Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Қарағанды облысы Шет ауданы әкімінің 2015 жылғы 25 наурыздағы № 02 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 наурызда № 3079 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" № 756 қаулысына сәйкес, Қарағанды облысы Шет ауданы әкімдігінің жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 2015 жылғы 24 наурыздағы № 1 хаттамасы негізінде, Шет ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қарағанды облысы Шет ауданының Ақадыр, Мойынты кенттерінде, Көктіңкөлі ауылдық округінің Көктіңкөлі ауылында, Ортау ауылдық округінің Босаға ауылында, Нұраталды ауылдық округінің Қошқарбай ауылында, Талды ауылдық округінің Талды ауылында және Ақсу-Аюлы ауылдық округінің Ақсу-Аюлы ауылында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
      2. Төтенше жағдайларды жою комиссиясының басшысы болып Шет ауданы әкімінің орынбасары Б. Төлеуқұлов тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
      3. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шет ауданының әкімі

Р. Әбдікеров