Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға тұлғалардың құқықтарын растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 114 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 наурызда № 10420 тіркелді.

Жаңартылған

      Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 10.02.2021 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға тұлғалардың құқықтарын растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті осы бұйрықтың заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Б. Имашев


  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 25 ақпанында
№ 114 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға тұлғалардың құқығын
растайтын құжаттардың тізбесі

      Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығын растайтын құжаттар, мыналар болып табылады:

      1. Соттар асыраушысының қайтыс болуы, жұмыспен байланысты мертігуі немесе денсаулығының өзгедей зақымдануы арқылы келтірілген зиянды өтеу туралы істерді қараған кезде - өндірістегі жазатайым оқиға туралы акт.

      2. Соттардың қарап жатқан даулары кәсіпкерлік қызметпен байланысты болмаса:

      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары үшін - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің органдары беретін Ұлы Отан соғысы қатысушысының куәлігі;

      2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары немесе мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін - зейнеткер куәлігі;

      3) мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер үшін - уәкілетті орган берген әскери билет;

      4) I және II топтардағы мүгедектер үшін - мүгедектігі туралы анықтама;

      5) жасы бойынша зейнеткерлер үшін - зейнеткер куәлігі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 10.02.2021 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Алименттер өндіріп алу мәселелері бойынша - баланың (балалардың) туу туралы куәлігі.

      4. Зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау мәселелері бойынша - азаматтың жеке басын растайтын құжат.

      5. Ақтау мәселелері бойынша:

      1) қылмыстық және әкімшілік процесті жүргізетін органның заңсыз іс-әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша-ақтау фактісін растайтын немесе сотқа дейінге тергеудің тоқтатылуы бойынша немесе әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істің тоқтатылуы немесе қылмыстық немесе әкімшілік іс бойынша өзге де заңсыз шешімдерді жою немесе өзгерту туралы іс жүргізу актісінің көшірмесі;

      2) елден аластату, тұратын жерлерінен немесе мекен еткен аудандарынан аулақтатылу (айдауға немесе жер аударуға жіберу) арнайы қоныс аударуға жіберу түріндегі саяси қуғын-сүргіндердің қолданылғанын растайтын құжаттар, осындай құжаттар болмаған жағдайда, олардың жойылып жіберілуіне байланысты, адамның қуғын-сүргіндер акцияларының салдарынан Қазақстанның аумағында нақты тұрғанын анықтайтын құжат.

      6. Босқын мәртебесін алу мәселелері бойынша - "Пана іздеген адамның куәлігі үлгісін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 328 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілер реестрінде № 9592 тіркелген) нысанға сәйкес пана іздеген адамның куәлігінің үлгісін қоса бере отырып, Ішкі істер органдары беретін Қазақстан Республикасында пана іздеген адамның куәлігі.

      7. Қандас мәртебесін алу мәселелері бойынша - Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде одан тыс жерде тұрақты тұрған және тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстанға келген және "Халықтың көш-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңның 8-бабының 5) тармақшасында көзделген тәртіпте өңірлерге қоныстандырылған этникалық қазақтың жеке басын анықтайтын құжат.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 10.02.2021 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандар мәселелері бойынша:

      1) Баланың:

      ата-ана құқықтарының шектелуіне немесе олардан айырылуына;

      хабарсыз кеткен деп танылуына;

      қайтыс болған деп жариялануына;

      әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектелген деп танылуына;

      бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуіне байланысты жалғыз екі ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынан айыру туралы сот шешімі;

      2) бала тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерін қорғаудан жалтаруына, оның ішінде баланы тәрбиелеу немесе медициналық ұйымнан алудан бас тартуын растайтын құжат.

      9. Қылмыстық, әкімшілік және азаматтық іс жүргізуде жеке тұлғалардың мүдделерін қорғау немесе өкілдік ету мәселелері бойынша - қылмыстық процесті жүргізуші органның қаулысы, судьяның әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органның (лауазымды адамның) қаулысы, соттың немесе судьяның адвокаттардың кәсіби ұйымы немесе оның құрылымдық бөлімшесі арқылы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте қорғаушы немесе өкіл ретінде адвокаттарды ұйымдастыру туралы қаулысы.