"Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Қарағанды облысының әкімдігінің 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 56/03 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 26 қазанда № 3458 болып тіркелді

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-3/423 "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11705 болып тіркелген) сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 50/03 "Өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2772 болып тіркелген, 2014 жылғы 9 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 2 қыркүйектегі № 175-176 (21696-21697) "Индустриальная Караганда" және 2014 жылғы 2 қыркүйектегі № 189-190 (21824) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Қарағанды облысының әкімі Н. Әбдібеков

  Қарағанды облысы әкімдігінің
2015 жылғы 23 қыркүйек
№ 56/03 қаулысымен бекітілді

"Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қарағанды облысының қалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсыну.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.
       Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімді (қызметті) бастауға қызмет алушының (сенімхат бойынша өкіл) бекітілген нысан бойынша өтінім және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 06 мамырдағы № 4-3/423 бұйрығымен бекітілген "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" (бұдан әрі – Стандарт), "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9 тармағымен қарастырылған құжаттар және белгіленген нысан бойынша өтінімді көрсетілетін қызметті алушымен (не оның сенімхат бойынша өкілімен) беру мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдар) бастауға негіздеме болып табылады.
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үрдісі құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны және олардың орындалу ұзақтығы:
      1) қала және аудан бойынша ауылшаруашылық бөлімі (бұдан әрі – бөлім) көрсетілетін қызмет алушының құжаттарды тапсыру кезінен бастап оларды қабылдау мен тіркеуді жүзеге асырады – 15 (он бес) минуттан аспайды. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға қабылданған күні және уақыты, өтінімді қабылдаған лауазымды адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талонды беру;
      2) бөлім өтiнiмдер мен құжаттарды алғаннан кейiн олардың толықтығын тексередi және ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – ВАК) қарауына енгiзедi – 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде Нәтижесі – көрсетілетін қызмет алушының тексерілген құжаттары;
      3) ВАК бөлiм ұсынған құжаттарды қарап, субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар алуға үмiткер ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер (бұдан әрі – АШТӨ) тiзiмiн жасайды – 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде. Нәтижесі – АШТӨ тізімі;
      4) бөлiм егістің белгіленген оңтайлы мерзімі аяқталған соң өскiндердiң болуын, сондай-ақ ауыспалы егісте танаптардың орналасу картасында (сызбасында) көрсетілген ауыспалы егістердің сақталуын шолып тексеру мақсатында екi апта мерзiмде ВАК-нiң (келісім бойынша) АШТӨ-дің шаруашылықтарына шығуын ұйымдастырады. Нәтижесі – өскiндердiң болуын шолып тексеру;
      5) тексеру қорытындылары бойынша ВАК өткен жылғы күздiк дақылдарды (қыстап шыққаннан кейін) және көп жылдық шөптерді қоса, АШТӨ-дің егiстiктері мен екпелерін қабылдау актiсiн (бұдан әрi – қабылдау актiсi) жасайды және оны әкімнің бекітуіне жолдайды – 3 (үш) жұмыс күні iшiнде. Нәтижесі – АШТӨ-дің қабылдау актісін әкімнің бекітуіне жолдау;
      6) әкім АШТӨ-дің қабылдау актісін қарастырады және бекітеді – 3 (үш) жұмыс күні ішінде. Нәтижесі – бекітілген АШТӨ-дің қабылдау актісі;
      7) ВАК қабылдау актiсi және АШТӨ бөлiмге ұсынған құжаттардың негiзiнде егiстiктi соңғы қабылдау жүргiзiлгеннен кейiн 5 (бес) жұмыс күні iшiнде тiзiм жасайды және оны әкімнің бекітуіне жолдайды. Нәтижесі - АШТӨ-дің тізімін әкімнің бекітуіне жолдау;
      8) әкім АШТӨ-дің тізімін қарастырады және бекітеді – 2 (үш) жұмыс күні ішінде. Нәтижесі – бекітілген АШТӨ-дің тізімі;
      9) бөлiм Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасына (басқарма) әкiм бекіткен субсидиялар алуға арналған тізімін, қабылдау актiлерiн және қазынашылық органдарына ұсыну үшін нөмiрi көрсетiлген банктiк шоттың бары туралы екінші деңгейдегі банк, ұлттық почта операторы анықтамасын ұсынады – 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде. Нәтижесі – басқармаға құжаттар ұсынылады;
      10) басқарма АШТӨ-дің жиынтық тізілімін құрастырады, бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомості мен төлем шоттарын қалыптастырады және аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсынады – 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде. Нәтижесі - төлем шоттарының тізілімі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет үрдісiне қатысатын қызмет берушінің (қызметкерлер) құрылымдық бөлiмшелерiнің тiзбесі:
      1) бөлім;
      2) ВАК;
      3) әкім;
      4) басқарма.
      7. Құрылымдық бөлiмшелер (жұмыскерлер) арасындағы әр рәсiмнің (iс-әрекеттің) ұзақтығы нұсқауымен рәсiмдер (iс-әрекеттер) тiзбегінiң сипаттамасы:
      1) қала және аудан бойынша ауылшаруашылық бөлімі (бұдан әрі – бөлім) көрсетілетін қызмет алушының құжаттарды тапсыру кезінен бастап оларды қабылдау мен тіркеуді жүзеге асырады – 15 (он бес) минуттан аспайды;
      2) бөлім өтiнiмдер мен құжаттарды алғаннан кейiн олардың толықтығын тексередi және ВАК қарауына енгiзедi – 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде;
      3) ВАК бөлiм ұсынған құжаттарды қарап, субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар алуға үмiткер АШТӨ тiзiмiн жасайды – 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде;
      4) бөлiм егістің белгіленген оңтайлы мерзімі аяқталған соң өскiндердiң болуын, сондай-ақ ауыспалы егісте танаптардың орналасу картасында (сызбасында) көрсетілген ауыспалы егістердің сақталуын шолып тексеру мақсатында екi апта мерзiмде ВАК-нiң (келісім бойынша) АШТӨ-дің шаруашылықтарына шығуын ұйымдастырады;
      5) тексеру қорытындылары бойынша ВАК өткен жылғы күздiк дақылдарды (қыстап шыққаннан кейін) және көп жылдық шөптерді қоса, АШТӨ-дің қабылдау актiсiн жасайды және оны әкімнің бекітуіне жолдайды – 3 (үш) жұмыс күні iшiнде;
      6) әкім АШТӨ-дің қабылдау актісін қарастырады және бекітеді – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      7) ВАК қабылдау актiсi және АШТӨ бөлiмге ұсынған құжаттардың негiзiнде егiстiктi соңғы қабылдау жүргiзiлгеннен кейiн 5 (бес) жұмыс күні iшiнде тiзiм жасайды және оны әкімнің бекітуіне жолдайды;
      8) әкім АШТӨ-дің тізімін қарастырады және бекітеді – 2 (үш) жұмыс күні ішінде;
      9) бөлiм Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасына (басқарма) әкiм бекіткен субсидиялар алуға арналған тізімін, қабылдау актiлерiн және қазынашылық органдарына ұсыну үшін нөмiрi көрсетiлген банктiк шоттың бары туралы екінші деңгейдегі банк, ұлттық почта операторы анықтамасын ұсынады – 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде;
      10) басқарма АШТӨ-дің жиынтық тізілімін құрастырады, бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомості мен төлем шоттарын қалыптастырады және аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсынады – 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде.
      8. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет үрдісiндегі қызмет берушінің құрылымдық бөлiмшелерінiң (жұмыскерлерінің) өзара iс-әрекеті рәсiмдер (iс-әрекеттер) тiзбегінiң толық сипаттамасы, сонымен бiрге өзге қызмет берушілердің өзара iс-әрекеттер тәртiбiнің сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттiк көрсетілетін қызмет бизнес-үрдістерінің нұсқауында көрсетілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      9. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілмейді.

  "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы
  өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының
және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi
басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы


            Шартты белгілер: