Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Тұқым шаруашылығы туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына және "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 4-2/664 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10190 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық құқықтық-жүйесінде 2015 жылдың 1 сәуірінде жарияланған) сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерінің шекті сатылу бағасы;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес аудандар бойынша субсидиялар көлемі (егіс алқаптарының болжамды құрылымына қарай) белгіленсін.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары
А. Нұралиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | К. Көкрекбаев |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 141 қаулысына 1-қосымша |
Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерінің шекті сатылу бағасы
№ | Дақыл түрі | Субсидиялауға жататын элиталық жеміс-жидек пен дақылдары мен жүзімнің бір данасын сатудың шекті бағасы, теңге |
1. | Жеміс дақылдарының көшеттері | 210 |
2. | Жүзім көшеттері | 135 |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 141 қаулысына 2-қосымша |
Аудандар бойынша субсидиялар көлемі (егіс алқаптарының болжамды құрылымына қарай)
тонна/данакестенің жалғасы: