Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Атаулы күндер мен мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3822 болып тіркелген, 2014 жылдың 27 наурызында аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 24 ақпандағы № 162 шешіміне келесідей толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы келесі мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Ай сайынғы әлеуметтік көмек табыстарын есепке алмай көрсетіледі:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтерге 8 мың теңге мөлшерінде;
Үйде оқитын мүгедек балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне бір мүгедек балаға 1 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың |
Аудандық мәслихат |
сессия төрағасы |
хатшысы |
А.Жұбанышев |
Д.Молдашев |