1. 2015 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Шақыруды өткізу жөніндегі іс-шараларды орындауға байланысты шығындар жергілікті бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылсын.
3. Ұсынылсын:
1) "Шалқар аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны (келісім бойынша) шақыру бойынша іс-шараларды жүргізсін;
2) "Шалқар ауданы ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асырсын.
3) "Шалқар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі, мемлекеттік мекемелермен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген құзыреті шегінде шақыруға байланысты іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етсін.
4. 1,2-қосымшаларға сәйкес 2015 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу кестелері бекітілсін.
5. Ауылдық округтер әкімдері, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және оқу орындарының басшылары шақырылушыларға оларды шақыру учаскесіне шақырылғаны туралы хабарлауды және осы шақыру бойынша адамдардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д. Қарашолақоваға және "Шалқар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Қ. Сыбаевқа жүктелсін.
7. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Е. Данағұлов |
Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 97 қаулысына 1 қосымша |
2015 жылдың сәуір-маусымында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу кестесі
Р/с | Қала, ауылдық округтер атаулары | Сәуір | Мамыр | Маусым |
Шақырылушы-лардың саны | Шақырылушы-лардың саны | Шақырылушы-лардың саны | ||
1 | Шалқар қаласы | 387 | 148 | 32 |
2 | Ақтоғай ауылдық округі | 26 | ||
3 | Айшуақ ауылдық округі | 71 | 11 | |
4 | Бозой ауылдық округі | 89 | 10 | 7 |
5 | Біршоғыр ауылдық округі | 40 | 17 | 10 |
6 | Есет Көтібарұлы ауылдық округі | 20 | 7 | |
7 | Жаңақоныс ауылдық округі | 10 | 4 | |
8 | Қауылжыр ауылдық округі | 30 | 10 | 4 |
9 | Кішіқұм ауылдық округі | 50 | 10 | 6 |
10 | Мөңке би ауылдық округі | 27 | 8 | |
11 | Тоғыз ауылдық округі | 17 | 13 | 3 |
12 | Шетырғыз ауылдық округі | 15 | 6 | |
13 | Шалқар ауылдық округі | 10 | 2 |
Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 97 қаулысына 2 қосымша |
2015 жылдың қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу кестесі
Р/с | Қала, ауылдық округтер атаулары | Қазан | Қараша | Желтоқсан |
Шақырылушы-лардың саны | Шақырылушы-лардың саны | Шақырылушы-лардың саны | ||
1 | Шалқар қаласы | 399 | 101 | 45 |
2 | Ақтоғай ауылдық округі | 37 | ||
3 | Айшуақ ауылдық округі | 85 | 21 | 5 |
4 | Бозой ауылдық округі | 91 | 15 | 9 |
5 | Біршоғыр ауылдық округі | 57 | 21 | 13 |
6 | Есет Көтібарұлы ауылдық округі | 26 | 11 | |
7 | Жаңақоныс ауылдық округі | 21 | 5 | |
8 | Қауылжыр ауылдық округі | 38 | 19 | 5 |
9 | Кішіқұм ауылдық округі | 57 | 15 | 9 |
10 | Мөңке би ауылдық округі | 36 | 11 | |
11 | Тоғыз ауылдық округі | 23 | 18 | 4 |
12 | Шетырғыз ауылдық округі | 25 | 8 | |
13 | Шалқар ауылдық округі | 17 | 3 |