1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандар үшiн жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. "Байғанин аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Ш.Спановаға жүктелсiн.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Байғанин ауданы әкімінің міндетін атқарушы |
А.Ерғалиев |