Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімінің 2015 жылғы 11 сәуірдегі № 3 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 сәуірде № 3128 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50 бабының 2 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" № 756 қаулысына сәйкес, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссия отырысының 2015 жылғы 11 сәуірдегі № 4 хаттамасы негізінде, Нұра ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қарағанды облысы Нұра ауданының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
      2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Нұра ауданы әкімінің орынбасары Досбол Боташұлы Бекмағамбетов тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
      3. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 

      Нұра ауданының әкімі

Қ. Бексұлтанов