1. Қоса беріліп отырған "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С. С. Қожаниязовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 275 бұйрығы қолданысқа енгізілгеннен бұрын емес.
Қызылорда облысының әкімі | Қ. Көшербаев |
Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы "27" сәуірдегі № 940 қаулысымен бекітілген |
"Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: аудандардың және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкілетті органдары (аудандық, қалалық ауыл шаруашылығы бөлімдері) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)).Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
3. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi - көтерме жәрдемақы және бюджеттiк кредит түрiндегi әлеуметтiк қолдау шаралары (бұдан әрі – әлеуметтік қолдау шаралары).
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші мен құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
5. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме: көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 275 бұйрығымен бекітілген "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынуы.6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады;
2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді, құжаттардың көшірмелерін олардың түпнұсқаларымен салыстырады және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (он бес минуттан аспайды);
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және орындаушыға жолдайды (он бес минуттан аспайды);
4) орындаушы құжаттарды қарайды және комиссияның қарауына ұсынады (бес жұмыс күні ішінде);
5) комиссия құжаттарды қарайды, шешім шығарады және отырыс хаттамасын аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аппаратына (бұдан әрі - әкім аппараты) және көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды (екі жұмыс күні ішінде);
6) комиссиямен әлеуметтік қолдау шараларын көрсетуден бас тарту жөнінде шешім қабылданған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны комиссия шешімінің негізінде бас тартылу себептерін көрсете отырып, жазбаша түрде хабардар етеді (бұдан әрі – жазбаша түрде бас тарту) (бір жұмыс күні ішінде);
7) әкім аппараты хаттама негізінде қаулы қабылдайды және қаулының көшірмесін көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды (үш жұмыс күні ішінде);
8) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қаулының көшірмесін орындаушыға жолдайды (он бес минуттан аспайды);
9) орындаушы көрсетілетін қызметті беруші, сенім білдірілген өкіл (агент) және көрсетілетін қызметті алушы арасында әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну жөнінде келісім жобасын (бұдан әрі - келісім) әзірлейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (жеті жұмыс күні ішінде);
10) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келісімге қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды (он бес минуттан аспайды);
11) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері келісімді тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді (он бес минуттан аспайды);
12) көрсетілетін қызметті беруші көтерме жәрдемақы сомасын көрсетілетін қызметті алушының жеке есеп шотына аударады (жеті жұмыс күні ішінде);
13) көрсетілетін қызметті беруші келісім жасалғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредиттің берілуін қамтамасыз етеді ( отыз жұмыс күні ішінде).
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші мен құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті беруші мен құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) орындаушы;
4) комиссия;
5) әкім аппараты.
8. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) реттілігі мен ұзақтығы көрсетілген рәсімдер (іс-қимылдар) сипаттамасы осы регламенттің 1–қосымшасында келтірілген.
9. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) өту блок-схемасында келтірілген.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимылдары реттілігінің толық сипаттамасы осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.
4. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы (бұдан әрі – лауазымды тұлға) мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге жауапты тұлға болып табылады.Лауазымды тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапкершілікте болады.
12. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша әрекеттерге (әрекетсіздікке) шағымдану стандарттың 3-бөліміне сәйкес жүргізіледі.
13. Қызмет көрсету жөнінде ақпарат алуға, сондай-ақ, қажет болған жағдайда оның сапасын бағалау (оның ішінде шағымдану) үшін байланыс телефонының нөмірі: 8 (7242) 60 54 49, бірыңғай байланыс орталығы (1414).