"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) "Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) алынып тасталды - Қызылорда облысы әкімдігінің 04.08.2017 № 850 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р. Кенжеханұлына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ "Мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 146 бұйрығы қолданысқа енгізілгеннен бұрын емес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11238 нөмірімен тіркелген).
Қызылорда облысының әкімі | Қ. Көшербаев |
Қызылорда облысы әкімдігінің | |
2015 жылғы "16" маусымдағы № 45 қаулысымен бекітілген |
"Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: "Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;2) www.elicense.kz, www.e.gov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қызылорда облысы әкімдігінің 10.06.2016 № 485 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық нысан (ішінара автоматтандырылған).
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру (бұдан әрі – куәлік).
Куәлiктi қағаз жеткiзгiште алуға өтiнiш бiлдiрiлген жағдайда, мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi электрондық нысанда ресiмделiп, басып шығарылады және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мөрiмен куәландырылады.
Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме: көрсетілетін қызметті алушының (не оның уәкілетті өкілінің) (бұдан әрі – оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге "Мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 146 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11238 болып тіркелген) бекітілген "Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынуы немесе портал арқылы электрондық құжат нысанындағы сұраныс жолдауы.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оларды орындаудың ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі көрсетілетін қызметті берушіге стандарттың 9-тармағына сәйкес келесі құжаттарды ұсынады:
жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) заңды тұлғаның сенімхат немесе нотариалды куәландырылған сенімхат (жеке тұлғаға) – көрсетілетін қызметті алушының өкiлi жүгінген кезде (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
стандарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
мәдени құндылықтарға меншiк құқығын растайтын құжаттардың көшiрмелерi;
қабылдаушы тараптың мәдени құндылықтардың мақсаттары мен болу талаптары туралы шарттың көшiрмесi;
мәдени құндылықтардың беткi жағы мен керi жақтары суреттелген А-5 форматындағы екi фотосуретi;
заңды тұлғалар үшiн – уақытша әкету кезеңiне мәдени құндылықтардың сақталуы үшiн белгiлi бiр адамға жауапкершiлiк жүктеу туралы ұйым басшысының бұйрығы;
сараптауға жататын мәдени құндылықтар ретiнде қаралатын заттар;
көрсетiлетiн қызметтi берушiге сараптамаға ұсынылған заттар қабылдау және өткiзу журналында белгіленеді. Сараптама өткізілгеннен кейін ұсынылған заттар қабылдау және өткiзу журналына белгi қойылып, көрсетiлетiн қызметтi алушыға қайтарылады;
2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне құжаттардың топтамасын қабылдаудың күні мен уақыты көрсетілген көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгісі бар өтініштің көшірмесін (бұдан әрі – өтініштің көшірмесі) береді және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (он бес минуттан аспайды);3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және орындаушыға жолдайды (он бес минуттан аспайды);
4) орындаушы құжаттардың толықтығын тексереді және құжаттарды сараптау комиссиясының қарауына ұсынады немесе құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне өтінішті одан әрі қараудан жазбаша уәжді түрде бас тартуды (бұдан әрі – уәжді түрде бас тарту) береді (екі жұмыс күні ішінде);
5) сараптау комиссиясы құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушіге сараптамаға ұсынылған затты мәдени құндылық ретінде тану не заттың мәдени құндылығының жоқтығы туралы қорытынды ұсынады (алты жұмыс күні ішінде);
6) орындаушы сараптау комиссиясының қорытындысы негізінде куәлікті дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (бір жұмыс күні ішінде);
7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы куәлікке қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды (он бес минуттан аспайды);
8) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері куәлікті тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне береді (он минуттан аспайды).
Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесінің (рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі және оның басқа құрылымдық бөлімшеге берілу тәртібі көрсетіле отырып) сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) орындаушы;
4) сараптау комиссиясы.
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетіле отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігі, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің толық сипаттамасы осы регламенттің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы "Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің, Қызылорда облысы әкімдігінің, Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктерінің ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 10.06.2016 № 485 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
Қызметті портал арқылы көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы рәсімдерінің (іс-қимылдарының) кезектілігі мен жүгіну тәртібінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі порталда тіркеледі және көрсетілетін қызметті алушының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұраныс (бұдан әрі – электрондық сұраныс) пен стандарттың 9-тармағына сәйкес келесі құжаттарды жолдайды:
мәдени құндылықтарға меншiк құқығын растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;
қабылдаушы тараптың мәдени құндылықтардың мақсаттары мен болу талаптары туралы шартының электрондық көшiрмесi;
мәдени құндылықтардың беткi және керi жақтары суреттелген А-5 форматындағы электрондық фотосуретi;
заңды тұлғалар үшiн – уақытша әкету кезеңiне мәдени құндылықтардың сақталуы үшiн белгiлi бiр адамға жауапкершiлiк жүктеу туралы ұйым басшысының бұйрығының электрондық көшiрмесi;
сараптамаға жататын мәдени құндылықтар ретiнде қаралатын заттар (көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi берушiге қолма-қол ұсынады);
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы, жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетiлетiн қызметтi берушi мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден "электрондық үкiмет" шлюзі арқылы алады;
көрсетiлетiн қызметтi берушiге сараптамаға ұсынылған заттар қабылдау және өткiзу журналында белгіленеді. Сараптама өткізілгеннен кейін ұсынылған заттар қабылдау және өткiзу журналына белгi қойылып, көрсетiлетiн қызметтi алушыға қайтарылады;
2) орындаушы электрондық сұраныс пен құжаттарды қабылдайды және көрсетілетін қызметті алушының не оның өкілінің "жеке кабинетіндегі" өтініштер тарихында мемлекеттік қызметті көрсету үшін электрондық сұраныстың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі (он бес минуттан аспайды);3) электрондық сұраныс пен құжаттар қабылданғаннан кейін мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдары осы регламенттің 6-тармағының 2-7) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылады;
4) орындаушы мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушының не оның өкілінің "жеке кабинетіне" жолдайды (он минуттан аспайды).
Мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған графикалық нысандағы ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы регламенттің 3-қосымшасында келтірілген.
"Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша |
Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесінің (рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі және оның басқа құрылымдық бөлімшеге берілу тәртібі көрсетіле отырып) сипаттамасы
1 |
Рәсімнің | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
2 | Құрылымдық бөлімшелердің атауы | Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері | Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы | Орындаушы | Сараптау комиссиясы | Орындаушы | Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы | Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері |
3 |
Рәсімнің | құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне өтініш көшірмесін береді | құжаттарды қарайды | құжаттардың толықтығын тексереді | құжаттарды қарайды | сараптау комиссиясының қорытындысы негізінде куәлікті дайындайды | куәлікке қол қояды | куәлікті тіркейді |
4 |
Келесі рәсімді | құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады | құжаттарды орындаушыға жолдайды | құжаттарды сараптау комиссиясының қарауына ұсынады немесе көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне уәжді түрде бас тартуды береді | көрсетілетін қызметті берушіге сараптамаға ұсынылған затты мәдени құндылық ретінде тану не заттың мәдени құндылығының жоқтығы туралы қорытынды ұсынады | куәлікті көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады | куәлікті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды |
куәлікті көрсетілетін қызметті алушыға |
5 | Орындалу мерзімі | 15 минуттан аспайды | 15 минуттан аспайды | 2 жұмыс күні ішінде | 6 жұмыс күні ішінде | 1 жұмыс күні ішінде | 15 минуттан аспайды | 10 минуттан аспайды |
"Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша |
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетіле отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы
"Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымша |
Мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған графикалық нысандағы ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы
"Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 4-қосымша |
"Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы