Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 53/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 14 қазанда № 3445 болып тіркелді.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-2/416 "Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11777 болып тіркелген) сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) "Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      2) "Бiрегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткізушілерді аттестаттау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 22 қыркүйектегі № 49/01 "Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2771 болып тіркелген, 2014 жылғы 9 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 173-174 (21694-21695) "Индустриальная Караганда" газетінде және 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 187-188 (21822) "Орталық Қазақстан" газетінде жарияланған), 2014 жылғы 29 шілдедегі № 40/06 "Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2726 болып тіркелген, 2014 жылғы 8 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 9 қыркүйектегі № 157-158 (21678-21679) "Индустриальная Караганда" газетінде және 2014 жылғы 9 қыркүйектегі № 171-172 (21806) "Орталық Қазақстан" газетінде жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Н. Әбдібеков

  Қарағанды облысы әкімдігінің
2015 жылғы 15 қыркүйек
№ 53/01 қаулысымен бекітілді

"Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.e.gov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – аттестаттау туралы куәлік.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-2/416 "Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11777 болып тіркелген) бекітілген "Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көрсетілген қосымша құжаттармен өтінішті немесе электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды беру мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдар) бастауға негіздеме болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      1) өтініш қызмет берушінің кеңсесіне беріледі, тіркеу нөмірі және күні беріле отырып тіркеледі, содан кейін қызмет берушінің бірінші басшысына беріледі – 15 (он бес) минуттан көп емес. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттар топтамасын қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, тіркеу туралы белгі қойылған өтініш көшірмесін беру;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушының өтінішін жауапты орындаушыға береді – 15 (он бес) минут. Нәтижесі – орындау үшін көрсетілетін қызмет беруші басшысының қолы қойылған тіркелген құжат;
      3) жауапты орындаушы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және құжаттарды аттестаттау комиссияның қарастыруына ұсынады. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда өтінішті әрі қарай қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды дайындайды – 1 (бір) жұмыс күні. Нәтижесі – аттестаттау комиссияның қарастыруына құжаттарды ұсыну немесе әрі қарай қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды дайындайды;
      4) аттестаттау комиссия ұсынылған құжаттарды қарастырады және тиісті жерге бару арқылы заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлiмшенің талаптарға сәйкестiгіне тексеру жүргізеді - 12 (он екі) жұмыс күні. Нәтижесі – заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлiмшенің тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларға қойылатын талаптарға сәйкестiгіне тексеру актісін (бұдан әрі – тексеру актісі) жасау;
      5) аттестаттау комиссия құжаттарды, сондай-ақ тексеру актісін қарау қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті алушыға тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана мәртебесін беру не бас тарту туралы шешім қабылдайды, ол хаттамамен ресімделеді және оған комиссияның барлық қатысушы мүшелері қол қояды – 2 (екі) жұмыс күні. Нәтижесі – хаттаманы ресімдеу;
      6) аттестаттау комиссияның көрсетілетін қызметті алушыға тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана мәртебесін беру туралы шешімі негізінде жауапты орындаушы жергілікті атқарушы орган қаулысының тиісті жобасын дайындайды – 2 (екі) жұмыс күні ішінде. Нәтижесі – жергілікті атқарушы органның қаулысының жобасы;
      7) жергілікті атқарушы органның қаулысын бекітілгеннен кейiн басшы аттестаттау туралы куәлікке қол қояды, мөрмен растайды – 1 (бір) жұмыс күні. Нәтижесі – қол қойылған аттестаттау туралы куәлікті кеңсеге жібереді;
      8) кеңсе аттестаттау туралы куәлікті көрсетілетін қызметті алушыға береді – 15 (он бес) минут. Нәтижесі – аттестаттау туралы куәлікті көрсетілетін қызметті алушыға беру.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызмет берушінің, құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) жауапты орындаушы;
      4) аттестаттау комиссиясы.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) реттілігінің сипаттамасы:
      1) өтініш қызмет берушінің кеңсесіне беріледі, тіркеу нөмірі және күні беріле отырып тіркеледі, содан кейін қызмет берушінің бірінші басшысына беріледі – 15 (он бес) минуттан көп емес;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушының өтінішін жауапты орындаушыға береді – 15 (он бес) минут;
      3) жауапты орындаушы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және құжаттарды аттестаттау комиссияның қарастыруына ұсынады. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда өтінішті әрі қарай қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды дайындайды – 1 (бір) жұмыс күні;
      4) аттестаттау комиссия ұсынылған құжаттарды қарастырады және тиісті жерге бару арқылы заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлiмшенің талаптарға сәйкестiгіне тексеру жүргізеді - 12 (он екі) жұмыс күні;
      5) аттестаттау комиссия құжаттарды, сондай-ақ тексеру актілерін қарау қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті алушыға тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана мәртебесін беру не бас тарту туралы шешім қабылдайды, ол хаттамамен ресімделеді және оған комиссияның барлық қатысушы мүшелері қол қояды – 2 (екі) жұмыс күні;
      6) аттестаттау комиссияның көрсетілетін қызметті алушыға тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана мәртебесін беру туралы шешімі негізінде жауапты орындаушы жергілікті атқарушы орган қаулысының тиісті жобасын дайындайды – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
      7) жергілікті атқарушы органның қаулысын бекітілгеннен кейiн басшы аттестаттау туралы куәлікке қол қояды, мөрмен растайды – 1 (бір) жұмыс күні;
      8) кеңсе аттестаттау туралы куәлікті көрсетілетін қызметті алушыға береді – 15 (он бес) минут.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      8. ЭҮП арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібін және рәсімнің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталып тұратын электрондық цифрлық қолтанбаның (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеу куәлігінің көмегімен порталға тіркелуді жүзеге асырады (ЭҮП тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушы үшін жүзеге асырылады);
      2) 1-процесс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузеріне ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, көрсетілетін қызметті алушының паролін ЭҮП енгізу процесі (авторизациялау процесі);
      3) 1-шарт – ЭҮП бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) логині мен пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын тексеру;
      4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде кемшіліктердің болуына байланысты ЭҮП авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін сұраныс нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен үлгілік талаптарын ескере, сұраныс нысанына қажетті құжаттарды электронды түрде жалғай отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі);
      6) 4-процесс – сұранысты куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдайды;
      7) 2-шарт – ЭҮП ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сұраныста көрсетілген БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген БСН арасында сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру;
      8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      9) 6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге сұраныстың толтырылған нысанын (енгізілген деректерін) куәландыру (қол қою);
      10) 7-процесс – электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұранысы) "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер қоры ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ) тіркеу және "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да сұранысты өңдеу;
      11) 3-шарт – көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының аттестаттау туралы куәлікті беру үшін талаптар мен негіздемелерге сәйкестігін тексеру;
      12) 8-процесс – "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінде кемшіліктердің болуына байланысты сұратылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      13) 9-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭҮП қалыптастырылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін (аттестаттау туралы электрондық куәлік) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ пайдалану арқылы қалыптастырылады.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған графикалық нысандағы ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы регламенттiң 1–қосымшасында ұсынылады.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 2–қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

  "Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі
  зертханаларды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
  регламентіне 1-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған графикалық нысандағы ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы

     


      Шартты белгілер:
     


  "Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі
  зертханаларды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
  регламентіне 2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы


      Шартты белгілер:
     


  Қарағанды облысы әкімдігінің
2015 жылғы 15 қыркүйек
№ 53/01 қаулысымен бекітілді

"Бiрегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткізушілерді аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Бiрегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткізушілерді аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады
      3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.e.gov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы әкімдігінің 17.06.2016 № 42/02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – аттестаттау туралы куәлік немесе Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-2/416 "Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11777 болып тіркелген) бекітілген "Бірегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткізушілерді аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 10-1-тармағында көрсетілген негіздер бойынша дәлелді бас тарту болып табылады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы әкімдігінің 24.07.2018 № 37/01 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қосымша құжаттармен көрсетілетін қызметті алушымен (не оның сенімхат бойынша өкілі) өтінішті беру мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдар) бастауға негіздеме болып табылады.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы әкімдігінің 24.07.2018 № 37/01 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

      1) өтініш көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне беріледі, тіркеу нөмірі және күні беріле отырып тіркеледі, содан кейін қызмет берушінің бірінші басшысына беріледі – 15 (он бес) минуттан көп емес. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттар топтамасын қабылданған күні мен уақыты, қабылдаған жауапты тұлғаның тегі, аты, жөні, көрсетіле отырып, тіркеу туралы белгі қойылған өтініш көшірмесін беру;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушының өтінішін жауапты орындаушыға береді – 15 (он бес) минут. Нәтижесі – орындау үшін көрсетілетін қызмет беруші басшысының қолы қойылған тіркелген құжат;

      3) жауапты орындаушы құжаттарды аттестаттау комиссияның қарастыруына ұсынады – 15 (он бес) минут. Нәтижесі – құжаттарды аттестаттау комиссияның қарастыруына ұсыну;

      4) аттестаттау комиссиясы 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді түрде бас тартады. Нәтижесі – құжаттардың толық топтамасы бар болуы немесе әрі қарай қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды ұсыну.

      Аттестаттау комиссиясы 8 (сегіз) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жергілікті жерге бара отырып, көрсетілетін қызметті алушының талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізеді. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының талаптарға сәйкестігіне тексеру.Көрсетілетін қызметті алушының тексеру нәтижелері бойынша аттестаттау комиссиясы 1 (бір) жұмыс күні ішінде бiрегей тұқымдар өндiрушлерге, элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарына, тұқым өсіру шаруашылықтарына, тұқым өткізушірге қойылатын талаптарға сәйкестігіне тексеру актісін екі данада жасайды. Бір данасы комиссияда қалады, екіншісі өтініш берушіге беріледі. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының бiрегей тұқымдар өндiрушлерге, элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарына, тұқым өсіру шаруашылықтарына, тұқым өткізушірге қойылатын талаптарға сәйкестігіне тексеру актісі.

      Тексеру актілерін қарау қорытындысы бойынша 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға аттестаттау туралы куәлікті беру не аттестаттау туралы куәлікті беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды, ол хаттамамен ресімделеді және оған комиссияның барлық мүшелері қол қояды.Нәтижесі – хаттаманы ресімдеу;

      5) комиссияның аттестаттау туралы куәлікті беру туралы шешімі негізінде жауапты орындаушы 5 (бес) жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы орган қаулысының тиісті жобасын дайындайды, ол бекітілгеннен кейiн көрсетілетін қызмет беруші өтініш берушіге аттестаттау туралы куәлік береді. Нәтижесі – аттестаттау туралы куәлікті көрсетілетін қызметті алушыға беру.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы әкімдігінің 24.07.2018 № 37/01 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызмет берушілердің, құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) жауапты орындаушы;
      4) аттестаттау комиссия.

      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) реттілігінің сипаттамасы:

      1) өтініш көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне беріледі, тіркеу нөмірі және күні беріле отырып тіркеледі, содан кейін қызмет берушінің бірінші басшысына беріледі – 15 (он бес) минуттан көп емес;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушының өтінішін жауапты орындаушыға береді – 15 (он бес) минут;

      3) жауапты орындаушы құжаттарды аттестаттау комиссияның қарастыруына ұсынады – 15 (он бес) минут;

      4) аттестаттау комиссиясы 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді түрде бас тартады.

      Аттестаттау комиссиясы 8 (сегіз) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жергілікті жерге бара отырып, көрсетілетін қызметті алушының талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізеді.Көрсетілетін қызметті алушының тексеру нәтижелері бойынша аттестаттау комиссиясы 1 (бір) жұмыс күні ішінде бiрегей тұқымдар өндiрушлерге, элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарына, тұқым өсіру шаруашылықтарына, тұқым өткізушірге қойылатын талаптарға сәйкестігіне тексеру актісін екі данада жасайды. Бір данасы комиссияда қалады, екіншісі өтініш берушіге беріледі.

      Тексеру актілерін қарау қорытындысы бойынша 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға аттестаттау туралы куәлікті беру не аттестаттау туралы куәлікті беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды, ол хаттамамен ресімделеді және оған комиссияның барлық мүшелері қол қояды;

      5) комиссияның аттестаттау туралы куәлікті беру туралы шешімі негізінде жауапты орындаушы 5 (бес) жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы орган қаулысының тиісті жобасын дайындайды, ол бекітілгеннен кейiн көрсетілетін қызмет беруші өтініш берушіге аттестаттау туралы куәлік береді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы әкімдігінің 24.07.2018 № 37/01 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      Ескерту. Бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы әкімдігінің 17.06.2016 № 42/02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      8. Мемлекеттік корпорациясына үндеу тәртібін сипаттау, көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын өндеу ұзақтығы:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға қажетті құжаттарды және стандарттың 2-қосымшасына сәйкес өтінішті тапсырады, ол "электрондық" кезек тәртібімен, жеделдетіп қызмет көрсетусіз операциялық залда жүзеге асырылады (2 (екі) минут ішінде);

      2) 1-үдеріс – қызмет көрсету үшін Мемлекеттік корпорация қызметкері Мемлекеттік корпорациясының ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі –ЫАЖ АЖО) логин мен парольді (авторизациялау үдерісі) енгізу (1 (бір) минут ішінде);

      3) 2-үдеріс –Мемлекеттік корпорациясы қызметкерімен қызметті таңдау, экранға қызметті көрсету үшін сұраныс нысанын шығару және Мемлекеттік корпорациясы қызметкерімен көрсетілетін қызметті алушының деректерін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенім хат бойынша (нотариалды куәләндырылған сенім хат болған жағдайда, басқа куәләндырылған сенім хатының мәліметтері толтырылмайды) деректерді енгізу (2 (екі) минут ішінде);

      4) 3-үдеріс – электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы жеке тұлғалар мемлекеттік деректер қорына/заңды тұлғалар мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі – ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы, сонымен бірге Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - БНАЖ) – көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенім хат деректері туралы сұраныс жолдау (2 (екі) минут ішінде);

      5) 1-шарт – көрсетілетін қызметті алушының деректерінің ЖТ МДҚ/ ЗТ МДҚ және БНАЖ сенім хат деректерінің бар жоғын тексеру (1 (бір) минут ішінде);

      6) 4-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ және сенім хаттың БНАЖ деректерінің болмауына байланысты, деректер алуға мүмкіншіліктің жоқтығы туралы хабарламаны қалыптастыру (2 (екі) минут ішінде);

      7) 5-үдеріс – ЭҮШ арқылы электрондық үкіметінің аумақтық шлюзі ақпараттық жұмыс орнына (бұдан әрі – ЭҮАШ АЖО) "Мемлекеттік корпорациясы қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәләндырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұранысын) жолдау (2 (екі) минут ішінде);

      8) 6-үдеріс – ЭҮАШ АЖО электрондық құжатты тіркеу (2 (екі) минут ішінде);

      9) 2-шарт – көрсетілетін қызметті берушімен қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушымен қоса берілген стандартта көрсетілген құжаттардың сәйкестігін және негіздемелерін тексеру (өңдеу) (2 (екі) минут ішінде);

      10) 7-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтардың болғандығына байланысты, сұратылып отырған қызметтен бас тарту жөнінде хабарламаны қалыптастыру (2 (екі) минут ішінде);

      11) 8-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушымен Мемлекеттік корпорация қызметкері арқылы ЭҮАШ АЖО қалыптастырылған қызметтің нәтижесін (жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама) алу (2 (екі) минут ішінде).
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы әкімдігінің 17.06.2016 № 42/02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      9. ЭҮП арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті алушының тәртібін және рәсімнің (iс-қимылдың) реттілігін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталып тұратын электрондық цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеу куәлігінің көмегімен ЭҮП-да тіркелуді жүзеге асырады (ЭҮП-да тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
      2) 1-процесс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузеріне ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, көрсетілетін қызметті алушының паролін ЭҮП-на енгізу процесі (авторизациялау процесі);
      3) 1-шарт – ЭҮП-да бизнес-сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – БСН) логині мен пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын тексеру;
      4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде кемшіліктердің болуына байланысты ЭҮП-мен авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін сұраныс нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен үлгілік талаптарын ескере, сұраныс нысанына қажетті құжаттарды электронды түрде жалғай отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі);
      6) 4-процесс – сұранысты куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдайды;
      7) 2-шарт – ЭҮП-да ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сұраныста көрсетілген БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген БСН арасында сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру;
      8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      9) 6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге сұраныстың толтырылған нысанын (енгізілген деректерін) куәландыру (қол қою);
      10) 7-процесс – электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұранысы) "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер қоры ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ) тіркеу және "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да сұранысты өңдеу;
      11) 3-шарт – көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының аттестаттау туралы куәлікті беру үшін талаптар мен негіздемелерге сәйкестігін тексеру;
      12) 8-процесс – "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінде кемшіліктердің болуына байланысты сұратылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      13) 9-процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталда қалыптастырылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін (аттестаттау туралы электрондық куәлік) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ пайдалану арқылы қалыптастырылады.
      10. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде іске қосылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл ету диаграммасы осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес графикалық нысанда келтірілген.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, сонымен қатар өзге көрсетілген қызмет берушілермен халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

  "Бiрегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi,
  екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқым өндiрушiлердi,
  тұқым өткізушілерді аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін
  қызмет регламентіне 1-қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде іске қосылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл ету диаграммасы

     


  "Бiрегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi,
  екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқым өндiрушiлердi,
  тұқым өткізушілерді аттестаттау" мемлекеттік
  көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы әкімдігінің 24.07.2018 № 37/01 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.