Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 шілдедегі № 181 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 тамызда № 2728 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) "Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру";
      2) "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттері бекітілсін.
      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
      3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. "Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 69 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2211 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 мамырдағы № 72-74 (17929-17931) "Ақ жол" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Нұралиевке жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Облыс әкімі

К. Көкрекбаев

   

       Жамбыл облысы әкімдігінің
2015 жылғы 30 шілдедегі 
№ 181 қаулысымен бекiтiлген
 

"Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру" (бұдан әрi – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстың, аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қаланың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінімді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
      3) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
 

2. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша іс-қимылды бастау үшін негіздеме мыналар болып табылады:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге және орталыққа өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 3-2/378 "Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) портал арқылы өтініш жасаған кезде электрондық сұраныс.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны және оның нәтижесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттар топтамасын қабылдайды, журналға тіркейді және жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама жобасын дайындайды 10 минут ішінде.
      Нәтижесі – басшылыққа анықтамаға қол қою үшін жолдау;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжатты қарайды, жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтамаға қол қояды, қызметті берушінің жауапты қызметкеріне мемлекеттік қызметтің нәтижесін береді 10 минут ішінде.
      Нәтижесі – жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтамаға қол қою;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін береді 10 минут ішінде.
      Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі журналға қол қою.
 

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы.
      7. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасында рәсімдердің (іс-қимылдың) кезектілігін сипаттау және әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) орындалу ұзақтығын көрсету:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттар топтамасын қабылдайды, журналға тіркейді және жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама жобасын дайындайды 10 минут ішінде.
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжатты қарайды, жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтамаға қол қояды, қызметті берушінің жауапты қызметкеріне мемлекеттік қызметтің нәтижесін береді 10 минут ішінде.
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін береді 10 минут ішінде.
 

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      8. Әр рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, орталыққа жүгіну тәртібін сипаттау:
      1) көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушы стандарттың қосымшасына сәйкес өтінішті және қажетті құжаттарды орталық операторына береді, ол электрондық кезек ретімен "кедергісіз" қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады (2 минут ішінде);
      2) 1-үдеріс – қызмет көрсету үшін орталықтың операторы Халыққа қызмет көрсету орталығы ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің ақпараттық жұмыс орнына логинді және парольді (авторизациялау процесі) енгізеді (1 минут ішінде);
      3) 2-үдеріс – орталықтың операторы қызметті таңдайды, экранға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраныс нысаны шығады және орталық операторы көрсетілетін қызметті алушының немесе сенімхат бойынша қызмет алушы өкілінің (нотариалды куәландырылған сенімхаттың болуы қажет, басқалай куәландырылған сенімхаттың мәліметтері толтырылмайды) мәліметтерін енгізеді (2 минут ішінде);
      4) 3-үдеріс – электрондық үкімет шлюзі арқылы жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер қорына немесе заңды тұлғалардың мемлекеттік деректер қорына көрсетілетін қызметті алушының мәліметтері туралы, сондай-ақ бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесіне - көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхат мәліметтері туралы сұрау жолдау (2 минут ішінде);
      5) 1-шарт - жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер қоры / заңды тұлғалардың мемлекеттік деректер қорында көрсетілетін қызметті алушы мәліметтерінің және бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесіне сенімхат мәліметтерінің бар болуын тексеру (1 минут ішінде);
      6) 4-үдеріс – жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер қоры/заңды тұлғалардың мемлекеттік деректер қорында көрсетілетін қызметті алушы мәліметтерінің немесе бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесінеде сенімхат мәліметтерінің болмауына байланысты мәліметтерді алуға мүмкіндіктің жоқтығы туралы хабарламаны қалыптастыру (2 минут ішінде);
      7) 5-үдеріс – электрондық үкіметтің аймақтық шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына электрондық үкімет шлюзі арқылы орталық операторының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұранысын) жолдау (2 минут ішінде);
      8) 6-үдеріс - электрондық құжатты электрондық үкіметтің аймақтық шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнында тіркеу (2 минут ішінде);
      9) 2-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қызмет көрсетуге негіз болып табылатын, стандартта көрсетілген құжаттардың сәйкестігін тексеруі (өңдеуі) (2 минут ішінде);
      10) 7-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында кемшіліктердің болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту жөніндегі хабарламаны қалыптастыру (2 минут ішінде);
      11) 8-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушы орталықтың операторы арқылы электрондық үкіметтің аймақтық шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнында қалыптастырылған қызметтің нәтижесін (жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтаманы немесе бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауапты) алады.
      Орталық арқылы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша іске қосылатын ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылдары графикалық нысанының № 1 диаграммасы осы регламенттің 1 - қосымшасында көрсетілген.
      9. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілген қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну және рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігі тәртібін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің және (немесе) бизнес сәйкестендіру нөмірінің және парольдің (порталда тіркелмеген қызмет алушылар үшін іске асырылады) көмегімен порталға тіркеледі;
      2) 1-үдеріс – көрсетілетін қызметті алу үшін порталда көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірін / бизнес сәйкестендіру нөмірін және паролін (авторизациялау процесі) енгізуі;
      3) 1-шарт - порталда жеке сәйкестендіру нөмірімен / бизнес сәйкестендіру нөмірімен және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы мәліметтерінің дұрыстығын тексеру;
      4) 2-үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерінде кемшіліктердің болуына байланысты порталда авторизациялаудан бас тарту жөнінде хабарламаны қалыптастыру;
      5) 3 – үдеріс – көрсетілетін қызметті алушы осы регламентте көрсетілген қызметті таңдайды, қызметті көрсету үшін экранға сұраныстың нысанын шығарады, үлгі талаптарының және оның құрылымын ескере отырып, нысанды (мәліметтерді енгізу) толтырады, стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттардың көшірмелерін электрондық түрде сұраныс нысанына жалғайды, сондай-ақ сұранысты куәландыру үшін көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңба тіркеу куәлігін алады;
      6) 2-шарт – порталда электрондық цифрлық қолтаңба тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығын, сондай-ақ бірдейлендіру мәліметтерінің (сұраныста көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес сәйкестендіру нөмірі және электрондық цифрлық қолтаңба тіркеу куәлігінде көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірін /бизнес сәйкестендіру нөмірі арасындағы) сәйкестігін тексеру;
      7) 4-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңба түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту жөнінде хабарлама қалыптастыру;
      8) 5-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының сұранысын өңдеу үшін ЭҮШ арқылы көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңба куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (қызмет алушының сұранысы) электрондық үкіметтің аймақтық шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына жолдау;
      9) 3-шарт-көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының стандартта көрсетілген, қызмет көрсетуге негіз болатын жалғаған құжаттарының сәйкестігін тексереді;
      10) 6-үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында кемшіліктердің болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту жөнінде хабарламаны қалыптастыру;
      11) 7-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушы порталда қалыптастырылған қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысаны бойынша хабарлама) алады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңба мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.
      Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша іске қосылатын ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылдары графикалық нысанының № 2 диаграммасы осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.
      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының, орталықтың және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі стандарттың 3-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, сонымен қатар өзге көрсетілген қызмет берушілермен халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 3, 4 және 5 қосымшаларына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтмалығында көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті Жамбыл облысы әкімдігінің (http://zhambyl.gov.kz) интернет-ресурстарында орналастырылады.
 


Жамбыл облысы әкімдігінің
2015 жылғы 30 шілдедгі № 181
қаулысымен бекiтiлген "Жеке
қосалқы шаруашылықтың болуы
туралы анықтама беру"
қаулысымен бекiтiлген
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
регламентіне 1 - қосымша

Орталық арқылы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша іске қосылатын ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылдары графикалық нысанының № 1 диаграммасы

Шартты белгілер:


 


Жамбыл облысы әкімдігінің
2015 жылғы 30 шілідедгі № 181
қаулысымен бекiтiлген "Жеке
қосалқы шаруашылықтың болуы
туралы анықтама беру"
қаулысымен бекiтiлген
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
регламентіне 2 - қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша іске қосылатын ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылдары графикалық нысанының № 2 диаграммасы

Шартты белгілер:


 


Жамбыл облысы әкімдігінің
2015 жылғы 30 шілідедгі № 181
қаулысымен бекiтiлген "Жеке
қосалқы шаруашылықтың болуы
туралы анықтама беру" қаулысымен бекiтiлген
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
регламентіне 3 - қосымша

А. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы


 


Жамбыл облысы әкімдігінің
2015 жылғы 30 шілідедгі № 181
қаулысымен бекiтiлген "Жеке
қосалқы шаруашылықтың болуы
туралы анықтама беру"
қаулысымен бекiтiлген
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
регламентіне 4 - қосымша

Б. Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде


 

      Шарты белгілер:


 


Жамбыл облысы әкімдігінің
2015 жылғы 30 шілідедгі № 181
қаулысымен бекiтiлген "Жеке
қосалқы шаруашылықтың болуы
туралы анықтама беру"
қаулысымен бекiтiлген
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
регламентіне 5 – қосымша

В. "Электрондық үкімет" порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету


 

      Шартты белгілер:


 


Жамбыл облысы әкімдігінің
2015 жылғы 30 шілдедегі
№ 181 қаулысымен бекiтiлген

"Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау" мемлекеттік қызметті "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінімді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі мыналар болып табылады:
      1) көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін Жамбыл облыс бойынша жиынтық акт болып табылады;
      2) порталға сұрау салған кезде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданылатын хабарлама.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
 

2. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша іс-қимылды бастау үшін негіздеме мыналар болып табылады:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 3-2/378 "Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) портал арқылы өтініш жасаған кезде электрондық сұраныс.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны және оның нәтижесі:
      1) аудандар мен Тараз қаласының жергілікті атқарушы органының көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы:
      көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттардың толық пакетімен бірге өтінімдерді қабылдайды және өтінімдерді тіркеу журналына 15 (он бес) минут ішінде тіркейді.
      Нәтижесі – өтінімнің қабылданғаны туралы талон беру;
      өтінімдерді қабылдап алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының құжаттар пакетінің өлшемдер мен талаптарға сәйкестігін 5 (бес) жұмыс күні ішінде тексереді;
      көрсетілетін қызметті алушының белгілі деңгейге сәйкестігі анықталғаннан кейін аудандар мен Тараз қаласы бойынша жиынтық актілер дайындайды және оны әкімдер 4 (төрт) жұмыс күні ішінде бекітеді.
      Нәтижесі – аудандар мен Тараз қаласы әкімдері бекіткен жиынтық актілер;
      аудандар мен Тараз қаласы бойынша бекітілген жиынтық актілерді көрсетілетін қызметті берушіге 4 (төрт) жұмыс күні ішінде ұсынады;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы:
      бөлімдерден жиынтық актілерді қабылдайды, жиынтық актілерді тіркеу журналына тіркейді және көрсетілетін қызметті алушылардың өлшемдер мен талаптарға сәйкестігі бойынша жиынтық актілерді 4 (төрт) жұмыс күні ішінде қарайды.
      Нәтижесі – жиынтық актілерді тіркеу журналына тіркейді;
      сәйкестігін анықтағаннан кейін жиынтық актілерді мал шаруашылығы өнімінің сапасын арттыруды субсидиялау мәселелері жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – комиссия) қарауына 4 (төрт) жұмыс күні ішінде жібереді;
      3) комиссия жиынтық актілерді қарайды, облыс бойынша жиынтық актіні жасайды және комиссия төрағасы облыс бойынша жиынтық актіні 5 (бес) жұмыс күні ішінде бекітеді;
      4) көрсетілетін қызметті беруші қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне есеп шоттарының тізілімін 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынады.
 

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) тізбесі:
      аудандар мен Тараз қаласының жергілікті атқарушы органдарының көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      комиссия және комиссия төрағасы;
      қазынашылықтың аумақтық бөлімшесі.
      7. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасында рәсімдердің (іс-қимылдың) кезектілігін сипаттау және әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) орындалу ұзақтығын көрсету:
      1) аудандар мен Тараз қаласының жергілікті атқарушы органының көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы:
      көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттардың толық пакетімен бірге өтінімдерді қабылдайды және өтінімдерді тіркеу журналына 15 (он бес) минут ішінде тіркейді;
      өтінімдерді қабылдап алғаннан кейін құжаттар пакетін және көрсетілетін қызметті алушының өлшемдер мен талаптарға сәйкестігін 5 (бес) жұмыс күні ішінде тексереді;
      көрсетілетін қызметті алушының белгілі деңгейге сәйкестігі анықталғаннан кейін аудандар мен Тараз қаласы бойынша жиынтық актілер 4 (төрт) жұмыс күні ішінде дайындайды;
      бекітілген жиынтық актілерді басқармаға 4 (төрт) жұмыс күні ішінде ұсынады.
      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы:
      аудандар мен Тараз қаласы бойынша жиынтық актілерді қабылдайды, жиынтық актілерді тіркеу журналына тіркейді және көрсетілетін қызметті алушылардың өлшемдер мен талаптарға сәйкестігі бойынша жиынтық актілерді 4 (төрт) жұмыс күні ішінде қарайды;
      сәйкестігін анықтағаннан кейін жиынтық актілерді комиссияның қарауына 4 (төрт) жұмыс күні ішінде жібереді;
      3) комиссия жиынтық актілерді қарайды және облыс бойынша жиынтық актіні жасайды және комиссия төрағасы облыс бойынша жиынтық актіні 5 (бес) жұмыс күні ішінде бекітеді;
      4) көрсетілетін қызметті беруші қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне есеп шоттарының тізілімін 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынады.
 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде порталдың ақпараттық жүйелерін пайдалану тәртібін сипаттау

      8. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілген қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну және рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігі тәртібін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің және (немесе) бизнес сәйкестендіру нөмірінің және парольдің (порталда тіркелмеген қызмет алушылар үшін іске асырылады) көмегімен порталға тіркеледі;
      2) 1-үдеріс – көрсетілетін қызметті алу үшін порталда көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірін / бизнес сәйкестендіру нөмірін және паролін (авторизациялау процесі) енгізуі;
      3) 1-шарт - порталда жеке сәйкестендіру нөмірімен / бизнес сәйкестендіру нөмірімен және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы мәліметтерінің дұрыстығын тексеру;
      4) 2-үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерінде кемшіліктердің болуына байланысты порталда авторизациялаудан бас тарту жөнінде хабарламаны қалыптастыру;
      5) 3 – үдеріс – көрсетілетін қызметті алушы осы регламентте көрсетілген қызметті таңдайды, қызметті көрсету үшін экранға сұраныстың нысанын шығарады, үлгі талаптарының және оның құрылымын ескере отырып, нысанды (мәліметтерді енгізу) толтырады. стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттардың көшірмелерін электрондық түрде сұраныс нысанына жалғайды, сондай-ақ сұранысты куәландыру үшін көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңба тіркеу куәлігін алады;
      6) 2-шарт – порталда электрондық цифрлық қолтаңба тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сәйкестендіру мәліметтерінің (сұраныста көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес сәйкестендіру нөмірі және электрондық цифрлық қолтаңба тіркеу куәлігінде көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірін / бизнес сәйкестендіру нөмірі арасындағы) сәйкестігін тексеру;
      7) 4-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңба түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту жөнінде хабарлама қалыптастыру;
      8) 5-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының сұранысын өңдеу үшін ЭҮШ арқылы көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңба куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (қызмет алушының сұранысы) электрондық үкіметтің аймақтық шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына жолдау;
      9) 3-шарт-көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының стандартта көрсетілген, қызмет көрсетуге негіз болатын жалғаған құжаттарының сәйкестігін тексереді;
      10) 6-үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында кемшіліктердің болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту жөнінде хабарламаны қалыптастыру;
      11) 7-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушы порталда қалыптастырылған қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысаны бойынша хабарлама) алады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңба мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.
      Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша іске қосылатын ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылдары графикалық нысанының диаграммасы осы регламенттің 1 - қосымшасында көрсетілген.
      9. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының, орталықтың және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі стандарттың 3 - тарауына сәйкес жүзеге асырылады.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, сонымен қатар өзге көрсетілген қызмет берушілермен халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 2, 3 қосымшаларына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті Жамбыл облысы әкімдігінің (http://zhambyl.gov.kz) интернет-ресурстарында орналастырылады.
 


Жамбыл облысы әкімдігінің
2015 жылғы 30 шілдедегі № 181
қаулысымен бекiтiлген "Асыл
тұқымды мал шаруашылығын
дамытуды, мал шаруашылығы
өнімінің өнімділігі мен сапасын
арттыруды субсидиялау"
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша іске қосылатын ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылдары графикалық нысанының диаграммасы


 

      Шартты белгілер:


 


Жамбыл облысы әкімдігінің
2015 жылғы 30 шілдедегі № 181
қаулысымен бекiтiлген "Асыл
тұқымды мал шаруашылығын
дамытуды, мал шаруашылығы
өнімінің өнімділігі мен сапасын
арттыруды субсидиялау"
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
регламентіне 2-қосымша

А. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы


 


Жамбыл облысы әкімдігінің
2015 жылғы 30 шілддегі № 181
қаулысымен бекiтiлген "Асыл
тұқымды мал шаруашылығын
дамытуды, мал шаруашылығы
өнімінің өнімділігі мен сапасын
арттыруды субсидиялау"
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
регламентіне 3-қосымша

Б. "Электрондық үкімет" порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету


 

      Шартты белгілер: