Техникалық және кәсіптік білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Қарағанды облысының әкімдігінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 34/19 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 шілдеде № 3356 болып тіркелді

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі "Техникалық және кәсіптік білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" № 200 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11220 болып тіркелген) сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген:
      1) "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарға құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      2) "Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      3) "Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телңұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Н. Әбдібеков

  Қарағанды облысы әкімдігінің
2015 жылғы 23 маусымдағы
№ 34/19 қаулысымен бекітілген

"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарға құжаттар қабылдау" көрсетілетін мемлекеттік қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарға құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      Өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру техникалық және кәсіптік білім беру оқу орнының кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің түрі: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 200 "Техникалық және кәсіптік білім беру саласында мемлекеттік көрсетілген қызметтер стандарттарын бекіту туралы" (нормативтік-құқықтық актілерді меммлекеттік тіркеу Тізімінде № 11220 тіркелді) бұйрығымен бекітілген "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарға құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің стандартқа 1-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі - Стандарт) құжаттар қабылдау туралы қолхат.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде қызметті берушінің (қызметкерлері) құрылымдық бөлімшелерінің іс-қимылдар тәртібін сипаттау

      4. Қабылдау туралы қажетті құжаттар пакетінің (бұдан әрі – құжаттар пакеті) ұсынуы (іс-әрекеттің) стандарттың 9 тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімінің басталуы үшін негіздеме болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, оның орындалу ұзақтылығы:
      1) көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды қабылдауды, тексеруді жүзеге асырады. Құжаттар топтамасы толық болмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады 5 (бес) минуттан артық емес;
      2) көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысы "Оқуға түсушілер санын тіркеу кітабына" өтінішті тіркейді, оқуға түсушінің жеке іс қағазын қалыптастыра отырып құжаттарды тігеді және стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттар қабылдау туралы қолхат береді 10 (он) минуттан артық емес.
      6. Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 1 іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процедурасының (іс-қимылының) нәтижесі қабылдау комиссиясы қызметкерінің құжаттарды қабылдауы болып табылады. Қабылдау комиссиясы қызметкерімен қабылданған құжаттар топтамасы осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 2 іс-қимылды бастау үшін негіз болып табылады. Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орнына құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 2 іс-қимыл нәтижесі болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде қызметті берушінің (қызметкерлері) құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимылдар тәртібін сипаттау

      7. Көрсетілетін қызмет берушінің мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысы.
      8. Әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-әрекеттердің) реттілігін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды қабылдауды, тексеруді жүзеге асырады. Құжаттар топтамасы толық болмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады 5 (бес) минуттан артық емес;
      2) көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысы "Оқуға түсушілер санын тіркеу кітабына" өтінішті тіркейді, оқуға түсушінің жеке іс қағазын қалыптастыра отырып құжаттарды тігеді және стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттар қабылдау туралы қолхат береді 10 (он) минуттан артық емес.
      9. Көрсетілетін қызмет берушінің мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара (іс-әрекет) тәртібін жан-жақты сипаттау осы регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-үдерісінің анықтамалығында көрсетіледі.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау бөлімдерінен тұрады.

      10. Мемлекеттік қызмет Стандартқа сәйкес автоматтандырылмаған және халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілмейді.

  "Техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейін білім беру
ұйымдарына құжаттар
қабылдау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша

"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейін білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет бизнес үдерісінің анықтамалығы


      *ҚФБ       - құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталықтарының, "электрондық үкімет" веб-порталының өзара іс-қымылдары;


  Қарағанды облысы әкімдігінің
2015 жылғы 23 маусымдағы
№ 34/19 қаулысымен бекітілген

"Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жатақханасы бар техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру қызметілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - "Техникалық және кәсіптік білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 200 бұйрықпен бекітілген "Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақханаға жолдама беру болып табылады (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тірке – тізілімінде тіркелген № 11220) (бұдан әрі - Стандарт).

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде қызметті берушінің (қызметкерлері) құрылымдық бөлімшелерінің іс-қимылдар тәртібін сипаттау.

      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша рәсiмдi (iс-қимылды) бастауға Стандарттың 2 қосымшасында белгіленген нысан бойынша өтiнiштiң болуы негiздеме болып табылады, стандарттың 9 тармағына сәйкес (бұдан әрі – құжаттар топтамасы).
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына енетін әрбір іс-қимылдардың мазмұны, олардың жүргізілу уақыты:
      1) стандарттың 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша берілген өтінішті қажетті құжаттар қосымшасымен қызметті алушы қызметті берушіге өткізу, ең ұзақ уақыт 15 (он бес) минут ішінде;
      2) қызметті берушінің жауапты қызметкері құжаттарды қабылдау, тексеру, тіркеуді жүргізеді және қызметті берушінің алқа органына ұсынады. Құжаттар топтамасы толық болмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады, ең ұзақ уақыт 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
      3) қызметті берушінің алқа органы түскен құжаттарды қарау және мемлекеттік қызметті көрсетуге шешім шығару немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру, ең ұзақ уақыт 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
      4) алқа органы оң шешім қабылдағаннан кейін қызметті берушінің жауапты қызметкерінің құжаттарды қызметті беруші басшының қол қоюы үшін жолдауы, ең ұзақ уақыт 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
      5) қызметті беруші басшы жолдамаға немесе бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою, ең ұзақ уақыт 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
      6) қызметті берушінің жауапты қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін қызметті алушыға беру, ең ұзақ уақыт 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
      6. Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 1 іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету іс-қимылының нәтижесі қызметті алушыдан құжаттарды қабылдау болып табылады. Бұл құжаттар топтамасы осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 2 іс-қимылды бастауға негіз болып табылады. Қабылданған құжаттарды алқа органына жіберу осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 2 іс-қимыл нәтижесі және осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 3 іс-қимылды орындауға негіз болып табылады. Мемлекеттік қызмет беру туралы шешім осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 3 іс-қимыл нәтижесі және осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 4 іс-қимылды орындау үшін негіз болып табылады. Құжаттарды қызметті беруші басшыға жіберу осы регламенттің 5 тармағында көрсетілген 4 іс қимыл нәтижесі және осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 5 іс-қимылды орындау үшін негіз болып табылады. Басшының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қоюы осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 5 іс-қимыл нәтижесі және осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 6 іс-қимылды орындау үшін негіз болып табылады. Қызметті алушыға басшымен қол қойылған нәтижені жолдау осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 6 іс-қимыл нәтижесі болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде қызметті берушінің (қызметкерлері) құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимылдар тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі:
      1) қызметті берушінің жауапты қызметкері;
      2) қызметті берушінің алқа органы;
      3) қызметті берушінің басшысы.
      8. Әрбір іс-қимылдардың ұзақтығын көрсете отырып құрылымдық бөлімшелердің (қықметкерлердің) өзара іс-қимылдарының бірізділігінің сипаты.
      1) стандарттың 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша берілген өтінішті қажетті құжаттар қосымшасымен қызметті алушы қызметті берушіге өткізу, ең ұзақ уақыт 15 (он бес) минут ішінде;
      2) қызметті берушінің жауапты қызметкері құжаттарды қабылдау, тексеру, тіркеуді жүргізеді және қызметті берушінің алқа органына ұсынады. Құжаттар топтамасы толық болмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады, ең ұзақ уақыт 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
      3) қызметті берушінің алқа органы түскен құжаттарды қарау және мемлекеттік қызметті көрсетуге шешім шығару немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру, ең ұзақ уақыт 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
      4) алқа органы оң шешім қабылдағаннан кейін қызметті берушінің жауапты қызметкерінің құжаттарды қызметті беруші басшының қол қоюы үшін жолдауы, ең ұзақ уақыт 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
      5) қызметті беруші басшы жолдамаға немесе бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою, ең ұзақ уақыт 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
      6) қызметті берушінің жауапты қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін қызметті алушыға беру, ең ұзақ уақыт 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
      9. Қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелердің (қықметкерлердің) өзара іс-қимылдарының бірізділігінің егжей - тегжейлі сипаты мемлекеттік көрсетілетін қызмет барысында осы Регламенттің қосымшаларына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет бизнес іс – қимылдар анықтамасында айқындалады.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау бөлімдерінен тұрады.

      10. Мемлекеттік қызмет Стандартқа сәйкес автоматтандырылмаған және халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілмейді.

  "Техникалық және кәсіптік білім
беру ұйымдарында білім
алушыларға жатақхана беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша

"Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет бизнес үдерісінің анықтамалығы

      


      *ҚФБ       - құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталықтарының, "электрондық үкімет" веб-порталының өзара іс-қымылдары;
      


  Қарағанды облысы әкімдігінің
2015 жылғы 23 маусымдағы
№ 34/19 қаулысымен бекітілген

"Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" көрсетілетін мемлекеттік қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" көрсетілетін мемлекеттік қызмет (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) регламенті кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет беруші) көрсетіледі.
      Өтініштер қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде;
      2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны арқылы (бұдан әрі – ХҚО) жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру.

2. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

      4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 14 сәуіріндегі № 200 "Техникалық және кәсіптік білім беру саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11220 болып тіркелген) "Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін стандарттың 9 тармағына сәйкес (бұдан әрі – Стандарт) көрсетілетін қызмет берушіге немесе ХҚКО–на жолыққанда өтініш мемлекеттік қызмет көрсетудің бастауының негізі болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны және нәтижесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде оларды қабылдап, тіркейді.
      Нәтиже – көрсетілетін қызмет берушінің басшысына қарар қою үшін жолдайды;
      2) көрсетілетін қызмет берушінің басшысы құжаттармен танысады және 1 (бір) күнтізбелік күн ішінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысын айқындайды.
      Нәтиже – мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысына жолдайды;
      3) көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысы құжаттардың толықтығын тексереді, телнұсқа дайындайды, басшының қолын қойдырады және телнұсқаны 29 (жиырма тоғыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей көрсетілетін қызмет алушыға береді.
      Нәтиже – көрсетілетін қызмет алушыға телнұсқаны береді.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызмет берушінің басшылығы;
      2) көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысы;
      3) көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе қызметкері.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызмет алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе қызметкері оларды 15 (он бес) минут ішінде қабылдап алады және тіркейді.
      Нәтиже – көрсетілетін қызмет берушінің басшылығына қол қою үшін жолдайды;
      2) көрсетілетін қызмет берушінің басшысы құжаттармен танысады және 1 (бір) күнтізбелік күн ішінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысын айқындайды.
      Нәтиже – қажетті құжаттарды мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысына жолдайды;
      3) көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексереді, телнұсқа дайындайды, басшының қолын қойдырады және телнұсқаны 29 (жиырма тоғыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей көрсетілетін қызмет алушыға береді.
      Нәтиже – көрсетілетін қызмет алушыға телнұсқаны береді.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипатталуы

      8. Әрбір рәсім (іс-қимыл) көрсетілген ХҚКО-ға жүгіну тәртібінің сипаттамасы 1 қосымшаға сәйкес диаграммада келтірілген:
      1) көрсетілетін қызмет алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарттың 9 – тармағында көрсетілген өтінішті және қажетті құжаттарды ХҚКО инспекторына тапсырады, ХҚКО инспекторы 15 (он бес) минут ішінде құжаттарды қабылдайды және 2 (екі) жұмыс күн ішінде ХҚКО жинақтаушы бөліміне көрсетілетін қызмет берушіге жіберу үшін жолдайды;
      2) көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе маманы алынған құжаттарды 15 (он бес) минут ішінде тіркейді және көрсетілетін қызмет берушінің басшылығына бұрыштама қоюға жолдайды;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 15 (он бес) минут ішінде кіріс құжаттарымен танысады және көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысына жолдайды;
      4) көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысы келіп түскен құжаттарды 27 (жиырма жеті) күнтізбелік күн ішінде қарайды, құжаттардың толықтылығын тексереді, телнұсқаны дайындайды, басшыға қол койдырады және телнұсқаны ХҚКО қағаз тасушысына береді;
      5) ХҚКО инспекторы 15 (он бес) минут ішінде телнұсқаны көрсетілетін қызмет алушыға береді.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-қимылдың) өзара әрекеттер реттілігінің толық сипаттамасы осы регламенттің 2 қосымшасына сәйкес бизнес-үдерісінің анықтамалығында көрсетіледі.

  "Техникалық және кәсіптік білім
туралы құжаттардың
телнұсқаларын беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша

Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қатыстырылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара әрекет диаграммасы, графикалық нысанда


            Шартты белгілер.

      


  "Техникалық және кәсіптік білім
туралы құжаттардың
телнұсқаларын беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша

ХҚКО-на жүгінген кезде "Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы


      *ҚФБ       - құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталықтарының, "электрондық үкімет" веб-порталының өзара іс-қымылдары;