"Мұғалжар ауданы бойынша ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" 2013 жылғы 17 қаңтардағы № 13 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 333 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 25 қыркүйекте № 4527 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 121-V "Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 17 қаңтардағы № 13 "Мұғалжар ауданы бойынша ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3512 болып тіркелген, 2013 жылғы 14 ақпанда аудандық "Мұғалжар" газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      орыс тіліндегі қаулының 12 қосымшаларында "аульного", "аульных" сөздері "сельского", "сельских" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Аудан әкімі

С. Шаңғұтов