"Шалқар ауданының ауылдық елді мекендерге 2015 жылы жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын айқындау туралы" 2015 жылғы 13 наурыздағы № 200 аудандық мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2015 жылғы 9 маусымдағы № 214 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 маусымда № 4377 болып тіркелді

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 13 наурыздағы № 200 "Шалқар ауданының ауылдық елді мекендеріне 2015 жылы жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агорөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4281 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 сәуірдегі "Шежірелі өлке" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің атауы мен 1 тармағында "айқындау", "айқындалсын" сөздері "ұсыну", "ұсынылсын" сөздерімен ауыстырылсын;
      кіріспесіндегі "7 бабының 3 тармағының 4) тармақшасына" деген сөздер "18 бабының 8 тармағына" деген сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы М. Жиенгазина
      Аудандық мәслихаттың хатшысы С. Тулемисов