"Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 75 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 98 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 8 маусымда № 2662 болып тіркелді

Қолданыстағы
      РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 75 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2208 болып тіркелген, 2014 жылдың 17 мамырында № 72-74 (17929-17931) облыстық "Ақ жол" газетінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ережесінің:
      16 тармағы мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      "10) елді мекендер үшін жерасты суларына іздестіру-барлау жұмыстарын ұйымдастырады және жүргізеді.".
      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
      3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет- ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б. Орынбековке жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі К. Көкрекбаев