1. Ірі қара малдың арасынан листериоз және пастереллез ауруларының шығуына байланысты, Қаракеңгір ауылдық округінің Бозтұмсық ауылының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Ветеринариялық-санитариялық, сауықтыру және шектеу іс-шаралары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өткізілсін.
3. Осы қаулының орындалуын қадағалау Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары Максут Сарсенбаевич Оспановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ұлытау ауданының әкімі | Х. Омаров |