"Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Қарағанды облысының әкімдігінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 75/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 желтоқсанда № 3591 болып тіркелді

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 15 шілдедегі № 15-02/655 "Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12091 болып тіркелген) сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 40/04 "Фитосанитариялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2728 болып тіркелген, 2014 жылғы 8 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 9 қыркүйектегі № 157-158 (21678-21679) "Индустриальная Караганда" және 2014 жылғы 9 қыркүйектегі № 171-172 (21806) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Қарағанды облысының әкімі Н. Әбдібеков

  Қарағанды облысы әкімдігінің
2015 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 75/01 қаулысымен бекітілді

"Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органымен (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру:
      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      "электрондық үкіметтің" www.e.gov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия не осы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 15 шілдедегі № 15-02/655 бұйрығымен "Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12091 болып тіркелген) бекітілген "Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      4. Мемлекеттiк қызметтi ұсыну нысаны – электрондық.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      5. Мыналар:
      ЭҮП арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында өтініш;
      Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш мемлекеттiк қызмет көрсету жөніндегі рәсімді бастау үшін негіздеме болып табылады.
      6. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет көрсету үдерісінiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны:
      1) лицензияны беру кезінде:
      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды берген сәттен бастап 30 (отыз) минуттың ішінде қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті беруші басшылығына құжатқа бұрыштама қоюға жолдайды;
      көрсетілетін қызметті беруші басшылығы 1 (бір) жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттармен танысады және көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысын белгілейді. Нәтижесі – құжаттарды мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды;
      көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 4 (төрт) жұмыс күні ішінде түскен құжаттарды қарайды, көрсетілетін қызметті алушыға лицензия жобасын немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды. Нәтижесі – санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы мемлекеттік органға (бұдан әрі – мүдделі орган) сұраныс жолдайды;
      мүдделі орган 5 (бес) жұмыс күні ішінде түскен құжаттарды қарайды, лицензия беруге келісім немесе дәлелді жауап береді. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының қойлған талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігін анықтайды, мемлекеттік қызметті көрсету үшін жауапты орындаушыға қорытынды береді;
      көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде мүдделі органдардан келіп түскен қорытындыны қарайды, лицензияны немесе дәлелді жауапты ресімдейді. Нәтижесі – ресімделген лицензияға немесе дәлелді жауапқа қол қою үшін басшылыққа жібереді;
      көрсетілетін қызметті беруші басшылығы 1 (бір) жұмыс күні ішінде лицензияға немесе дәлелді жауапқа қол қояды. Нәтижесі – қол қойылған лицензияны немесе дәлелді жауапты кеңсеге жібереді;
      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы 30 (отыз) минуттың ішінде көрсетілетін қызметті алушыға лицензия немесе дәлелді жауап береді. Нәтижесі – лицензияны немесе дәлелді жауапты береді;
      2) лицензияны қайта ресімдеу кезінде:
      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды берген сәттен бастап 30 минуттың ішінде қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті беруші басшылығына құжатқа бұрыштама қоюға жолдайды;
      көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 1 (бір) жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын белгілейді. Нәтижесі – құжаттарды мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды;
      көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды, лицензияны қайта ресімдейді немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды. Нәтижесі – қайта ресімделген лицензияны немесе дәлелді жауапты басшылыққа қол қоюға жібереді;
      көрсетілетін қызметті беруші басшылығы 1 (бір) жұмыс күні ішінде қайта ресімделген лицензияға немесе дәлелді жауапқа қол қояды. Нәтижесі – қайта рәсімделген лицензияны немесе дәлелді жауапты кеңсеге жібереді;
      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы 30 (отыз) минуттың ішінде көрсетілетін қызметті алушыға қайта ресімделген лицензияны немесе дәлелді жауапты береді. Нәтижесі – қайта ресімделген лицензияны немесе дәлелді жауап береді;
      3) лицензияның телнұсқасын беру кезінде:
      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды берген сәттен бастап 30 (отыз) минуттың ішінде қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады. Нәтижесі – құжаттар көрсетілетін қызметті беруші басшылығына бұрыштама қоюға жолдайды;
      көрсетілетін қызметті беруші басшылығы 4 (төрт) сағат ішінде түскен құжаттармен танысады және көрсетілетін қызметті беруші жауапты орындаушысын белгілейді. Нәтижесі – құжаттарды мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті беруші жауапты орындаушысына жолдайды;
      көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды, көрсетілетін қызметті алушыға лицензияның телнұсқасын немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды. Нәтижесі – лицензияның телнұсқасына немесе дәлелді жауапқа қол қою үшін басшылыққа жібереді;
      көрсетілетін қызметті беруші басшылығы 4 (төрт) сағат ішінде лицензияның телнұсқасына немесе дәлелді жауапқа қол қояды. Нәтижесі – қол қойылған лицензияның телнұсқасын немесе дәлелді жауапты кеңсеге жібереді;
      көрсетілетін қызметті беруші кеңсе маманы 30 (отыз) минуттың ішінде көрсетілетін қызметті алушыға лицензияның телнұсқасын немесе дәлелді жауапты береді. Нәтижесі -лицензияның телнұсқасын немесе дәлелді жауап береді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Көрсетілетін мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісіне қатысатын қызмет берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) тiзбесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші басшылығы;
      2) көрсетілетін қызметті беруші кеңсе маманы;
      3) көрсетілетін қызметті беруші жауапты орындаушы;
      4) мүдделі орган.
      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) реттілігінің сипаттамасы:
      1) лицензияны беру кезінде:
      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды берген сәттен бастап 30 (отыз) минуттың ішінде қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады;
      көрсетілетін қызметті беруші басшылығы 1 (бір) жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттармен танысады және көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысын белгілейді;
      көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 4 (төрт) жұмыс күні ішінде түскен құжаттарды қарайды, көрсетілетін қызметті алушыға лицензия жобасын немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды;
      мүдделі орган 5 (бес) жұмыс күні ішінде түскен құжаттарды қарайды, лицензия беруге келісім немесе дәлелді жауап береді;
      көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде мүдделі органдардан келіп түскен қорытындыны қарайды, лицензияны немесе дәлелді жауапты ресімдейді;
      көрсетілетін қызметті беруші басшылығы 1 (бір) жұмыс күні ішінде лицензияға немесе дәлелді жауапқа қол қояды;
      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы 30 (отыз) минуттың ішінде көрсетілетін қызметті алушыға лицензия немесе дәлелді жауап береді;
      2) лицензияны қайта ресімдеу кезінде:
      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды берген сәттен бастап 30 минуттың ішінде қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады;
      көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 1 (бір) жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын белгілейді;
      көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды, лицензияны қайта ресімдейді немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды;
      көрсетілетін қызметті беруші басшылығы 1 (бір) жұмыс күні ішінде қайта ресімделген лицензияға немесе дәлелді жауапқа қол қояды;
      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы 30 (отыз) минуттың ішінде көрсетілетін қызметті алушыға қайта ресімделген лицензияны немесе дәлелді жауапты береді;
      3) лицензияның телнұсқасын беру кезінде:
      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды берген сәттен бастап 30 (отыз) минуттың ішінде қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады;
      көрсетілетін қызметті беруші басшылығы 4 (төрт) сағат ішінде түскен құжаттармен танысады және көрсетілетін қызметті беруші жауапты орындаушысын белгілейді;
      көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды, көрсетілетін қызметті алушыға лицензияның телнұсқасын немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды;
      көрсетілетін қызметті беруші басшылығы 4 (төрт) сағат ішінде лицензияның телнұсқасына немесе дәлелді жауапқа қол қояды;
      көрсетілетін қызметті беруші кеңсе маманы 30 (отыз) минуттың ішінде көрсетілетін қызметті алушыға лицензияның телнұсқасын немесе дәлелді жауапты береді.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      9. ЭҮП арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті алушының жолығу тәртібін және рәсімнің (iс-қимылдың) реттілігін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы компьютердегі интернет-браузерінде сақталып жатқан өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен ЭҮП-да тіркеуді жүзеге асырады (ЭҮП-да тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
      2) 1-үдеріс – мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы компьютердегі интернет-браузеріне ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, көрсетілетін қызметті алушының паролді ЭҮП-не енгізу үдерісі (авторлау үдерісі);
      3) 1 – шарт – тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) мен бизнес сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі – БСН), сонымен қатар пароль арқылы ЭҮП-да тексеру;
      4) 2-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты авторлаудан бас тарту туралы хабарламаны ЭҮП-да қалыптастыру;
      5) 3-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), сұрау салу нысанына қажетті электрондық түрдегі құжаттарды қоса беруі;
      6) 4 – үдеріс – "электрондық үкiметтiң" төлем шлюзiнде (бұдан әрі – ЭҮТШ) қызметке ақы төлеу, бұдан кейін осы ақпарат "Е-лицензиялау" веб-порталын (бұдан әрі – "Е-лицензиялау" МДБ АЖ) келіп түседі;
      7) 2- шарт – "Е-лицензиялау" МДБ АЖ- да қызметті көрсету үшін төлем дерегін тексеру;
      8) 5-үдеріс – "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да қызмет көрсету үшін төлемнің болмауына байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      9) 6-үдеріс – сұранысты куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының тіркелген ЭЦҚ куәлігін таңдау;
      10) 3-шарт – ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде оның болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасында сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін ЭҮП-да тексеру;
      11) 7-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      12) 8-үдеріс – қызметті көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерін) алушының ЭЦҚ арқылы куәландыру (қол қою);
      13) 9-үдеріс – "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да электрондық құжатты тіркеу (қызмет алушының сұранысы) және "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да сұранысты өңдеу;
      14) 4-шарт – лицензияны беру үшін қызмет беруші көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына және негіздемелеріне сәйкестігін тексеру;
      15) 10-үдеріс – "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      16) 11-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭҮП-да қалыптастырылған қызмет нәтижесін (электрондық лицензияны) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ пайдалана отырып қалыптастырылады.
      10. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі жолығу тәртібін және рәсімнің (iс-қимылдың) реттілігін сипаттау.
      1) 1-үдеріс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің мемлекеттік қызметті көрсету үшін "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-ға логин мен пароль енгізуі;
      2) 1-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің түпнұсқалығын "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да логин мен пароль арқылы тексеру;
      3) 2-үдеріс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторлаудан бас тарту туралы хабарламаны "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да қалыптастыру;
      4) 3-үдеріс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің таңдауы осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығаруы және қызмет беруші қызметкерінің қызмет алушы деректерін енгізуі;
      5) 4 – үдеріс – "электрондық үкiметтiң" шлюзi (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы "Заңды тұлғалар" мемлекеттік деректер базасына, "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базасына (бұдан әрі – ЖТ МДБ/ЗТ МДБ) көрсетілетін қызметті алушы деректеріне сұрау салу;
      6) 2-шарт – ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің болуын тексеру;
      7) 5-үдеріс – ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің расталмауына байланысты деректерді алу мүмкін болмауы туралы хабарламаны қалыптастыру;
      8) 6-үдеріс – қағаз тасығыштағы құжаттардың болуы туралы бөлігінде сұрау салу нысанын толтыруы және көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттарды сканерлеуі және оларды сұрау салу нысанына қоса беруі;
      9) 7-үдеріс – "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да сұранысты тіркеу және "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да қызметті өңдеу;
      10) 3-шарт – лицензияны беру үшін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына және негіздемелеріне сәйкестігін тексеру;
      11) 8-үдеріс – "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      12) 9-үдеріс – "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-де қалыптастырылған қызмет нәтижесін (электрондық лицензия) көрсетілетін қызмет алушының алуы. Электрондық құжат қызмет берушінің ЭЦҚ пайдалана отырып қалыптастырылады.
      11. ЭҮП және көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелердi қолдану тәртiбi осы Регламентке 1–қосымшасында ұсынылады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реті, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдары осы Регламентке 2–қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

  "Пестицидтердi (улы химикаттарды)
өндiру (формуляциялау),
пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi
(улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға
байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша

ЭҮП арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбi


Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбi


Шартты белгілер:


  "Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау),
пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi
(улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға
байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша

Лицензияны беру кезінде мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

      


Лицензияны қайта ресімдеу кезінде мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы


Лицензия телнұсқасын беру кезінде мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы


Шартты белгілер: