1. Құтыру ауруының шығуына байланысты, Сұңқар ауылдық округі Сұңқар ауылының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Ветеринариялық-санитариялық, сауықтыру және шектеу іс-шаралары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өткізілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асылбек Серікұлы Молдабаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Н. Әбілдин |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы
ауыл шаруашылығы Министрлігі
ветеринариялық бақылау және қадағалау
Комитетінің Осакаров аудандық аумақтық
инспекциясы" басшысы
________________М. Бейсенбеков
2015 жылдың 9 шілдесі