"Дөң" селолық округіндегі көше атауын өзгерту туралы" 2010 жылғы 22 сәуірдегі № 8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Дөң ауылдық округінің әкімінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 29 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 тамызда № 4463 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына сәйкес, "Дөң" ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Дөң" ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 22 сәуірдегі № 8 "Дөң" селолық округіндегі көше атауын өзгерту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-12-119 тіркелген, 2010 жылғы 27 мамырда аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) мемлекеттік тіліндегі шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің мемлекеттік тіліндегі деректемелері, атауы және бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөзі тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын.
      мемлекеттік тіліндегі шешімнің кіріспе бөлігіндегі ",Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс Тұжырымдамасының 3.2. тармағына" сөздері алынып тасталсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      "Дөң" ауылдық округінің әкімі

Д.Турлыбаев