1. Жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтуды ұйымдастыру үшін, қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Шалқар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулының жүзеге асырылуын қамтамасыз етсін.
3. "Шалқар ауданының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі 451-002-100 "Қоғамдық жұмыстар" бюджеттік бағдарламасы бойынша қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаржысы есебінен қаржыландыруды іске асыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.Қарашолақоваға жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Е.Данағұлов |
Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 66 қаулысына қосымша |
2015 жылға Шалқар ауданы бойынша қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері
№ | Мекемелер атауы | Жұмыс және қызмет түрлері. | Орындалатын жұмыс және қызмет көлемінің табиғи көрсеткіштері | Берілген сұраныс | Бекітілді | Қоғамдық жұмысқа қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері | Қаржыландыру көздері. |
Жұмыс орнының саны | Жұмыс орнының саны | ||||||
1 | "Шалқар қаласы әкімінің аппараты" ММ-сі. | Шалқар қаласындағы көшелерді жинастыру, қоқыс шығару, ағаштарды кесу | 80 км | 60 | 50 | Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген төменгі еңбек ақы. | Жергілікті бюджет есебінен қаржыланды-рылады. |
2 | "Инфраком-қызмет" ЖШС-гі | Шалқар қаласындағы көшелерді жинастыру, қоқыс шығару, ағаштарды кесу | 95 км | 70 | 58 | Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген төменгі еңбек ақы. | Жергілікті бюджет есебінен қаржыланды-рылады |
3 | "Шалқар ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі" ММ-сі | Техникалық жұмыс: құжаттарды өңдеуге көмектесу. Карточкамен жұмыс. | 5000 дана | 13 | 13 | Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген төменгі еңбек ақы. | Жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады |
| Барлығы: | | | 143 | 121 | | |
Қоғамдық жұмыстың нақты шарттары. Жұмыс аптасының ұзақтығы, екі демалыс күндерімен бес күн құрайды, сегіз сағаттық жұмыс күні, түскі үзіліс – бір сағат. Еңбегіне төленетін ақы жұмыс уақытын есепке алу табелінде көрсетілген нақты еңбек еткен уақытына, жұмыссыздардың жеке есепшоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.