Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық Кодексіне (ерекше бөлім), "Жеке кәсiпкерлiк туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына және "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға алуға (жалдауға) беру қағидаларының 50 тармағына сәйкес Сарысу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған аудандық коммуналдық мүлік объектілерін мүліктік жалға алуға (жалдауға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібі айқындалсын.
2. "Сарысу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Аукенов Қайрат Қостанайұлына жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Қ. Мәдібек |
| Сарысу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 21 қаулысымен бекітілген |
Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалға алуға (жалдауға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібі
1. Осы есептеу тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының 50-тармағына 50 тармағына сәйкес әзірленген және коммуналдық объектілерін мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін анықтайды.2. Облыстық коммуналдық мүлікті мүліктік жалға алуға(жалдауға) беру кезінде жалдау ақысының (тұрғын емес қорын)жылдық есебі келесі формула бойынша есептеледі:
Ап = Бс х S х Кт х Кк х Кск х Кр х Квд х Копф,
мұндағы:Бс – базалық ставка: 1) тиісті жылға Сарысу ауданы аумағында бір жылға Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген 2,0 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);
S – жалға берілетін алаң, шаршы метр;
Кт – құрылыс түрін ескеретін коэффициент; Кк – тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент;
Кск – қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент;
Кр – аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент;
Квд – Жалға алушы қызметінің түрін ескеретін коэффициент;
Копф – жалға алушының ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент.
Аудандық коммуналдық объектілері мүлкінің теңгерім ұстаушысы Жалға алушы алып отырған үй-жайлар өлшемдеріүй-жайлардың өлшемдеріне сәйкес болуын қамтамасыз етеді.
3. Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалға алуға(жалдауға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу кезінде қолданылатын коэффициенттер:
Жабдықтар мен автокөлік құралдарын мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының есеп айырысуы мына формула бойынша жүзеге асырылады:
Ап = С х Nam/100 х Кп
мұнда:
Ап - жылына жабдықтар мен көлік құралдары үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі;
С - бухгалтерлік есеп деректері бойынша жабдықтардың қалдық құны;
100 пайыз тозуы есептелген жабдықтар мен көлік құралдарын мүліктік жалға (жалдауға) беру кезінде қалдық құны бастапқы (қалпына келтіру) құнынан 10 пайыз мөлшерінде қабылданады;
Nam - Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 120-бабына120-бабына сәйкес амортизацияның шекті нормалары;
Кп - төмендету коэффициенті (жабдықтар мен көлік құралдары алпыс пайыздан аса тозу кезінде қолданылады - 0,8 мөлшерінде, сауда-сатып алу (делдалдық) қызметті қоспағанда, өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беру кезінде - 0,5 мөлшерінде).
5. Коммуналдық заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін, сондай-ақ құрал-жабдық пен көлік құралдарын және басқа да тұтынылмайтын заттарды сағат бойынша мүліктік жалдауға (жалға алу) ұсыну кезінде жалдау ақысын есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
Ач=Ап/12/Д/24,
мұнда:
Ач – сағатына аудандық заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілері, жабдық, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттар үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі;
Ап–жылына аудандық заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілері, жабдық, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттар үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі;
Д – объектілерді мүліктік жалдауға беру жүзеге асырылатын айдағы күндердің саны.
Білім беру мекемелеріндегі үй жайларды мүліктік жалға (жалдауға) ұсынылған жалдау ақысының есебі оқу жылына жүргізіледі (тиісті жылдың 1 қыркүйегінен бастап 31 мамыры аралығында).
Біржолғы іс-шараларды жүргізу кезінде жалдау ақысының есебі жалдайтын шаршы метр алаңды 100,0 теңгеге көбейту жолымен жүргізсін.
Мүмкіндігі шектеулі жеке кәсіпкерлерге, сондай-ақ 50% және одан аса мүмкіндігі шектеулі жұмыскерлері бар ұйымдарға, есептеген жалдау ақысы 50% азайтылып белгіленсін.