1. Панфилов ауданы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес, пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
2. Аудандық мәслихат аппаратының бас маманы Нұралинова Күлбан Нұртайқызына осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Панфилов аудандық мәслихаттың "Бюджет, экономика, аграрлық, кәсіпкерлік, өндіріс, автокөлік жолдары және құрылыс мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрағасы | М. Оңласынов |
| Мәслихат хатшысы | Т. Оспанов |