Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100% -ға дейін өтеуге арналған субсидия нормативін, сондай-ақ жеткізушіге қойылатын өлшемдер мен талаптарды бекіту туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 11 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 11 ақпанда № 2527 болып тіркелді

Қолданыстағы
      РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуге арналған субсидия нормативі 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруға жеткізушіге қойылатын өлшемдер мен талаптар
2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
      3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      4. "Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100% - ға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативтері, сондай-ақ жеткізушіге қойылатын өлшемдермен талаптарды бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 19 наурыздағы № 56 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 2149 болып тіркелген, 2014 жылғы 15сәуірде "Ақ жол" № 50 және 2014 жылғы 15 сәуірде "Знамя труда" № 40 облыстық газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ. Әдірайымовқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімінің міндетін атқарушы Б. Орынбеков

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
А.С.Мамытбеков
" "__________2015 жыл

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2015 жылғы қаңтардағы
№ қаулысына 1-қосымша

Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуге арналған субсидия нормативі


Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге

Ірі қара мал шаруашылығы

1
Жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеу

бас

2 801,82

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2015 жылғы қаңтардағы
№ қаулысына 2-қосымша

Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруға жеткізушіге қойылатын өлшемдер мен талаптар


Субсидиялау бағыттары

Өлшемдер мен талаптар

1.
Жеке қосалқы шаруашылық-тардағы ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеу
1. Ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруға қажетті құрал жабдықтардың болуы;
2. Азот және бұқа ұрықтарын таситын арнайы техниканың болуы;
3. Арнайы жануарларды қолдан ұрықтандырушы маманның болуы;
4. Жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету жөніндегі шартының болуы;
5. Жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың бір аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету жөніндегі шығындарды есептеу-анықтамасы;
6. Ұрықтандырылған ірі қара малдың аналық басын ұрықтандыру актісінің және тексеру жүргізу актісінің болуы;
7. Отандық асылдандыру орталығынан (асылдандыру орталықтарын есепке алмағанда) ұрықты сатып алуға шартының болуы.