"Ш. Берсиев атындағы селолық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы" 2011 жылғы 20 қыркүйектегі № 9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округ әкімінің 2015 жылғы 22 шілдедегі № 8 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 19 тамызда № 4469 болып тіркелді

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына сәйкес, Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Шығанақ Берсиев атындағы селолық округі әкімінің 2011 жылғы 20 қыркүйектегі № 9 "Шығанақ Берсиев атындағы селолық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-11-97 болып тіркелген, 2011 жылғы 17 қарашада "Ойыл" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің мемлекеттік тіліндегі деректемелерінде, атауында мен бүкіл мәтіні бойынша "селолық", сөзі тиісінше "ауылдық", сөзімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округінің әкімі А. Мубараков