Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Субсидиялауға жататын жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерінің шекті сатылу бағаларын және аудандар бойынша cубсидия көлемдерін белгілеу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 маусымдағы №141 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2720 болып тіркелген, 2015 жылдың 19 қыркүйегінде "Ақ жол" газетінде №116 (18150) жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1, 2 қосымшалары осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Нұралиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | К. Көкрекбаев |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қазандағы № 252 қаулысына 1-қосымша |
Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерінің шекті сатылу бағасы
№ | Дақыл түрі | Субсидиялауға жататын элиталық жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің бір данасын сатудың шекті бағасы, теңге |
1. | Жеміс-жидек дақылдарының көшеттері | 350 |
2. | Жүзім көшеттері | 225 |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қазандағы № 252 қаулысына 2-қосымша |
Аудандар бойынша субсидиялар көлемдері (егіс алқаптарының болжамды құрылымына қарай)
кестенің жалғасы:кестенің жалғасы: