1. 2016 жылдың қаңтарынан наурызына дейінгі кезеңде "Ақтөбе облысы Қобда ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу жылы он жеті жасқа толатын 1999 жылы туған еркек жынысты азаматтарды, сонымен қатар, бұрын тіркеуден өтпеген, Қобда ауданының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын ересек жастағы азаматтарды тіркеуден өткізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. "Ақтөбе облысы Қобда ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) азаматтардың шақыру учаскесіне тіркелуін ұйымшылдықпен жүргізуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын, тіркеу қорытындысы туралы 2016 жылдың 10 сәуірінде аудан әкіміне хабарласын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Елеусіноваға жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А.Жүсібалиев |