – мәліметтер);
      өзге де шетелдік қызметкерлерді тартқан кезде:
      өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі жеткен ерекше шарттарының (олар болған жағдайда) орындалуы туралы (еркін нысанда) ақпаратты қамтитын құжат;
      стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тартылатын шетелдік қызметкерлер туралы мәліметтер;
      Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілдерінде толтырылған болса, көшірмелері) нотариалдық куәландырылған аудармалары;
      қызметкер бұрын жұмыс істеген жұмыс берушінің ресми бланкісіндегі қызметкердің еңбек қызметі туралы жазбаша растау немесе немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растайтын құжаттар қоса берілген қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпаратты қамтитын құжат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс өтілі жөнiнде бiлiктiлiк талаптары болған кезде);
      шетелдік жұмыс беруші мен тартылатын шетелдік қызметкер арасында жасалған еңбек шартының (мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен) нотариалдық куәландырылған көшірмесі (егер шетелдік заңды тұлға – жұмыс беруші өз қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік құрмай жүзеге асыратын болса, өзінің қызметкерлерін келісімшарт бойынша жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету үшін Қазақстан Республикасына жіберген жағдайда);
      жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету үшін жасалған келісімшарттың (мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен) нотариалдық куәландырылған көшірмесі (егер шетелдік заңды тұлға – жұмыс беруші өз қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік құрмай жүзеге асыратын болса, өзінің қызметкерлерін келісімшарт бойынша жұмысты орындау, қызметтер көрсету үшін Қазақстан Республикасына жіберген жағдайда);
      жұмыс берушінің басқа әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған шартының, келісімшартының (мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен) нотариалдық куәландырылған көшірмесі (шетелдік қызметкерлердің функционалдық міндеттерін күнтізбелік бір жыл ішінде күнтізбелік алпыс күннен артық бірнеше әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында орындауы қажет болған жағдайда);
      стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат (мына адамдарды қоспағанда: шағын кәсіпкерлік субъектілері, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар, өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келген шетелдік қызметкерлерге, шетелдiк заңды тұлғалардың өкiлдiктерiне, сондай-ақ шетелдік қызметкерлерге қатысты басым жобалар мен шығу елдері бойынша квоталар шегінде, арнайы экономикалық аймақтың аумағында жұмыс берушілерге берілетін рұқсаттар);
      ауыстырылатын қызметкерлердің кәсіптерін немесе мамандықтарын, паспортта немесе жеке куәлікте көрсетілген деректерге сәйкес тегін, атын, әкесінің атын, ауыстыру мерзімін көрсете отырып, корпоративтік ауыстыру (егер шетелдік қызметкер корпоративтік ауыстыру шеңберінде тартылған жағдайда) туралы шетелдік заңды тұлғаның хаты және (немесе) келісімінің (мемлекеттік және орыс тілдеріндегі) нотариалдық куәландырылған аудармасы;
      стандарттың 4-қосымшасына сәйкес рұқсат берудің ерекше шарттарын келісу нысаны (шетелдік жұмыс күшін тартуда шетелдік қызметкерлер қатарындағы: «Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнiң кәсiптерi мен мамандықтарының жiктеуiшi» 05-2008 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жiктеуiшiне енгізілмеген кәсіптер немесе мамандықтар бойынша жұмыс істейтін;
      этникалық қазақтар немесе бұрынғы отандастар болып табылатын адамдарға;
      сондай-ақ, жұмыс берушілер қатарындағы: кадрлардағы жергілікті қамтуды ұлғайту бағдарламасын іске асыратын және Қазақстан Республикасы азаматтарын жалдау, даярлау және шетелдік персоналды қысқарту бойынша міндеттемелері бар;
      технологиялық жабдықты іске қосу, ретке келтіру және монтаждау бойынша жұмыстарды орындайтын мердігерлерді қоса алғанда, 2010 – 2014 жылдарға арналған Қазақстанды индустрияландыру картасының тізбесіне енгізілген жобаларды іске асыруға қатысатын;
      «Өнімділік 2020» бағдарламасын іске асыруға қатысатын, жоғары бiлiктi шетелдiк мамандарды тартуға мемлекеттік қолдау көрсету бойынша оң шешім алған;
      шетелдік жұмыс күшін басым жобалар және шығу елдері бойынша квота шегінде тартатын;
      шетелдік жұмыс күшін шетелдiк заңды тұлғалар өкiлдiктерiне тартатын;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелері немесе мемлекеттік кәсіпорындары болып табылатын жағдайларды қоспағанда);
      шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты ұзарту үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге:
      стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
      өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі жеткен ерекше шарттарының (олар болған жағдайда) орындалуы туралы ақпаратты (еркін нысанда) қамтитын құжат;
      жұмыс берушінің басқа әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған шартының, келісімшартының (мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен) нотариалдық куәландырылған көшірмесі (шетелдік қызметкерлердің функционалдық міндеттерін күнтізбелік бір жыл ішінде күнтізбелік алпыс күннен артық бірнеше әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында орындауы қажет болған жағдайда);
      стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат (мына адамдарды қоспағанда: шағын кәсіпкерлік субъектілері, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар, өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келген шетелдік қызметкерлерге, шетелдiк заңды тұлғалардың өкiлдiктерiне, сондай-ақ шетелдік қызметкерлерге қатысты басым жобалар мен шығу елдері бойынша квоталар шегінде, арнайы экономикалық аймақтың аумағында жұмыс берушілерге берілетін рұқсаттар);
      рұқсаттың мерзімін ұзарту негіздемесі;
      сканерленген түрінде рұқсаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
      шетелдік қызметкер жұмысқа орналасуға рұқсат алу немесе ұзарту үшін көрсетілетін қызметті берушіге:
      стандарттың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті;
      стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша шетелдік қызметкер туралы мәліметтерді;
      Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған аудармаларын (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілдерінде толтырылған болса, көшірмелерін);
      қызметкер бұрын жұмыс істеген жұмыс берушінің ресми бланкісіндегі қызметкердің еңбек қызметі туралы жазбаша растау немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растайтын құжаттар қоса берілген қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпаратты (тиісті кәсіп бойынша жұмыс өтілі жөнiнде бiлiктiлiк талаптары болған кезде) ұсынады;
      шетелдік қызметкер жұмысқа орналасуға рұқсатты қайта ресімдеу үшін көрсетілетін қызметті берушіге:
      стандарттың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті;
      шетелдік қызметкердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынады;
      рұқсат алу, қайта ресімдеу және ұзарту кезінде өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі шетелдік жұмыс күшін тарту кезінде жеткен ерекше шарттардың орындалуы туралы ақпаратты ұсыну талап етілмейді:
      шетелдік қызметкерлер қатарындағы:
      05-2008 «Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнiң кәсiптерi мен мамандықтарының сыныптауышы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыныптауышына енгізілмеген кәсіптер немесе мамандықтар бойынша жұмыс істейтіндерден;
      этникалық қазақтар немесе бұрынғы отандастар болып табылатын адамдардан;
      жұмыс берушілер қатарындағы:
      кадрлардағы жергілікті қамтуды ұлғайту бағдарламасын іске асыратындардан және Қазақстан Республикасының азаматтарын жалдау, даярлау және шетелдік персоналды қысқарту бойынша міндеттемелері барлардан;
      технологиялық жабдықты іске қосу, ретке келтіру және монтаждау бойынша жұмыстарды орындайтын мердігерлерді қоса алғанда, 2010 – 2014 жылдарға арналған Қазақстанды индустрияландыру картасының тізбесіне енгізілген жобаларды іске асыруға қатысатындардан;
      «Өнімділік 2020» бағдарламасын іске асыруға қатысатындардан, жоғары бiлiктi шетелдiк мамандарды тартуға мемлекеттік қолдау көрсету бойынша оң шешім алғандардан;
      шетелдік жұмыс күшін басым жобалар және шығу елдері бойынша квота шегінде тартатындардан;
      шетелдік жұмыс күшін шетелдік заңды тұлғалар өкілдіктеріне тартатындардан;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелері немесе мемлекеттік кәсіпорындары болып табылатындардан талап етілмейді;
      көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді;
      рұқсат беру кезінде:
      2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне тіркелген күні және мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талонын (бұдан әрі - өтініштің үзбелі талоны) береді және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (жиырма минуттан аспайды);
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдайды (отыз минуттан аспайды);
      4) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы құжаттарды қарайды және Қызылорда облысына шетелдік жұмыс күшін тартуға жұмыс берушілерге рұқсат беру және оның мерзімін ұзарту комиссиясының (бұдан әрі – комиссия) қарауына ұсынады (он бес жұмыс күні ішінде);
      5) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы комиссияның көрсетілетін қызметті берушіге рұқсатты беру не оны беруден бас тарту туралы ұсынымы бойынша қабылданған шешiм жөнiнде хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама) дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (екі сағат ішінде);
      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы хабарламаға қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдайды (отыз минуттан аспайды);
      7) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы хабарламаны тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне жолдайды (үш жұмыс күні ішінде), көрсетілетін қызметті алушы рұқсат қолданысының тоқтатылуы бойынша шетелдік жұмыс күшінің Қазақстан Республикасынан шығуына кепілдік беретін құжаттардың көшірмелерін (банк пен жұмыс беруші арасындағы шарттың және жұмыс берушінің банк шотына кепілді жарналарды салуды растайтын құжат көшірмелерін) (жиырма жұмыс күні ішінде) тапсырғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне рұқсатты жолдайды (отыз минуттан аспайды);
      8) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері рұқсатты тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне береді немесе пошта арқылы жолдайды (құжаттардың көшірмелерін алған күннен үш жұмыс күні ішінде);
      рұқсатты қайта ресімдеу кезінде:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне өтініштің үзбелі талонын береді және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (жиырма минуттан аспайды);
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдайды (отыз минуттан аспайды);
      3) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы құжаттарды қарайды және комиссияның қарауына ұсынады (бес жұмыс күні ішінде);
      4) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы комиссияның көрсетілетін қызметті берушіге рұқсатты қайта ресімдеу не оны беруден бас тарту туралы ұсынымы бойынша қабылданған шешiм жөнiнде хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (екі сағат ішінде);
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы хабарламаға қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдайды (отыз минуттан аспайды);
      6) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы хабарламаны тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне жолдайды (үш жұмыс күні ішінде), көрсетілетін қызметті алушы рұқсат қолданысының тоқтатылуы бойынша шетелдік жұмыс күшінің Қазақстан Республикасынан шығуына кепілдік беретін құжаттардың көшірмелерін (банк пен жұмыс беруші арасындағы шарттың және жұмыс берушінің банк шотына кепілді жарналарды салуды растайтын құжат көшірмелерін) (жиырма жұмыс күні ішінде) тапсырғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне қайта ресімделген рұқсатты жолдайды (отыз минуттан аспайды);
      7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері қайта ресімделген рұқсатты тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне береді немесе пошта арқылы жолдайды (құжаттардың көшірмелерін алған күннен үш жұмыс күні ішінде);
      рұқсатты ұзарту кезінде:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне өтініштің үзбелі талонын береді және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (жиырма минуттан аспайды);
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдайды (отыз минуттан аспайды);
      3) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы құжаттарды қарайды және комиссияның қарауына ұсынады (бес жұмыс күні ішінде);
      4) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы комиссияның көрсетілетін қызметті берушіге рұқсатты ұзарту не бас тарту туралы ұсынымы бойынша қабылданған шешiм жөнiнде хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) мен ұзартылған рұқсатты дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (екі сағаттың ішінде);
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы хабарламаға қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдайды (отыз минуттан аспайды);
      6) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы хабарламаны тіркейді және хабарлама мен ұзартылған рұқсатты көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды (отыз минуттан аспайды);
      7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері ұзартылған рұқсатты тіркейді және хабарлама мен ұзартылған рұқсатты көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне береді немесе пошта арқылы жолдайды (құжаттардың көшірмелерін алған күннен үш жұмыс күні ішінде);
      шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға рұқсат беру және ұзарту кезінде:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне өтініштің үзбелі талонын береді және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (жиырма минуттан аспайды);
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды, көрсетілетін қызметті алушыға жұмысқа орналасуға рұқсат беру немесе ұзарту немесе рұқсат беру мен ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдайды (үш жұмыс күні ішінде);
      3) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы құжаттарды қарайды, қабылданған шешімге сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға жұмысқа орналасуға рұқсат беру мен ұзарту немесе беруден бас тарту туралы бұйрық жобасы мен хабарлама дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (екі жұмыс күні ішінде);
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бұйрық пен хабарламаға қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдайды (отыз минуттан аспайды);
      5) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы хабарламаны тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне жолдайды (үш жұмыс күні ішінде), көрсетілетін қызметті алушы рұқсат қолданысының тоқтатылуы бойынша шетелдік жұмыс күшінің Қазақстан Республикасынан шығуына кепілдік беретін құжаттардың көшірмелерін (банк пен жұмыс беруші арасындағы шарттың және жұмыс берушінің банк шотына кепілді жарналарды салуды растайтын құжат көшірмелерін) (жиырма жұмыс күні ішінде) тапсырғаннан кейін жұмысқа орналасуға рұқсат пен ұзартылған рұқсатты көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды (отыз минуттан аспайды);
      6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері жұмысқа орналасуға рұқсат пен ұзартылған рұқсатты тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне береді немесе пошта арқылы жолдайды (құжаттардың көшірмелерін алған күннен үш жұмыс күні ішінде);
      шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға рұқсатты қайта ресімдеу кезінде:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне өтініштің үзбелі талонын береді және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (жиырма минуттан аспайды);
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды, көрсетілетін қызметті алушыға рұқсатты қайта ресімдеу немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдайды (екі жұмыс күні ішінде);
      3) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы рұқсатты қайта ресімдейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (бір жұмыс күні ішінде);
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қайта ресімделген рұқсатқа қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды (отыз минуттан аспайды);
      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері қайта ресімделген рұқсатты тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне береді (жиырма минуттан аспайды) немесе пошта арқылы жолдайды.
      Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесінің (рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі және оның басқа құрылымдық бөлімшеге берілу тәртібі көрсетіле отырып) сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.

       3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) мен комиссияның өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) мен комиссияның тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы;
      4) комиссия.
      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетіле отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 2–қосымшасында келтірілген.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдері (іс-қимылдары), көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдары реттілігінің толық сипаттамасы және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің, Қызылорда облысы әкімдігінің ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.

       4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

      10. Қызметті портал арқылы көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы рәсімдерінің (іс-қимылдарының) кезектілігі мен жүгіну тәртібінің сипаттамасы:
      көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі порталда тіркеледі және көрсетілетін қызметті алушының электронды цифрлы қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш (бұдан әрі – электрондық сұраныс) пен стандарттың 9-тармағына сәйкес келесі құжаттарды жолдайды:
      көрсетілетін қызметті алушы (жұмыс беруші) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу немесе қайта ресімдеу үшін:
      стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған өтініш;
      1) маусымдық шетелдік қызметкерлерді тартқан кезде – стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тартылатын шетелдік қызметкерлер туралы мәліметтер;
      2) өзге де шетелдік қызметкерлерді тартқан кезде:
      өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі жеткен ерекше шарттарының (олар болған жағдайда) орындалуы туралы ақпаратты (еркін нысанда) қамтитын құжаттың электрондық көшірмесі;
      стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тартылатын шетелдік қызметкерлер туралы мәліметтер;
      Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілдерінде толтырылған болса, электрондық көшірмесі) нотариалдық куәландырылған аудармалардың электрондық көшірмесі;
      қызметкер бұрын жұмыс істеген жұмыс берушінің ресми бланкісіндегі қызметкердің еңбек қызметі туралы жазбаша растау немесе немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растайтын құжаттар қоса берілген қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпаратты қамтитын құжаттың (тиісті кәсіп бойынша жұмыс өтілі жөнiнде бiлiктiлiк талаптары болған кезде) электрондық көшірмесі;
      шетелдік жұмыс беруші мен тартылатын шетелдік қызметкер арасында жасалған еңбек шартының (мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен) нотариалдық куәландырылған электрондық көшірмесі (егер шетелдік заңды тұлға – жұмыс беруші өз қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік құрмай жүзеге асырып, өзінің қызметкерлерін келісімшарт бойынша жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету үшін Қазақстан Республикасына жіберген жағдайда);
      жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету үшін жасалған келісімшарттың (мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен) нотариалдық куәландырылған электрондық көшірмесі (егер шетелдік заңды тұлға – жұмыс беруші өз қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік құрмай жүзеге асырып, өзінің қызметкерлерін келісімшарт бойынша жұмысты орындау, қызметтер көрсету үшін Қазақстан Республикасына жіберген жағдайда);
      жұмыс берушінің басқа әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған шартының, келісімшартының (мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен) нотариалдық куәландырылған электрондық көшірмесі (шетелдік қызметкерлердің функционалдық міндеттерін күнтізбелік бір жыл ішінде күнтізбелік алпыс күннен артық бірнеше әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында орындауы қажет болған жағдайда);
      стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат (мына адамдарды қоспағанда: шағын кәсіпкерлік субъектілері, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар, өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келген шетелдік қызметкерлерге, шетелдiк заңды тұлғалардың өкiлдiктерiне, сондай-ақ шетелдік қызметкерлерге қатысты басым жобалар мен шығу елдері бойынша квоталар шегінде, арнайы экономикалық аймақтың аумағында жұмыс берушілерге берілетін рұқсаттар);
      ауыстырылатын қызметкерлердің кәсіптерін немесе мамандықтарын, паспортта немесе жеке куәлікте көрсетілген деректерге сәйкес тегін, атын, әкесінің атын, ауыстыру мерзімін көрсете отырып, корпоративтік ауыстыру (егер шетелдік қызметкер корпоративтік ауыстыру шеңберінде тартылған жағдайда) туралы шетелдік заңды тұлғаның хаты және (немесе) келісімінің (мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен) нотариалдық куәландырылған аудармасының электрондық көшірмесі;
      стандарттың 4-қосымшасына сәйкес рұқсат берудің ерекше шарттарын келісу нысаны (шетелдік жұмыс күшін тартуда шетелдік қызметкерлер қатарындағы: «Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнiң кәсiптерi мен мамандықтарының жiктеуiшi» 05-2008 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жiктеуiшiне енгізілмеген кәсіптер немесе мамандықтар бойынша жұмыс істейтін;
      этникалық қазақтар немесе бұрынғы отандастар болып табылатын адамдарға;
      сондай-ақ, жұмыс берушілер қатарындағы: кадрлардағы жергілікті қамтуды ұлғайту бағдарламасын іске асыратын және Қазақстан Республикасы азаматтарын жалдау, даярлау және шетелдік персоналды қысқарту бойынша міндеттемелері бар;
      технологиялық жабдықты іске қосу, ретке келтіру және монтаждау бойынша жұмыстарды орындайтын мердігерлерді қоса алғанда, 2010 – 2014 жылдарға арналған Қазақстанды индустрияландыру картасының тізбесіне енгізілген жобаларды іске асыруға қатысатын;
      «Өнімділік 2020» бағдарламасын іске асыруға қатысатын, жоғары бiлiктi шетелдiк мамандарды тартуға мемлекеттік қолдау көрсету бойынша оң шешім алған;
      шетелдік жұмыс күшін басым жобалар және шығу елдері бойынша квота шегінде тартатын;
      шетелдік жұмыс күшін шетелдiк заңды тұлғалар өкiлдiктерiне тартатын;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелері немесе мемлекеттік кәсіпорындары болып табылатын жағдайларын қоспағанда);
      көрсетілетін қызметті алушының (жұмыс берушінің) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты ұзарту үшін:
      стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған өтініш;
      өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі жеткен ерекше шарттарының (олар болған жағдайда) орындалуы туралы ақпаратты (еркін нысанда) қамтитын құжаттың электрондық көшірмесі;
      стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат (мына адамдарды қоспағанда: шағын кәсіпкерлік субъектілері, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар, өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келген шетелдік қызметкерлерге, шетелдiк заңды тұлғалардың өкiлдiктерiне, сондай-ақ шетелдік қызметкерлерге қатысты басым жобалар мен шығу елдері бойынша квоталар шегінде, арнайы экономикалық аймақтың аумағында жұмыс берушілерге берілетін рұқсаттар);
      жеке басын куәландыратын, көрсетілетін қызметті алушыны заңды тұлға ретінде, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;
      көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы электрондық сұраныс пен құжаттарды қабылдайды, көрсетілетін қызметті алушының не оның өкілінің «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін электрондық сұраныстың қабылданғаны туралы мәртебе көрінеді (жиырма минуттан аспайды);
      электрондық сұраныс пен құжаттар қабылданғаннан кейін мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдары осы регламенттің 6-тармағының 2-7) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылады;
      көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушының не оның өкілінің «жеке кабинетіне» жолдайды (жиырма минуттан аспайды).
      Мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған графикалық нысандағы ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы регламенттің 3-қосымшасында келтірілген.

«Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге
      тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін
      шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту»
      мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
      1-қосымша

      Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесінің (рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі және оның басқа құрылымдық бөлімшеге берілу тәртібі көрсетіле отырып) сипаттамасы

      Рұқсат беру, рұқсатты қайта ресімдеу немесе рұқсатты ұзарту кезінде:

1

Рәсімнің

(іс-қимылдың) нөмірі

1

2

3

4

5

6

2

Құрылымдық бөлімшелердің атауы

Көрсетілетін қызметті

берушінің кеңсе қызметкері

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы

Көрсетілетін қызметті

берушінің кеңсе қызметкері

3

Рәсімнің

(іс-қимылдың) атауы және олардың сипаттамасы

құжаттарды тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне өтініштің үзбелі талонын береді

құжаттарды қарайды

құжаттарды қарайды және комиссияның қарауына ұсынады

хабарлама мен рұқсатқа, қайта ресімделген рұқсатқа, ұзартылған рұқсатқа қол қояды

хабарламаны тіркейді
 

рұқсат, ұзартылған рұқсат және қайта ресімделген рұқсатты тіркейді

4

Келесі рәсімді

(іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім

(іс-қимыл) нәтижесі

құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің

басшысына ұсынады

құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің орындаушы сына

жолдайды

комиссияның көрсетілетін қызметті алушыға рұқсат беру, ұзарту, қайта ресімдеу немесе бас тарту туралы ұсынымы бойынша қабылданған шешім жөнінде хабарлама дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады

қол қойылған хабарлама мен рұқсатты, қайта ресімделген рұқсатты, ұзартылған рұқсатты көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдайды

хабарламаны көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне жолдайды, көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттардың көшірмелерін тапсырған соң рұқсатты көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды

рұқсат, ұзартылған рұқсат, қайта ресімделген рұқсатты көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне береді немесе пошта арқылы жолдайды

5

Орындалу мерзімі

20 минуттан

аспайды

30 минуттан

аспайды

рұқсат беру кезінде - 15 жұмыс күні ішінде;

рұқсатты қайта ресімдеу, ұзарту кезінде - 5 жұмыс күні ішінде; хабарлама әзірлеу – 2 сағат ішінде

30 минуттан

аспайды

хабарламаны жолдау - 3 жұмыс күні ішінде; қажетті құжаттардың көшірмелерін ұсынуы - 20 жұмыс күні ішінде;

рұқсатты жолдау – 30 минуттан аспайды

құжаттардың көшірмелерін алған күннен

3 жұмыс күні ішінде

      Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға рұқсат беру, рұқсатты ұзарту немесе қайта ресімдеу кезінде:

1

Рәсімнің

(іс-қимылдың) нөмірі

1

2

3

4

5

6

2

Құрылымдық бөлімшелердің атауы

Көрсетілетін қызметті берушінің

кеңсе қызметкері

Көрсетілетін қызметті

берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы

Көрсетілетін қызметті берушінің

басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы

Көрсетілетін қызметті берушінің

кеңсе қызметкері

3

Рәсімнің

(іс-қимылдың) атауы және олардың сипаттамасы

құжаттарды тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне өтініштің үзбелі талонын береді

құжаттарды қарайды, көрсетілетін қызметті алушыға рұқсат беру не ұзарту немесе қайта ресімдеу немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды

құжаттарды қарайды және рұқсат беру не ұзарту, қайта ресімдеу немесе бас тарту туралы бұйрық жобасы мен қабылданған шешім туралы хабарлама дайындайды

бұйрыққа, хабарламаға және қайта ресімделген рұқсатқа

қол қояды

хабарламаны тіркейді
 
 

рұқсат, ұзартылған рұқсат, қайта ресімделген рұқсатты тіркейді

4

Келесі рәсімді

(іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім

(іс-қимыл) нәтижесі

құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің

басшысына ұсынады

құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына

жолдайды

бұйрық жобасы мен хабарламаны көрсетілетін қызметті берушінің

басшына ұсынады

хабарламаны көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына және қайта ресімделген рұқсатты көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды

хабарламаны көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне жолдайды, көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттардың көшірмелерін тапсырған соң рұқсатты, ұзартылған рұқсатты көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды

рұқсат, ұзартылған рұқсат, қайта ресімделген рұқсатты көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне береді немесе пошта арқылы жолдайды

5

Орындалу мерзімі

20 минуттан аспайды

2 немесе 5 жұмыс күні ішінде

бұйрық жобасы мен хабарлама әзірлеу

- 2 сағат ішінде;

рұқсатты қайта ресімдеу - 1 жұмыс күні ішінде

30 минуттан

аспайды

хабарламаны жолдау –

3 жұмыс күні ішінде;

қажетті құжаттардың көшірмелерін ұсыну -

20 жұмыс күні ішінде;

рұқсатты жолдау –

30 минуттан аспайды

қайта ресімделген рұқсатты беру - 20 минуттан аспайды;

рұқсат, ұзартылған рұқсатты беру - құжаттардың көшірмелерін алған күннен

3 жұмыс күні ішінде

«Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге
      тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін
      шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту»
      мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
      2-қосымша

      Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетіле отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы

      Рұқсат беру, рұқсатты қайта ресімдеу немесе рұқсатты ұзарту кезінде:

      Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға рұқсат беру, рұқсатты ұзарту немесе қайта ресімдеу кезінде:

«Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге
      тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін
      шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту»
      мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
      3-қосымша

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған графикалық нысандағы ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы

      Рұқсат беру, рұқсатты қайта ресімдеу немесе ұзарту кезінде:

«Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге
      тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін
      шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту»
      мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
      4-қосымша

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдері (іс-қимылдары), өзара іс-қимылдары реттілігінің толық сипаттамасы және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы

      Рұқсат беру, рұқсатты қайта ресімдеу немесе рұқсатты ұзарту кезінде:

      Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға рұқсат беру, рұқсатты ұзарту немесе қайта ресімдеу кезінде: