1. Шет ауданы әкімінің 2015 жылғы 25 наурыздағы "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" № 02 (нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің Тізіліміне № 3079 санды болып тіркелген, аудандық "Шет шұғыласы" газетіне 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 13 (10 529) жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімінің 1 тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"Қарағанды облысы Шет ауданының Ақадыр, Мойынты кенттерінде, Ортау ауылдық округінің Босаға ауылында, Талды ауылдық округінің Талды ауылында және Ақсу-Аюлы ауылдық округінің Ақсу-Аюлы, Қайрақты ауылдарында, Сәкен Сейфуллин атындағы кентінде, Жарылғап батыр ауылында, Тағылы ауылдық округінің Жұмыскер ауылы, Өспен ауылдық округінің Еркіндік ауылында, Нұраталды, Краснаяполяна және Көктіңкөлі ауылдық округтерінде табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын".
2. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шет ауданының әкімі | Р. Әбдікеров |