1. Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының аумағындағы Бұқар жырау, Корнеевка, Қызылқайың, Тоғызқұдық, Ростов, Үміткер ауылдық округтерінде, Суықсу, Қарақұдық, Ақөре ауылдарында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды жою басшысы болып Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары Сапар Каиркенович Сатаевқа тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Н. Кобжанов |