"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 71 қаулысының 1 тармағы 1) тармақшасының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2204 болып тіркелген, 2014 жылдың 19 мамырында "Ақ жол" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Нұралиевке жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі |
К. Көкрекбаев |
Жамбыл облысы әкімдігінің |
"Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi
(улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1.
"Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 15 шілдедегі №15-02/655 бұйрығымен бекітілген "Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия не стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті ұсыну нысаны - электрондық.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қағаз жеткізгіште алуға көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының мөрімен және қолымен куәландырылады.
2. Мемлекеттiк қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимылы тәртiбiн сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастауға негіздеме:
көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезінде өтініш беру;
портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбасы куәландырылған электрондық құжат нысанына сұрау салу.
5. Мемлекеттiк қызметті көрсету процесінің құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) лицензия беру кезінде:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушымен стандарттың 9 – тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды берген сәттен бастап 30 (отыз) минут ішінде қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады.
Нәтижесі – көрсетілетін қызметті беруші басшылығының қарауына жолдайды;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығы 1 (бір) жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттармен танысады және көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысын белгілейді.
Нәтижесі – құжаттарды мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды;
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде түскен құжаттарды қарайды. Тапсырылған құжаттар толық болмағаны анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды. Тапсырылған құжаттар толық болған жағдайда 10 (он) жұмыс күн ішінде түскен құжаттарды қарайды, лицензия дайындайды.
Нәтижесі – ресімделген лицензияға немесе бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою үшін басшылыққа жібереді;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығы 1 (бір) жұмыс күні ішінде лицензияға немесе бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды.
Нәтижесі – қол қойылған лицензияны немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты кеңсеге жібереді;
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы 30 (отыз) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға лицензия немесе бас тарту туралы дәлелді жауап береді.
Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға лицензияны немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты береді;
2) лицензияны қайта ресімдеу кезінде:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушымен құжаттарды берген сәттен бастап 30 (отыз) минуттың ішінде қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады.
Нәтижесі – көрсетілетін қызметті беруші басшылығының қарауына жолдайды;
көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 2 (екі) сағат ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын белгілейді.
Нәтижесі – құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды;
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды, лицензияны қайта ресімдейді немесе бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды.
Нәтижесі – қайта ресімделген лицензияны немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты басшылыққа қол қоюға жібереді;
көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 1 (бір) жұмыс күні ішінде қайта ресімделген лицензияға немесе бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды.
Нәтижесі – қайта рәсімделген лицензияны немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты кеңсеге жібереді;
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы 30 (отыз) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға қайта ресімделген лицензияны немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты береді.
Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға қайта ресімделген лицензияны немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты береді;
3) лицензияның телнұсқасын беру кезінде:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушымен құжаттарды берген сәттен бастап 30 (отыз) минут ішінде қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады.
Нәтижесі – құжаттар көрсетілетін қызметті беруші басшылығының қарауына жолдайды;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығы 4 (төрт) сағат ішінде түскен құжаттармен танысады және көрсетілетін қызметті беруші жауапты орындаушысын белгілейді.
Нәтижесі – құжаттарды мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды;
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды, көрсетілетін қызметті алушыға лицензияның телнұсқасын немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды.
Нәтижесі – лицензияның телнұсқасына немесе бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою үшін басшылыққа жібереді;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығы 2 (екі) сағат ішінде лицензияның телнұсқасына немесе бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды.
Нәтижесі – қол қойылған лицензияның телнұсқасын немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты кеңсеге жібереді;
көрсетілетін қызметті беруші кеңсе маманы 30 (отыз) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға лицензияның телнұсқасын немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты береді.
Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға лицензияның телнұсқасын немесе бас тарту туралы дәлелді жауап береді.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі:
1) лицензия беру кезінде:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушымен стандарттың 9 – тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды берген сәттен бастап қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығы келіп түскен құжаттармен танысады және көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысын белгілейді;
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды қарайды. Тапсырылған құжаттар толық болмағаны анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды. Тапсырылған құжаттар толық болған жағдайда құжаттарды қарайды, лицензия дайындайды;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығы лицензияға немесе бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды;
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушыға лицензия немесе бас тарту туралы дәлелді жауап береді.
2) лицензияны қайта ресімдеу:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушымен құжаттарды қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады;
көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын белгілейді;
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды қарайды, лицензияны қайта ресімдейді немесе бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды;
көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы қайта ресімделген лицензияға немесе бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды;
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушыға қайта ресімделген лицензияны немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты береді.
3) лицензияның телнұсқасын беру кезінде:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушымен құжаттарды берген сәттен бастап қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығы құжаттармен танысады және көрсетілетін қызметті беруші жауапты орындаушысын белгілейді;
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды қарайды, көрсетілетін қызметті алушыға лицензияның телнұсқасын немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығы лицензияның телнұсқасына немесе бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды;
көрсетілетін қызметті беруші кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушыға лицензияның телнұсқасын немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты береді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушiнiң, құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) тiзбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) реттілігінің сипаттамасы:
1) лицензия беру кезінде:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушымен құжаттарды берген сәттен бастап 30 (отыз) минут ішінде қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығы 1 (бір) жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттармен танысады және көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысын белгілейді;
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде түскен құжаттарды қарайды. Тапсырылған құжаттар толық болмағаны анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды. Тапсырылған құжаттар толық болған жағдайда 10 (он) жұмыс күн ішінде түскен құжаттарды қарайды, лицензия дайындайды;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығы 1 (бір) жұмыс күні ішінде лицензияға немесе бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды;
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы 30 (отыз) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға лицензия немесе бас тарту туралы дәлелді жауап береді;
2) лицензияны қайта ресімдеу кезінде:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушымен құжаттарды берген сәттен бастап 30 (отыз) минуттың ішінде қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады;
көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 2 (екі) сағат ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын белгілейді;
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды, лицензияны қайта ресімдейді немесе бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығы 1 (бір) жұмыс күні ішінде қайта ресімделген лицензияға немесе бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды;
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы 30 (отыз) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға қайта ресімделген лицензияны немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты береді;
3) лицензияның телнұсқасын беру кезінде:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушымен құжаттарды берген сәттен бастап 30 (отыз) минут ішінде қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығы 4 (төрт) сағат ішінде түскен құжаттармен танысады және көрсетілетін қызметті беруші жауапты орындаушысын белгілейді;
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1(бір) жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды, көрсетілетін қызметті алушыға лицензияның телнұсқасын немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығы 2 (екі) сағат ішінде лицензияның телнұсқасына немесе бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды;
көрсетілетін қызметті беруші кеңсе маманы 30 (отыз) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға лицензияның телнұсқасын немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты береді.
4. Электрондық үкімет порталымен және (немесе) өзгеде көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. Электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті алушының жолығу тәртібін және рәсімнің (iс-қимылдың) реттілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті алушы компьютердегі интернет-браузерінде сақталып жатқан өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасын тіркеу куәлігінің көмегімен электрондық үкімет порталында тіркеуді жүзеге асырады (электрондық үкімет порталында тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
2) 1-үдеріс – мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы компьютердегі интернет-браузеріне электрондық цифлық қолтаңбасын тіркеу куәлігін бекіту, көрсетілетін қызметті алушының паролді электрондық үкімет порталына енгізу үдерісі (авторлау үдерісі);
3) 1 – шарт – тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын жеке сәйкестендіру нөмірі мен бизнес сәйкестендiру нөмiрi, сонымен қатар пароль арқылы электрондық үкімет порталында тексеру;
4) 2-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты авторлаудан бас тарту туралы хабарламаны электрондық үкімет порталында қалыптастыру;
5) 3-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), сұрау салу нысанына қажетті электрондық түрдегі құжаттарды қоса беруі;
6 ) 4 – үдеріс – "электрондық үкiметтiң" төлем шлюзiнде қызметке ақы төлеу, бұдан кейін осы ақпарат "Е-лицензиялау" веб-порталына) келіп түседі;
7) 2- шарт – "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректеме базасы ақпараттық жүйесінде қызметті көрсету үшін төлем дерегін тексеру;
8) 5-үдеріс – "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректеме базасы ақпараттық жүйесінде қызмет көрсету үшін төлемнің болмауына байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
9) 6-үдеріс – сұранысты куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының тіркелген электрондық цифрлы қолтаңба куәлігін таңдау;
10) 3-шарт – электрондық цифрлы қолтаңбада тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде оның болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі және электрондық цифрлы қолтаңбаны тіркеу куәлігінде көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі арасында сәйкестендіру деректерінің
сәйкестігін электрондық үкімет порталында тексеру;
11) 7-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының электрондық үкімет порталында түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
12) 8-үдеріс – қызметті көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерін) алушының электрондық үкімет порталы арқылы куәландыру (қол қою);
13) 9 - үдеріс – "Е-лицензиялау мемлекеттік деректеме базасының ақпараттық жүйесінде электрондық құжатты тіркеу (қызмет алушының сұранысы) және "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректеме базасы ақпараттық жүйесінде сұранысты өңдеу;
14) 4-шарт – лицензияны беру үшін қызмет беруші көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына және негіздемелеріне сәйкестігін тексеру;
15) 10-үдеріс – "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректеме базасы ақпараттық жүйесінде көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
16) 11-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының электрондық үкімет порталында қалыптастырылған қызмет нәтижесін (электрондық лицензияны) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлы қолтаңбаны пайдалана отырып қалыптастырылады.
10. Электрондық үкімет порталында және көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелердi қолдану тәртiбi осы регламенттiң 1 - қосымшасында ұсынылады.
5. Қорытынды ережелер
11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы регламенттің 2 (лицензия беру кезінде), 3 (лицензияны қайта рәсімдеу кезінде және лицензияның телнұсқасын беру кезінде) және 4 - қосымшаларына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы Жамбыл облысы әкімдігінің (http://zhambyl.gov.kz) интернет-ресурстарында орналастырылады.
Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы |
"Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi
(улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбi
Шартты белгілер:
Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы |
"Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi
(улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы (лицензия беру кезінде)
Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы |
"Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi
(улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы (лицензияны қайта ресімдеу кезінде және лицензияның телнұсқасын беру кезінде )
Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы |
"Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi
(улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" "е-үкімет" веб-порталы арқылы
Шартты белгілер: