Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2015 жылғы 13 ақпандағы № 2/255 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 24 ақпанда № 10326 тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының өзгерістер енгізілетін қаулыларының қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының заң бөлімі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                  Қ. Тұрғанқұлов

      Хатшы                                     Б. Мелдешов

Қазақстан Республикасы Орталық
сайлау комиссиясының     
2015 жылғы 13 ақпандағы   
№ 2/255 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының өзгерістер енгізілетін қаулыларының тізбесі

      1. «Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін берудің және есепке алудың тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2009 жылғы 8 сәуірдегі № 161/306 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 5653 болып тіркелген, 2009 жылғы 5 мамырдағы № 158-159 (25556) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған):
      1) атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру және есепке алу қағидаларын бекіту туралы»;
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 6-1) тармақшасына және 41-бабы 6-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру және есепке алу қағидалары бекітілсін.»;
      2) аталған қаулымен бекітілген Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін берудің және есепке алудың тәртібі туралы ережеде:
      атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру және есепке алу қағидалары»;
      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Облыстық, Астана және Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиялары сайлаушылардың тізімдеріне енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 1 % (бір проценті) есебінен баспаханалық тәсілмен дайындалған дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін (бұдан әрі – есептен шығару куәліктері) дауыс беру күніне кемінде отыз күн қалғанда аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссияларына жеткізуді және беруді қамтамасыз етеді (1-қосымша).
      Аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиялары дауыс беру күніне кемінде он алты күн қалғанда, есептен шығару куәліктерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізуді және акт бойынша беруді қамтамасыз етеді.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Енгізілген өтініш бойынша есептен шығару куәлігін берген учаскелiк сайлау комиссиясының мүшесі сайлаушылардың тізіміндегі сайлаушы тегінің тұсындағы «ескертпе» деген бағанға есептен шығару куәлігінің берілгені туралы жазбаны, оның бес таңбалы сериялық нөмірін, берілген күнін енгізеді және өзінің қолын қояды.»;
      12-тармақта бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі сайлаушыны сайлаушылардың тізіміне соңғыдан кейін келетін реттік нөмірмен:
      1) сайлаушының тегін, атын, әкесінің атын;
      2) сайлаушының туған күнін;
      3) сайлаушының жеке басын куәландыратын құжаттың берілген күнін, нөмірін және оны берген органның атауын;
      4) сайлаушының тұрғылықты жері тіркелген мекен-жайын;
      5) сайлаушы тұрғылықты жері бойынша сайлаушыларының тізіміне енгізілген сайлау округінің нөмірі мен сайлау учаскесінің нөмірін;
      6) есептен шығару куәлігінің сериялық нөмірін, оның берілген күнін көрсетіп енгізеді.»;
      1234-қосымшалар осы қаулыға 1234-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. «Сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру пунктін жарақтандыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2012 жылғы 23 қазандағы № 21/183 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 8089 болып тіркелген, 2012 жылғы 28 қарашадағы № 778-784 (278855) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған):
      1) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
      2) аталған қаулымен бекітілген Сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру пунктін жарақтандыру жөніндегі нұсқаулықта:
      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Учаскелік (аумақтық) сайлау комиссиясы (бұдан әрі – сайлау комиссиясы) орналасатын ғимаратта сайлау учаскесінің, дауыс беру пунктінің орналасқан жері, нөмірі және сайлау комиссиясы жұмысының кестесі көрсетілген көрсеткіштер ілінеді.»;
      4-тармақтың 1)2)9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) сайлау комиссиясының мүшелеріне арналған столдар мен орындықтар;»;
      «2) байқаушыларға, сенім білдірілген адамдарға және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған орындықтар;»;
      «9) сайлау комиссиясының құрамы;
      жоғары тұрған сайлау комиссияларының, соттардың, прокуратура органдарының, құқық қорғау органдарының мекен-жайлары мен телефондарының нөмірлері;
      дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерінің үлгілері;
      Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы белгілеген бірыңғай форматтағы кандидаттар мен партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар туралы ақпарат;
      тиісті сайлау комиссиясы белгілеген дауыс беруге арналған үй-жайдағы (пункттегі) тәртіп ережелері;
      сайлау комиссиясының дауыс беру нәтижелері туралы хаттамасының көшірмесі ілінетін ақпараттық стендтер орналастырылады.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Дауыс беруге арналған үй-жайда (пунктте) жасырын дауыс беруге арналған кабиналар жеткiлiктi мөлшерде жабдықталады, сайлау бюллетеньдерiн беретiн орындар айқындалады және дауыс беруге арналған тұрақты жәшiк дауыс беретiн адамдар оған жасырын дауыс беруге арналған кабиналар арқылы өтiп келетiндей етіп, ал сайлау комиссиясының мүшелеріне, байқаушыларға, сенім білдірілген адамдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерiне сайлау жәшігін, жасырын дауыс беру кабиналарына кіру мен шығуды байқау мүмкіндігі қамтамасыз етілетіндей етіп қойылады.
      Дауыс беруге арналған үй-жайдағы (пункттегі) дауыстарды санау жүргiзiлетiн столдар сайлау комиссиясы мүшелерiнiң iс-әрекетiн дауыстарды санау кезінде қатысушы барлық адамдардың толығымен көрiп отыруы қамтамасыз етiлетіндей етiп орналастырылады.»;
      8-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Дауыс беруге арналған үй-жайда (пунктте):
      1) сайлау комиссиясының мөрі;
      2) дауыс беруге арналған жәшіктерді, сайлау құжаттамасын мөрлеуге немесе пломбалауға арналған құралдар;
      3) кеңселік керек-жарақтар (пакеттер, конверттер, қаптар, кеңселік желім, қайшы, буып-түюге арналған қағаз, жазуға арналған қағаз, сызғыштар, көк сиялы қаламдар, қарындаштар, шпагат, қағаз тескіш құрал, степлер, антистеплер, степлердің тоғындары және өзге де керек-жарақтар);
      4) кіріс және шығыс хат-хабарларын тіркеу журналы, байқаушыларды және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тіркеу журналы болуы тиіс.»;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) кеңселік керек-жарақтар (пакеттер, конверттер, қаптар, кеңселік желім, қайшы, буып-түюге арналған қағаз, жазуға арналған қағаз, сызғыштар, көк сиялы қаламдар, қарындаштар, шпагат, қағаз тескіш құрал, степлер, антистеплер, степлердің тоғындары және өзге де керек-жарақтар);»;
      3. «Сайлау құжаттарын сақтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2014 жылғы 17 шілдедегі 11/236 қаулысында (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 6 тамызда № 9686 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 14 тамызда жарияланған):
      аталған қаулымен бекітілген Сайлау құжаттарын сақтау қағидаларында:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      2. Аумақтық сайлау комиссиялары бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау қорытындылары туралы хабар жарияланғаннан кейiн тиiстi облыстардың, қалалардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың мемлекеттiк мұрағаттарына мынадай құжаттарды:
      аумақтық, округтік сайлау комиссияларының хаттамаларын және оларға қосымшаларды;
      облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала, астана), аудандық мәслихаттар сессияларының Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидаттарды ұсыну туралы отырыстарының хаттамаларынан үзiндiлердi;
      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі таңдаушылардың бірлескен отырысын өткізу хаттамаларын және оларға қосымшаларды;
      тиісті сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидатты ұсыну жөніндегі қоғамдық бірлестіктің жоғарғы органы отырысының хаттамасынан үзінділерді;
      Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын, Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін (бұдан әрі - әкімдер) сайлау жөніндегі сақтауға жатпайтын сайлау құжаттарын жоюға бөліп шығару туралы актілерді (бұдан әрі - акт) осы Қағидаларға қосымшаға сай нысан бойынша;
      аудан (қала) әкімінің азаматты әкім лауазымына кандидат ретінде ұсыну туралы ұсынымын;
      әкімді сайлау жөніндегі таңдаушылар отырысының хаттамаларын;
      сайланған әкімді тіркеу туралы аудандық (қалалық) сайлау комиссиясының шешімдерін;
      аумақтық, округтік сайлау комиссияларына келiп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн сақтауға тапсырады.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Әскери бөлімдерде құрылған учаскелік сайлау комиссияларының құжаттары әскери бөлімдердің істерінде сақталады.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньдерді мөрленген күйінде, оның ішінде жекелеген жойылған бюллетеньдерді, жойылған есептен шығару куәліктерін, сондай-ақ сайлаушылардың (таңдаушылардың) тізімдері мен оларға қатысты құжаттарды облыстық, қалалық республикалық маңызы бар қала, астана) сайлау комиссиялары Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына тапсырады, онда құпия ақпарат құқығы негізінде сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейінгі үш ай бойы сақталады, ал кейіннен жойылады.
      Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты қолдап қол қою парақтары, Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидатты қолдап таңдаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парақтары құпия ақпарат құқығы негізінде Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат тіркелген күннен кейінгі он жұмыс күні бойы сақталады, ал кейіннен жойылады.»;
      7-тармақ алып тасталсын;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Мәслихаттардың депутаттарын, әкімдерді сайлау жөніндегі жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньдер мөрленген күйінде, соның ішінде жекелеген жойылған бюллетеньдер, сондай-ақ сайлаушылардың (таңдаушылардың) тізімдері мен оларға қатысты құжаттарды сайлау қорытындылары анықталып, жарияланғаннан кейін тиісті аумақтық сайлау комиссиялары жергілікті атқарушы органдарға аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері бойынша тапсырады, онда құпия ақпарат құқығы негізінде сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейінгі үш ай бойы сақталып, ал кейіннен жойылады.»;
      9-тармақ алып тасталсын.

Қазақстан Республикасы 
Орталық сайлау комиссиясының
2015 жылғы 13 ақпандағы № 2/255
қаулысына 1-қосымша   

Дауыс беру құқығын беретін
есептен шығару куәліктерін
беру және есепке алу   
қағидаларына       
1-қосымша         

Дауыс беру құқығын беретін
ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ КУӘЛІГІ № ___

_____________________________________________________________________
       (сайлаушының тегі, аты, әкесінің аты, туған күні)
_____________________________________________________________________
№ ___________________________________________________________________
      (жеке басын куәландыратын құжаттың атауы және нөмірі)
жылы ________ _______________________________________________________
               (берілген күні)        (оны берген органның атауы)
______________________________________________________________берген,
______________________________________________________________тұрады,
      (тұрғылықты жері тіркелген мекен-жайы)

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы
Конституциялық заңының 41-бабы 6-1-тармағының негізінде дауыс беретін
күні келген жері бойынша сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне
енгізіледі және
______ жылғы ______ _________________________________________________
                               (cайлаудың атауы мен күні)
сайлауында дауыс беруге құқылы.
_____________________________________________________________________
(сайлау учаскесінің орналасқан жері: ауыл, кент, аудан, қала,
қаладағы аудан, облыс)____________________________ мәслихат депутатын
сайлау жөніндегі №_______________________ сайлау округінің
                     (мәслихат атауы)
№_____________сайлау учаскесінің учаскелік сайлау комиссиясы берген.

Учаскелік сайлау комиссиясының
Төрағасы       _______________________ ___________________________
                  МО    (қолы)            (қолдың толық жазылуы)
_______жылғы ______ ______________________
(есептен шығару куәлігі берілген күн)

      Сайлаушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде жарамды
                                 ________________________________
                                   (есептен шығару куәлігінің
                                    бес таңбалы сериялық нөмірі)

Қазақстан Республикасы 
Орталық сайлау комиссиясының
2015 жылғы 13 ақпандағы № 2/255
қаулысына 2-қосымша   

Дауыс беру құқығын беретін
есептен шығару куәліктерін беру
және есепке алу қағидаларына
2-қосымша         

______ жылғы _____ ________________
            (сайлау күні) Қазақстан Республикасы ______________________сайлауы жөніндегі
дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру
АКТІСІ

___ жылғы ____ __________________
           (акт жасалған күн)

_____________________________________________________________________
         (жоғары тұрған сайлау комиссиясының атауы)
_____________________________________________________________________
             (төмен тұрған сайлау комиссиясының атауы)
_____________________________________________________________________
(сериялық нөмірлері көрсетілген дауыс беру құқығын беретін есептен
шығару куәліктерінің саны цифрмен және жазумен)

Төраға __________________________________________ _________________
(жоғары тұрған сайлау комиссиясының атауы) МО (қолы) (қолдың толық жазылуы)
Комиссия мүшелері:
______________________________________________ _____________________
(қолы) (қолдың толық жазылуы)          (қолы) (қолдың толық жазылуы)

Төраға
______________________________________________ ______________________
(төмен тұрған сайлау комиссиясының атауы) МО    (қолы) (қолдың толық жазылуы)

Комиссия мүшелері:
_______________________________ ___________ _________________________
(қолы) (қолдың толық жазылуы)      (қолы)     (қолдың толық жазылуы)

Қазақстан Республикасы 
Орталық сайлау комиссиясының
2015 жылғы 13 ақпандағы № 2/255
қаулысына 3-қосымша  

Дауыс беру құқығын беретін 
есептен шығару куәліктерін
беру және есепке алу қағидаларына
3-қосымша        

Кімге ________________________________________________
(учаскелік сайлау комиссиясының атауы және
орналасқан жері, сайлау учаскесінің нөмірі)

______ жылғы _____ ________________
       (сайлау күні) Қазақстан Республикасы _______________________сайлауы жөніндегі
дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін алуға
ӨТІНІШ

Мен,_________________________________________________________________
            (сайлаушының тегі, аты, әкесінің аты, туған күні)
______________________________________________________ № ____________
(сайлаушының жеке басын куәландыратын құжаттың атауы) (құжаттың нөмірі)
_____жылғы ___________________ ___________ __________________________
           (берілген күні)          (оны берген органның атауы)
_____________________________________________________________________
берген, _____________________________________________________тұратын,
               (тұрғылықты жері тіркелген мекен-жайы)
___________________________________________________________байланысты
(сайлаушы өзінің тұрғылықты жерін ауыстыру себебін көрсетеді және
           оны растайтын құжаттарды танысу үшін ұсынады)

      және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан
Республикасы Конституциялық заңының 41-бабы 6-1-тармағының негізінде
дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін беруді сұраймын.

_____________________ _________________________
(сайлаушының қолы) (қолдың толық жазылуы)

_____ жылғы ______________________
            (өтініш жасалған күн)

Ескертпе: Сайлаушы өтінішті анық жазып, жеке өзі толтырады.

Қазақстан Республикасы 
Орталық сайлау комиссиясының
2015 жылғы 13 ақпандағы № 2/255
қаулысына 4-қосымша  

Дауыс беру құқығын беретін 
есептен шығару куәліктерін
беру және есепке алу қағидаларына
4-қосымша        

№ ________ сайлау учаскесінің учаскелік сайлау комиссиясы
_______________________________________________________________
(сайлау учаскесінің орналасқан жері: ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс)

____ жылғы ______________ ________
          (сайлау өткізілген күн)
_________________________________
      (сайлаудың атауы)

сайлауы бойынша пайдаланылмаған
дауыс беру құқығын беретін есептен
шығару куәліктерін жою туралы

____ жылғы ________ ______________
           (акт қабылданған күн)
_________ сағ. ______________мин.
       (акт қабылданған уақыт)

АКТ

      Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2009 жылғы
8 сәуірдегі № 161/306 қаулысымен бекітілген Дауыс беру құқығын
беретін есептен шығару куәліктерін беру және есепке алу қағидаларының
15-тармағына сәйкес № ___ сайлау учаскесінің сайлау комиссиясы санау
нәтижесінде пайдаланылмаған дауыс беру құқығын беретін есептен шығару
куәліктерінің мынадай санын анықтады:
_____________________________________________________________________
      (cаны)              (жазумен)
_____________________________________________________________________
                          (сериялық нөмірлері)
және оларды _________________________________________________________
            (мөртабан басу, бұрыштарын кесу, тесу және т.б.)
жолымен жойды

Учаскелік сайлау комиссиясының
төрағасы        МО _______________ __________________________________
                      (қолы)           (қолдың толық жазылуы)
Учаскелік сайлау комиссиясы
төрағасының орынбасары ____________ _________________________________
                           (қолы)           (қолдың толық жазылуы)
Учаскелік сайлау комиссиясының ___________ __________________________
хатшысы                           (қолы)     (қолдың толық жазылуы)
Учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері:
____________ __________________________________ _____________________
   (қолы)       (қолдың толық жазылуы) (қолы) (қолдың толық жазылуы)
____________ __________________________________ _____________________
   (қолы)        (қолдың толық жазылуы) (қолы) (қолдың толық жазылуы)