1. Қоса беріліп отырған "Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 50/03 "Өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысының 1-тармағының 4) тармақшасының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2772 болып тіркелген, 2014 жылғы 9 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 2 қазандағы № 175-176 (21696-21697) "Индустриальная Караганда" және 2014 жылғы 2 қазандағы № 189-190 (21824) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қарағанды облысының әкімі | Н. Әбдібеков |
| Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 68/03 қаулысымен бекітілген |
"Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органымен көрсетіледі (бұдан әрі - қызмет көрсетуші).Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының кеңсесі;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
3) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы әкімдігінің 17.06.2016 № 42/02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы әкімдігінің 17.06.2016 № 42/02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – мыналардың:
1) ағымдағы жылы және өткен жылдың 4 (төртінші) тоқсанында тыңайтқыштарды жеткізушіден және (немесе) тiкелей шетелдiк тыңайтқыштарды өндiрушiден сатып алынған тыңайтқыштарға (органикалықтарды қоспағанда) жұмсалған шығындарды өтеу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің;
2) ағымдағы жылы және өткен жылдың 4 (төртінші) тоқсанында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өткізілген тыңайтқыштардың (органикалықтарды қоспағанда) құнын арзандату үшін отандық тыңайтқыш өндірушілердің банктік шоттарына тиесілі субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ақы төлеуге төлем құжаттарын ұсыну.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 4-4/679 "Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11946 болып тіркелген) бекітілген "Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағына сәйкес белгіленген нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушымен (немесе уәкілетті өкілімен: заңды тұлғаның – өкілеттігін растайтын құжат бойынша; жеке тұлғаның - нотариалды расталған сенімхат бойынша) өтінімді ұсыну мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдар) бастауға негіздеме болып табылады.5. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны және оны орындаудың ұзақтығы:
1) қала немесе аудан ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі – бөлім) өтінімді тапсырған сәттен бастап қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады – 15 (он бес) минут. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға қабылданған күні және уақыты, өтінімді қабылдаған лауазымды адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген қолхатты беру;
2) бөлім өтінімді қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне тексереді. – 3 (үш) жұмыс күні ішінде. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының тексерілген өтінім;
3) көрсетілетін қызметті алушының өтінімін тексеру аяқталғаннан кейін бөлім өтінімді облыстың ауыл шаруашылығы басқармасына (бұдан әрі – облыс басқармасы) жібереді – 1 (бір) жұмыс күні ішінде. Нәтижесі – өтінімді облыс басқармасына жіберу;
4) облыс басқармасы көрсетілетін қызметті алушының өтінімі түскеннен кейін қазынашылықтың аумақтық бөліміне тиесілі субсидияларды аудару үшін ақы төлеуге төлем құжаттарын береді – 2 (екі) жұмыс күні ішінде. Нәтижесі – қазынашылықтың аумақтық бөліміне ақы төлеуге төлем құжаттарын беру.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілер) тізбесі:1) бөлім;
2) облыс басқармасы.
3) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері.
Ескерту. 6-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы әкімдігінің 17.06.2016 № 42/02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы:
1) бөлім өтінімді тапсырған сәттен бастап қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады – 15 (он бес) минут;
2) бөлім өтінімді қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне тексереді. – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
3) көрсетілетін қызметті алушының өтінімін тексеру аяқталғаннан кейін бөлім өтінімді облыс басқармасына жібереді – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
4) облыс басқармасы көрсетілетін қызметті алушының өтінімі түскеннен кейін қазынашылықтың аумақтық бөліміне тиесілі субсидияларды аудару үшін ақы төлеуге төлем құжаттарын береді – 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, сонымен қатар өзге көрсетілген қызмет берушілермен осы регламентке қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
Ескерту. Бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы әкімдігінің 17.06.2016 № 42/02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.9. Әрбір рәсімді (іс-қимылды) көрсете отырып, Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібін сипаттау:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияның қызметкеріне қажетті құжаттарды және өтінішті тапсырады, ол электрондық кезек ретімен "кедергісіз" қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы толық құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік копрорация қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартады және мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4 қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;
2) 1-процесс – қызмет көрсету үшін Мемлекеттік корпорация қызметкері Ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің Автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – МК ЫАЖ АЖО) логин мен парольді енгізуі (авторизациялау процесі);
3) 2-процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің қызметті таңдауы, экранға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау нысанын шығаруы және Мемлекеттік корпорация қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушының деректерін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхат бойынша (нотариалды түрде куәландырылған сенім хат болған жағдайда) деректерін енгізуі;
4) 3-процесс – электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы жеке тұлғалар мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы, сондай-ақ Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйеге (бұдан әрі – БНАЖ) – көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхат деректері туралы сұрауды жіберу;
5) 1-шарт – көрсетілетін қызметті алушы деректерінің (жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес- сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН/БСН) - ЖТ МДҚ-да және сенімхат деректерінің БНАЖ-да бар болуын тексеру;
6) 4-процесс – ЖТ МДҚ-да (ЖСН/БСН) көрсетілетін қызметті алушы деректерінің және БНАЖ-да сенім хат деректерінің болмауына байланысты деректерді алу мүмкін болмауы туралы хабарламаны қалыптастыру;
7) 5-процесс – ЭҮШ арқылы өңірлік электрондық үкімет шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ӨЭҮШ АЖО) Орталық қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) жіберу.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы әкімдігінің 17.06.2016 № 42/02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
| "Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша |