"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 8-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.01.2016 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған "Үздік педагог" атағын беру қағидалары бекітілсін.
2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж.А. Жонтаева):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты мерзімді баспа баспаларында ресми жариялауды және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар (Ж.А. Жонтаева), Кәсіптік-техникалық және орта білімнен кейінгі білімді жаңғырту (С.М. Мадеев) департаменттері осы бұйрықты облыстық, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының, республикалық ведомствоға бағынысты білім беру ұйымдарының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | А. Сәрінжіпов |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 бұйрығымен бекiтiлген |
"Үздік педагог" атағын беру қағидалары
1.Жалпы ережелер
1. Осы "Үздік педагог" атағын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 8-3) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. Қағидалар меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, педагогикалық қызметте жоғары жетістіктері бар мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) педагог қызметкерлеріне "Үздік педагог" атағын беру тәртібін айқындайды.
3. Педагог кәсібінің мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар педагогтерге сыйақы беру мақсатында "Үздік педагог" атағын беру үшін конкурс (бұдан әрі - Конкурс) өткізіледі.
4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) Конкурстық комиссия – аудандық (қалалық), облыстық кезеңде Конкурстың жеңімпазын анықтау және Конкурстың келесі кезеңдеріне қатысу үшін ұсыным ұсыну үшін құрылатын комиссия (бұдан әрі - Комиссия).
2) Конкурсқа қатысушы – осы Қағидаларға сәйкес Конкурсқа қатысуға құжаттарын ұсынған білім беру ұйымының штаттағы педагог қызметкері;
3) педагог портфолиосы – педагогтің білім беру қызметіндегі жеке кәсіби жетістіктері, оқушыларының оқуы мен тәрбиесі және дамуының нәтижесі, педагогтің белгілі бір уақыт аралығындағы білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі ұсынылған жеке папкасы;
4) Республикалық конкурстық комиссия – Конкурс жеңімпазын анықтау және оған "Үздік педагог" атағын беру үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі құратын комиссия (бұдан әрі - Республикалық комиссия);
5) сыйақы – білім беру ұйымының Конкурста жеңіске жеткен педагогіне қайтарымсыз берілетін ақша;
6) эссе – белгілі бір тақырып бойынша жеке әсерді, идеяларды білдіретін шағын көлемді ойлар, шығарма.
2. "Үздік педагог" атағын беру тәртібі
5. Атақ білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне жыл сайын конкурстық негізде беріледі.
6. Атақ бір адамға бес жыл ішінде бір реттен артық берілмейді.
7. Конкурсқа мынадай талаптарға сай келетін:
1) білім беру ұйымдарының штаттағы педагог қызметкері болып табылатын;
2) Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үзіліссіз педагогикалық өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатысады.
8. Конкурс жыл сайын үш кезеңде өткізіледі:
1) I кезең – аудандық (қалалық), жыл сайын сәуірде өткізіледі, онда екінші кезеңге қатысуға ұсынылған Конкурс жеңімпаздары айқындалады;
2) II кезең – облыстық, Астана және Алматы қалалық, жыл сайын мамырда өткізіледі, онда үшінші кезеңге қатысуға ұсынылған Конкурс жеңімпаздары айқындалады;
Конкурсқа қатысушыларды бағалау үшін құрамы тиісті білім беруді басқару органының бұйрығымен бекітілетін аудандық (қалалық), облыстық Комиссия құрылады.
Комиссия білім беруді басқару органдарының қызметкерлерінен, тәжірибелі педагогтерден, педагогикалық шеберлік кәсіби конкурстарының жеңімпаздарынан, әдістемелік қызмет, біліктілікті арттыру институттарының қызметкерлерінен, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен құрылады.
Комиссия төрағасы, төраға орынбасары және хатшы Комиссия мүшелерінен сайланады.
3) III кезең – республикалық, жыл сайын тамыз-қыркүйекте өткізіледі, онда Конкурс жеңімпаздары айқындалады.
9. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының және "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері тиісті білім беру ұйымының ұсынымы негізінде Конкурстың III кезеңіне қатысады.
10. Министрліктің бірінші басшысы төраға болып табылатын Конкурстың республикалық кезеңін Республикалық комиссия өткізеді.
Республикалық комиссияның төрағасы болмаған жағдайда төрағаның міндетін атқару оның орынбасарына жүктеледі.
11. Республикалық комиссия Министрлік қызметкерлерінен, тәжірибелі педагогтерден, кәсіби педагогикалық шеберлік конкурстарының жеңімпаздарынан, әдіскерлерден, біліктілікті арттыру институттарының қызметкерлерінен, сондай-ақ республикалық қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен құрылады.
Комиссия мүшелерінің саны он бес адамнан кем болмауы тиіс. Комиссия отырыстары оның мүшелерінің кемінде үштен екісі болған жағдайда заңды деп саналады.
12. Республикалық комиссияның дербес құрамы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіледі.
13. Конкурс өткізу туралы хабарландыруды Министрлік Конкурстың I кезеңін өткізу басталғанға дейін бір ай бұрын Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды, сондай-ақ Министрліктің интернет-ресурсына орналастырады.
14. Конкурсқа қатысушылардың кәсіби қызметтегі жетістіктері I, II, III кезеңдерінде мынадай критерийлер бойынша бағаланады:
1) педагогтің кәсіби құзыреттілігі (біліктілікті арттыру, инновациялық білім беру технологияларын, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, кәсіби конкурстарға қатысу, зерттеу жұмыстарының нәтижелері (әзірлемелер, жарияланымдар, жарияланған әдістемелік құралдар, қатысушының "Мен – қазіргі заман педагогімін" атты эссесі) туралы мәлімет);
2) педагогтің өңірлердегі, республикадағы білім беруді дамытуға қосқан үлесі (мемлекеттік білім беру жобаларын педагогикалық практикаға енгізу жұмыстары, қызметінің бағыты бойынша оқу-әдістемелік кешендер, авторлық бағдарламалар әзірлеу, инновациялық педагогикалық идеяларды насихаттау).
3) оқушылар мен тәрбиеленушілер жетістіктерінің оң серпінінде көрсетілген педагогикалық қызметтің нәтижелілігі (оқушылардың оқу жетістіктерін мониторингілеу, қорытынды аттестаттау, оқушылар мен тәрбиеленушілердің пәндік олимпиадалардағы, конкурстардағы, ғылыми-практикалық конференциялардағы, спорт жарыстарындағы, музыкалық конкурстардағы жетістіктері);
4) педагогтің кәсіби шеберлігін және жеке тұлғасын бағалау (әкімшіліктің, әріптестердің, оқушылардың, тәрбиеленушілердің, олардың ата-аналарының, әлеуметтік әріптестердің, ғылыми, педагогикалық өкілдердің, шығармашылық қоғамның пікірлері, әдістемелік өнімдерге рецензия, алғыс хат, мақтау қағаздары, дипломдар);
15. Конкурстың ІІІ кезеңіне қатысу үшін жыл сайын тамызда Министрлікке мынадай құжаттар ұсынылады:
1) Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Үздік педагог" атағын беру конкурсына қатысу үшін нысан бойынша өтінім;
2) облыстық немесе Астана және Алматы қалалық білім басқармаларының басшылары растаған Конкурс қатысушысына берілген ұсыным;
3) жұмыс орны растаған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парағы;
4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) педагог портфолиосы;
6) конкурсқа қатысушының өзінің педагогикалық қызметі туралы талдау есебі;
7) электрондық тасымалдағыштағы сабақтар (компакт-дискілерде);
8) эссе;
9) Конкурсқа қатысушының карточкалық базадағы 20 таңбалы қолданыстағы ағымдағы шоты туралы хабарлама.
16. Құжаттар (облыстардың немесе Астана және Алматы қалаларының Комиссия отырысының хаттамасынан үзінді, ұсыным) Республикалық комиссияға мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылады. Педагогикалық қызметтің материалдары оқу тілінде ұсынылады.
17. Комиссияның "Үздік педагог" атағын беру туралы шешімі қатысқан мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді.
18. Конкурстың республикалық кезеңінің қорытындылары Конкурс аяқталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, сондай-ақ уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
19. Комиссияның шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.
20. Конкурс қорытындысы бойынша Комиссияның шешімі қабылданған күнінен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде жеңімпазға "Үздік педагог" атағы беріледі және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес куәлік, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес төсбелгі табыс етіледі.
21. "Үздік педагог" атағының иегеріне республикалық бюджет қаражаты есебінен тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінде сыйақы төленеді, ол оның ағымдағы шотына бір уақытта аударылады.
22. Жергілікті атқарушы органдар озық педагогикалық тәжірибені тарату мақсатында "Үздік педагог" конкурсының жеңімпаздары туралы облыстық, аудандық (қалалық) баспасөз конференцияларын, брифингтер, телерадио бағдарламалар циклын ұйымдастырады және өткізеді.
Ескерту. Қағида 22-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.01.2016 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.23. Облыстық, аудандық (қалалық) әдістемелік кабинеттер "Үздік педагог" атағы иегерлерінің озық педагогикалық тәжірибесін жариялау, жинақтау және тарату бойынша жұмыстар жүргізеді, онлайн сабақтар, семинарлар, шеберлік сыныптарын ұйымдастырады. Біліктілікті арттыру орталықтары "Үздік педагог" республикалық конкурсының жеңімпаздарын педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыруға және өткізуге тартады.
Ескерту. Қағида 23-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.01.2016 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. "Үздік педагог" атағын беру қағидаларына 1-қосымша |
ӨТІНІМ
"Үздік педагог" атағын беру конкурсына қатысу үшін.
Мені конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Өзім туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын:
1. | Жұмыс орны | |
2. | Тегі, Аты, Әкесінің аты толығымен | |
3. | Туған күні, айы, жылы | |
4. | Лауазымы | |
5. | Педагогикалық өтілі | |
6. | Лауазымдағы жұмыс өтілі | |
7. | Білімі (қандай оқу орнын, факультетті қай жылы бітірді | |
8. | Біліктілік санаты | |
9. | Индексі көрсетілген үйінің мекен-жайы | |
10. | Жеке куәлігінің деректері (нөмірі, қашан және кім берді, ЖИН) | |
11. | Байланыс телефоны (үй, ұялы) | |
12. | Марапаттау, көтермелеу |
Қосымша: конкурсқа қатысу үшін құжаттар _____ парақ.
Өтінімнің толтырылған күні ________________________
Конкурсқа қатысушының жеке қолы ___________________
Білім беру ұйымы басшысының қолы __________________
М.О.
"Үздік педагог" атағын беру қағидаларына 2-қосымша |
М.О Министр Аты-жөні
"Үздік педагог" атағын беру қағидаларына 3-қосымша |