1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 31 шілдедегі № 110 "Ойыл ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3642 тіркелген, 2013 жылдың 12 қыркүйегінде аудандық "Ойыл" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ереженің 1 тармағының 1) тармақшасындағы үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы: | С. Нұрбаев |
| Аудандық мәслихат хатшысы: | Б. Бисекенов |