"Жамбыл облысы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 26 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 317 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 28 қаңтарда № 2917 болып тіркелді

Қолданыстағы
       РҚАО-ның ескертпесі.
       Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Жамбыл облысы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 26 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2148 болып тіркелген, 2014 жылдың 17 сәуірінде "Ақ-жол" газетінде жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жамбыл облысы әкімдігінің Регламентi мынадай мазмұндағы 6 тараумен толықтырылсын:
      "6. Құқықтық мониторинг жүргізу кезіндегі өзара іс-қимыл жасау тәртібі
      40. Әкімдіктің (әкімнің) өзі қабылдаған және (немесе) өзі әзірлеушісі болып табылатын нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ әкімдіктің құзыретіне жататын актілерге қатысты құқықтық мониторинг жүргізуі "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және "Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
      41. Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін, ескірген және сыбайлас жемқорлықты тудыратын құқық нормаларын анықтау, олардың іске асырылуының тиімділігін бағалау мақсатында Қазақстан Республикасы заңнамасының жай-күйі туралы ақпаратты жинау, бағалау, талдау, сондай-ақ оның даму серпінін және қолданылу практикасын болжау бойынша тұрақты негізде жүргізіледі.
      42. Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін тиісті мемлекеттік органдармен (олардың барлық бөлімшелерімен), облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерімен (оның ішінде іске асыруды мемлекеттік орган жүзеге асыратын бұрын қабылданған актілер бойынша) әзірлеген құқықтық нормативтік актілерге қатысты мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері жүргізеді (бұдан әрі – жауапты мемлекеттік органдар).
      43. Жауапты мемлекеттік органдарда нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі бойынша бөлімшелердің қызметін үйлестіруді заң қызметтері (заңгерлері), олар болмаған жағдайда – мемлекеттік органның басшысы айқындайтын құрылымдық бөлімшелер (жауапты қызметкерлер) (бұдан әрі - тиісті құрылымдық бөлімшелер/жауапты қызметкерлер) жүзеге асырады.
      Жауапты мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі бойынша қызметін үйлестіруді облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі жүзеге асырады.
      44. Жоғары деңгейдегі жаңа нормативтік құқықтық актілер қабылданған жағдайда, жауапты мемлекеттік органдармен (облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерімен) үш жұмыс күні ішінде жоғары деңгейдегі жаңа нормативтік құқықтық актілердің реттеу мәнімен байланысты заңға тәуелді актілерді талдайды. 
      Заңға тәуелді актілердің жоғары деңгейдегі жаңа нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда, жоғары деңгейдегі жаңа нормативтік құқықтық актілер күшіне енген күнінен бастап бір ай ішінде мемлекеттік органдармен (облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелері), Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен өзгерістер мен (немесе) толықтырулар не олардың күшін жою бойынша шаралар қабылдайды.
      Нормалары жоғары деңгейдегі жаңа нормативтік құқықтық актілерге қайшы келетін заңға тәуелді актілерге өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуді немесе олардың күшін жоюды көздейтін нормативтік құқықтық актілер қабылдау бойынша мемлекеттік органдармен (облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерімен) бұл актілер қабылданғаннан кейін бір апта мерзімде қабылдаған шаралары туралы ақпарат әділет органдарына ұсынылады.
      45. Мемлекеттік орган басшысының (оның міндетін атқарушының) бұйрығымен ағымдағы күнтізбелік жылдың 20 желтоқсанынан кешіктірмей, тиісті құрылымдық бөлімшелердің өзінің уәкілетті органының бөлімшелерімен бірлесіп, Нормативтік құқықтық актілер тіркеліміне енгізілген, оларға қатысты құқықтық мониторинг жүргізілетін нормативтік құқықтық актілерді (өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы актілерді есептемегенде) әр айға бөліп және олардың тізбесін көрсете отырып, алдағы күнтізбелік жылға арналған нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүргізу кестесі (бұдан әрі - кесте) бекітіледі.
      Кесте Нормативтік құқықтық актілер тіркеліміне енгізілген нормативтік құқықтық актілердің (өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы актілерді есептемегенде) мониторингін жүргізудің іс-шаралары мен нақты мерзімдерін, сондай-ақ мерзімді түрде мониторинг жүргізілген нормативтік құқықтық актілерге қайта оралуды (әрбір жарты жыл сайын, осы жарты жылдықта қабылданған актілерді қоспағанда) көздейді.
      46. Жарты жылдықтың соңғы айының бірінші күніне дейін (1 маусымға және 1 желтоқсанға дейін) бөлімшелер заң қызметтеріне немесе тиісті уәкілетті органының тиісті құрылымдық бөлімшелеріне (жауапты қызметкерге) жүргізілген мониторинг туралы ақпаратты және қажет болған жағдайда қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.
      47. Заң қызметтері немесе тиісті құрылымдық бөлімшелер (жауапты қызметкерлер) алынған ақпарат пен ұсыныстарды талдайды және тиісті бөлімшелермен бірлесіп, олардың түскен сәтінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу бойынша шаралар қабылдайды.
      48. Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдар (облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелері) Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нормативтік құқықтық актілердің нысандары бойынша жеке-жеке жылына екі рет, жартыжылдықтың соңғы айының 20-күніне дейін тіркелімге сәйкес өздеріне қатысты мониторинг жүргізілетін нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қоса бере отырып, оларды қабылдаудың хронологиялық тәртібімен талдау анықтамаларын, сондай-ақ Қағиданың 11-тармағында көзделген материалдарды пайдалану туралы ақпаратты және кестенің көшірмесін Қазақстан Республикасының әділет органдарына ұсыну үшін облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөліміне ұсынады.
      49. Жауапты мемлекеттік органдар ай сайын бекітілген кестеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторинг қорытындыларын толтырады және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі корпоративтік порталының "Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі" кіші жүйесінде орналастырады.
      2. Облыс әкімі аппаратының құжаттама және бақылау бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
      3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
      4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы Р. Рахманбердиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі К. Көкрекбаев