Мемлекеттік сот орындаушыларын нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 5 ақпандағы № 69 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 18 ақпанда № 10282 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 69-бабы 2-тармағына, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 131-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік сот орындаушыларын нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті:
      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялануын;
      3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет- ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Б.Ж. Әбдірайымға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әділет министрі                                       Б. Имашев

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      __________Б.Сұлтанов
      2015 жылғы 9 ақпан
      

Қазақстан Республикасы  
Әділет министрінің   
2015 жылғы 5 ақпандағы 
№ 69 бұйрығымен бекітілген

Мемлекеттік сот орындаушыларын нысанды киіммен (погонсыз)
қамтамасыз етудің заттай нормалары

Р/с

Заттардың атауы

1 адамға арналған заттар саны (дана)

1 затты кию мерзімі (жыл)

1

2

3

4

Ерлердің нысанды киімі

1.

Қара көк түсті фуражка

1

5

2.

Ашық сұр түсті цигейкадан тігілген құлақшын

1

3

3.

Қара көк түсті жылы күрте

1

3

4.

Күнделікті қара көк түсті күрте

1

3

5.

Қара көк түсті китель

1

2,5

6.

Қара көк түсті галстук

1

4

7.

Жарық шағылыстырғыш таспасы бар көк түсті кеудеше

1

3

8.

Қара көк түсті балағы сыртқа шығып тұратын жартылай жүн қосылған матадан тігілген шалбар

2

2

9.

Көгілдір түсті, ұзын жеңді, мақта-матадан тігілген жейде

2

1

10.

Көгілдір түсті қысқа жеңді мақта-матадан тігілген жейде

2

1

11.

Қара түсті жартылай жүн қосылған матадан тігілген қолғап

1

1

12.

Сұр түсті жүн қосылған матадан тігілген мойын орамал

1

3

Нысанды киімнің жеке заттары

13.

Шеврон

2

мерзімі шектелмеген

14.

Кокарда

2

мерзімі шектелмеген

15.

Жетон

1

мерзімі шектелмеген

16.

Танымбелгісі

2

мерзімі шектелмеген

Аяқ-киім

17.

Қара түсті былғары туфли

1

1

18.

Теріден жасалған кара түсті, қысқа қонышты, қысқы былғары етік

1

4

Әйелдердің нысанды киімі

19.

Қара көк түсті жартылай жүн қосылған матадан тігілген пилотка

1

5

20.

Ашық сұр түсті цигейка құлақшыны

1

3

21.

Қара көк түсті жүн қосылған матадан тігілген берет

1

5

22.

Қара көк түсті китель

1

2,5

23.

Қара көк түсті галстук

1

4

24.

Жарық шағылыстырғыш таспасы бар көк түсті кеудеше

1

3

25.

Кара көк түсті жылы күрте

1

3

26.

Қара көк түсті күнделікті киетін күрте

1

3

27.

Қара көк түсті жартылай жүн қосылған матадан тігілген белдемше

2

2

28.

Қара көк түсті балағы сыртқа шығып тұратын жартылай жүн қосылған матадан тігілген шалбар

2

2

29.

Көгілдір түсті, ұзын жеңді, мақта-матадан тігілген жейде

2

1

30.

Көгілдір түсті, қысқа жеңді, мақта-матадан тігілген жейде

2

1

31.

Қара түсті жартылай жүн қосылған матадан тігілген қолғап

1

1

32.

Сұр түсті жүн қосылған матадан тігілген мойын орамал

1

3

Нысанды киімнің жеке заттары

33.

Шеврон

2

мерзімі шектелмеген

34.

Кокарда

2

мерзімі шектелмеген

35.

Жетон

1

мерзімі шектелмеген

36.

Танымбелгісі

2

мерзімі шектелмеген

Аяқ-киім

37.

Өкшесі биік емес, қара түсті былғары туфли

1

1

38.

Теріден жасалған қара түсті, ұзын қонышты, қысқы былғары етік

1

4