1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 13 наурыздағы № 211 "Мұғалжар ауданының ауылдық елді мекендерге 2015 жылы жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4269 болып тіркелген, 2015 жылдың 30 сәуірінде аудандық "Мұғалжар" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Мұғалжар ауданының ауылдық елді мекендеріне 2015 жылы жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы";
Кіріспедегі "7 бабының 3 тармағының 4) тармақшасына" деген сөздер "18 бабының 2 тармағына" деген сөздермен ауыстырылсын;
1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мұғалжар ауданының ауылдық елді мекендеріне 2015 жылы жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына келесідей әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын:".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың | Аудандық мәслихаттың |
сессия төрағасы | хатшысы |
Н.Сейтқамалов | С.Салықбаев |