1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 13 наурыздағы № 200 "Шалқар ауданының ауылдық елді мекендерге 2015 жылы жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4281 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 сәуірде "Шежірелі өлке" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің атауы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
"Шалқар ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2015 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы";
1-тармақтың бірінші абзацы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Шалқар ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына 2015 жылға келесідей әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын:".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы | Г. Сейтова |
| Аудандық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы | Ә. Әбдіғапарова |