Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. "Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 362 қаулысының 1 тармағы 10) тармақшасының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2522 болып тіркелген, 2015 жылдың 26 ақпанындағы "Ақ жол" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Нұралиевке жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | К. Көкрекбаев |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы "17" тамызындағы № 203 қаулысымен бекітілген |
"Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Жалпы ережелер
1. "Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 маусымдағы №15-1/522 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11684 болып тіркелген) бекітілген "Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) сәйкес "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі және Тараз қаласының, аудандардың ауыл шаруашылығы бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметке өтінішті қабылдау және қорытындыларын беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесімен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем құжаттарын ұсыну.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттiк қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимылы тәртiбiн сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдердің (іс – қимылдарды) бастауға негіздеме стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды және белгіленген нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушымен өтініш беру болып табылады.5. Мемлекеттiк қызметті көрсету процесінің құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) бөлімнің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады – 15 (он бес) минуттан аспайды.
Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға қабылданған күні және уақыты, өтінімді қабылдаған лауазымды адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беру;
2) бөлімнің жауапты орындаушысы өтінімдер мен құжаттарды алғаннан кейін ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және ведомствоаралық комиссия қарауына енгізеді – 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының тексерілген құжаттары;
3) ведомствоаралық комиссия бөліммен ұсынған құжаттарды қарастырады және тиесілі субсидиялар сомаларын көрсетумен ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң тiзiмiн құрастырады және оны аудан (қала) әкіміне (бұдан әрі – әкім) бекітуге жібереді - 3 (үш) жұмыс күні ішінде.
Нәтижесі – ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң тiзiмi;
4) әкім ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң тізімін қарастырады және бекітеді - 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
Нәтижесі – бекітілген ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерінің тiзiмi;
5) бөлімнің жауапты орындаушысы әкім ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң тізімін бекіткен соң тізімді басқармаға ұсынады, сондай-ақ оны ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органының интернет-ресурсында және ресми баспасөз құралдарында тиесілі субсидиялар сомасын көрсетумен орналастырады - 3 (үш) жұмыс күні ішінде.
Нәтижесі ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң тізімін көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну;
6) басқарманың жауапты орындаушысы ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерінің жиынтық тізілімін құрастырады, субсидиялар төлеу үшін ведомость пен төлем шоттарын құрастырады және аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсынады 5 (бес) жұмыс күні ішінде.
Нәтижесі – төлем шоттарының тізілімі.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша ресімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі:
1) бөлімнің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады;
2) бөлімнің жауапты орындаушысы өтінімдер мен құжаттарды алғаннан кейін ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және ведомствоаралық комиссия қарауына енгізеді;
3) ведомствоаралық комиссия бөліммен ұсынған құжаттарды қарастырады және тиесілі субсидиялар сомаларын көрсетумен ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң тiзiмiн құрастырады және оны аудан (қала) әкіміне (бұдан әрі – әкім) бекітуге жібереді;
4) әкім ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң тізімін қарастырады және бекітеді;
5) бөлімнің жауапты орындаушысы әкім ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң тізімін бекіткен соң тізімді басқармаға ұсынады, сондай-ақ оны ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органының интернет-ресурсында және ресми баспасөз құралдарында тиесілі субсидиялар сомасын көрсетумен орналастырады;
6) басқарманың жауапты орындаушысы ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерінің жиынтық тізілімін құрастырады, субсидиялар төлеу үшін ведомость пен төлем шоттарын құрастырады және аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсынады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің, құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілер) тізбесі:1) бөлімнің жауапты орындаушысы;
2) ведомствоаралық комиссия; 3) әкім; 4) басқарманың жауапты орындаушысы.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы:
1) бөлімнің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады – 15 (он бес) минуттан аспайды;
2) бөлімнің жауапты орындаушысы өтінімдер мен құжаттарды алғаннан кейін ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және ведомствоаралық комиссия қарауына енгізеді - 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
3) ведомствоаралық комиссия бөліммен ұсынған құжаттарды қарастырады және тиесілі субсидиялар сомаларын көрсетумен ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң тiзiмiн құрастырады және оны әкімге бекітуге жібереді - 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
4) әкім ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң тізімін қарастырады және бекітеді - 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
5) әкім ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң тізімін бекіткен соң бөлім тізімді басқармаға ұсынады, сондай-ақ оны ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органының интернет-ресурсында және ресми баспасөз құралдарында тиесілі субсидиялар сомасын көрсетумен орналастырады - 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
6) басқарманың жауапты орындаушысы ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерінің жиынтық тізілімін құрастырады, субсидиялар төлеу үшін ведомость пен төлем шоттарын құрастырады және аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсынады - 5 (бес) жұмыс күні ішінде.
4. Қорытынды ережелер
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы Жамбыл облысы әкімдігінің (http://zhambyl.gov.kz) интернет-ресурстарында орналастырылады.