Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2013 жылғы 15 сәуірдегі " Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 4-1/428 "Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11432 болып тіркелген) сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 50/03 "Өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2772 болып тіркелген, 2014 жылғы 9 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 2 қазандағы № 175-176 (21696-21697) "Индустриальная Караганда" және 2014 жылғы 2 қазандағы № 189-190 (21824) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
4. Осы каулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі | Н. Әбдібеков |
Қарағанды облысы әкімдігінің | |
2015 жылғы 15 қыркүйек | |
№ 53/02 қаулысымен бекітілді |
"Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы әкімдігінің 17.06.2016 № 42/02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі субсидияларды одан әрі аудару үшін қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне төлем құжаттарын ұсыну.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 8 мамырдағы "Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" № 4-1/428 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11432 болып тіркелген) бекітілген "Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды және белгіленген нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушымен өтініш беру мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдар) бастауға негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) қала және аудан бойынша ауылшаруашылық бөлімі (бұдан әрі – бөлім) көрсетілетін қызмет алушының құжаттарды тапсыру кезінен бастап оларды қабылдау мен тіркеуді жүзеге асырады – 15 (он бес) минуттан аспайды. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттар топтамасын қабылданған күні мен уақыты, қабылдаған жауапты тұлғаның тегі, аты, жөні, көрсетіле отырып, тіркеу туралы белгі қойылған өтініш көшірмесін беру;
2) бөлiм өтiнiмдер мен құжаттарды алғаннан кейiн 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде олардың толықтығын тексередi. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, өтінім мен құжаттар 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға пысықтауға қайтарылады. Нәтижесі – көрсетілетін мемлекеттік қызмет алушының тексерілген құжаттары.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушы ұсынған құжаттардың негiзiнде 5 (бес) жұмыс күні iшiнде субсидиялар алуға арналған тiзiмдi жасайды және облыстың ауыл шаруашылығы басқармасына (бұдан әрі – басқарма) субсидиялар алуға арналған тізімді ұсынады. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыны субсидиялар алуға арналған тізімге енгізуден бас тартқан жағдайда, 2 (екi) жұмыс күнi iшiнде бөлiм көрсетілетін мемлекеттік қызмет алушыға бас тарту себептерін көрсете отырып, тиiстi анықтама береді. Нәтижесі – көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушылардың тізімін басқармаға жолдау немесе көрсетілетін мемлекеттік қызмет алушыға бас тарту себептерін көрсете отырып, тиiстi анықтама беру;
3) басқарма ұсынылған құжаттардың сәйкестiгiн тексередi және 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде көрсетілетін мемлекеттік қызмет алушыларға бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомості және төлем шоттарын қалыптастырады. Нәтижесі – бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомості және төлем шоттарын қалыптастыру.
Төлем жүргізген кезде басқарма аумақтық қазынашылық бөлімшесіне қағаз тасығышта ұсынған жағдайда, екі данада төлем шоттарын қоса бере отырып, төлем шоттарының тізілімін ұсынады, ал төлем шоттарын "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі арқылы жүргізген кезде, төлем шоттарының тізілімдері ұсынылмайды. Нәтижесі - төлем шоттарының тізілімін ұсыну.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы әкімдігінің 24.07.2018 № 37/01 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) тізбесі:
1) бөлім;
2) алынып тасталды - Қарағанды облысы әкімдігінің 24.07.2018 № 37/01 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен;3) алынып тасталды - Қарағанды облысы әкімдігінің 24.07.2018 № 37/01 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен;
4) басқарма.
5) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері.
Ескерту. 6-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы әкімдігінің 17.06.2016 № 42/02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 24.07.2018 № 37/01 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы:
1) бөлім көрсетілетін қызмет алушының құжаттарды тапсыру кезінен бастап оларды қабылдау мен тіркеуді жүзеге асырады – 15 (он бес) минуттан аспайды;
2) бөлiм өтiнiмдер мен құжаттарды алғаннан кейiн 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде олардың толықтығын тексередi. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, өтінім мен құжаттар 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға пысықтауға қайтарылады.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушы ұсынған құжаттардың негiзiнде 5 (бес) жұмыс күні iшiнде субсидиялар алуға арналған тiзiмдi жасайды және басқармаға субсидиялар алуға арналған тізімді ұсынады. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыны субсидиялар алуға арналған тізімге енгізуден бас тартқан жағдайда, 2 (екi) жұмыс күнi iшiнде бөлiм көрсетілетін мемлекеттік қызмет алушыға бас тарту себептерін көрсете отырып, тиiстi анықтама береді;
3) басқарма ұсынылған құжаттардың сәйкестiгiн тексередi және 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде көрсетілетін мемлекеттік қызмет алушыларға бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомості және төлем шоттарын қалыптастырады.
Төлем жүргізген кезде басқарма аумақтық қазынашылық бөлімшесіне қағаз тасығышта ұсынған жағдайда, екі данада төлем шоттарын қоса бере отырып, төлем шоттарының тізілімін ұсынады, ал төлем шоттарын "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі арқылы жүргізген кезде, төлем шоттарының тізілімдері ұсынылмайды.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы әкімдігінің 24.07.2018 № 37/01 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.8. Рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасына сәйкес блок-схемамен сүйемелденеді.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, сонымен қатар өзге көрсетілген қызмет берушілермен осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
Ескерту. Бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы әкімдігінің 17.06.2016 № 42/02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
10. Әрбір рәсімді (іс-қимылды) көрсете отырып Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібін сипаттау:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияның қызметкеріне қажетті құжаттарды және өтінішті тапсырады, ол электрондық кезек ретімен "кедергісіз" қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы толық құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік копрорация қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартады және мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;
2) 1-процесс – қызмет көрсету үшін Мемлекеттік корпорация қызметкері Ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің Автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – МК ЫАЖ АЖО) логин мен парольді енгізуі (авторизациялау процесі);
3) 2-процесс – Мемлекеттік корпорация операторының қызметкерінің қызметті таңдауы, экранға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау нысанын шығаруы және Мемлекеттік корпорация қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушының деректерін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхат бойынша (нотариалды түрде куәландырылған сенім хат болған жағдайда) деректерін енгізуі;
4) 3-процесс – электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы жеке тұлғалар мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы, сондай-ақ Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйеге (бұдан әрі – БНАЖ) – көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхат деректері туралы сұрауды жіберу;
5) 1-шарт – көрсетілетін қызметті алушы деректерінің (жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес- сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН/БСН) - ЖТ МДҚ-да және сенімхат деректерінің БНАЖ-да бар болуын тексеру;
6) 4-процесс – ЖТ МДҚ-да (ЖСН/БСН) көрсетілетін қызметті алушы деректерінің және БНАЖ-да сенім хат деректерінің болмауына байланысты деректерді алу мүмкін болмауы туралы хабарламаны қалыптастыру;
7) 5-процесс – ЭҮШ арқылы өңірлік электрондық үкімет шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ӨЭҮШ АЖО) Орталық қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) жіберу.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы әкімдігінің 17.06.2016 № 42/02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен."Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау" | |
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне | |
1-қосымша |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы әкімдігінің 24.07.2018 № 37/01 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
"Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған | |
топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау" | |
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне | |
2-қосымша |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Ескерту. 2-қосымша алынып тасталды - Қарағанды облысы әкімдігінің 24.07.2018 № 37/01 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.