"Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2015 жылғы 6 қарашадағы № 410 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 9 желтоқсанда № 4631 болып тіркелді

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 16-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 15 шілдедегі № 15-02/655 "Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Ақтөбе облысы әкімдігінің мына қаулыларының күштері жойылды деп танылсын:
      2014 жылғы 4 сәуірдегі № 94 "Фитосанитариялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3890 тіркелген, 2014 жылғы 15 мамырда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған);
      2014 жылғы 17 қыркүйектегі № 325 "Облыс әкімдігінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 94 Фитосанитариялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4044 тіркелген, 2014 жылғы 28 қазанда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған).
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М.С.Жұмағазиевке жүктелсін.
      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 15 шілдедегі № 15-02/655 "Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" бұйрығы қолданысқа енгізілгеннен бұрын емес.
      Ақтөбе облысының әкімі Б. Сапарбаев

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы 6 қарашадағы
№ 410 қаулысымен бекітілген

"Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру:
      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      "электрондық үкіметтің" www.e.gov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия,лицензияның телнұсқасын беру, лицензияны қайта рәсімдеунемесе Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 15 шілдедегі № 15-02/655 "Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі болып табылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге қағаз жеткізгіште жүгінген жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі электрондық нысанда рәсімделеді, басып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының қолымен куәландырылады.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)іс-әрекеттерінің тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету жөніндегі рәсімдерді бастауға негіз болып табылады:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) лицензияны және лицензияға қосымшаны алу үшiн:
      стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) лицензиясы бар қызмет түрi шеңберiнде лицензияға қосымшаны алу үшiн:
      стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
      3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу үшiн:
      стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
      4) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған, бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушы лицензия туралы мәліметтерді порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшін:
      еркін нысанда өтініш;
      порталда:
      1) лицензияны және лицензияға қосымшаны алу үшiн:
      стандарттың 1-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электронды құжат нысанындағы өтініш;
      2) лицензиясы бар қызмет түрi шеңберiнде лицензияға қосымшаны алу үшiн:
      стандарттың 1-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электронды құжат нысанындағы өтініш;
      3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу үшiн:
      стандарттың 2-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электронды құжат нысанындағы өтініш;
      4) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны жоғалтқан, бүлдірген кезде лицензия туралы мәліметтерді тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болмаған кезде ғана лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.
      5. Мемлекеттiк көрсетілетін қызметті көрсету үдерісінің құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (іс-әрекеттің) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы.
      Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы (бұдан әрі – кеңсе маманы) Стандарттың 9-тармағының 1) және 2) тармақшасында көрсетілген қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті алушы берген сәттен бастап 30 (отыз) минуттың ішінде қабылдайды және тіркейді, оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау уақыты мен күнін көрсете отырып тіркелгені туралы белгі қояды.
      Нәтижесі – құжаттар көрсетілетін қызметті берушінің басшысына (бұдан әрі – басшы) бұрыштама қоюға жолданады;
      2) басшы 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттармен танысады, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын (бұдан әрі – жауапты орындаушы) белгілейді.
      Нәтижесі – құжаттар жауапты орындаушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін жолданады;
      3) жауапты орындаушы 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттардың толықтығын тексереді, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның жобасын дайындайды және тұтынушылардың құқығын қорғау және тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы саласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономикалық министрлігінің Тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық бөлiмшесіне (бұдан әрі – мүдделі орган) келісім алу үшін жолдайды немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді.
      Нәтижесі – лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның жобасы келісім алу үшін мүдделі органға жолданады немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді;
      4) мүдделі орган 5 (бес) жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды, көрсетілетін қызметті алушының қойылатын талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігін анықтайды, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруге қорытынды немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді.
      Нәтижесі – лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруге қорытынды немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;
      5) жауапты орындаушы 6 (алты) жұмыс күні ішінде мүдделі органның қорытындысын немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабын қарайды, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты рәсімдейді, басшыға қол қоюға жібереді.
      Нәтижесі – рәсімделген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;
      6) басшы 1 (бір) жұмыс күні ішінде лицензияға және (немесе) лицензияға қосымшаны немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды және кеңсе маманына жолдайды.
      Нәтижесі – қол қойылған лицензия және (немесе) лицензияға қосымша немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;
      7) кеңсе маманы 30 (отыз) минуттың ішінде қорытындыны тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді.
      Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға нәтижесі беріледі.
      Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу кезінде:
      1) кеңсе маманы Стандарттың 9-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті алушы берген сәттен бастап 30 (отыз) минут ішінде қабылдайды және тіркейді, оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау уақыты мен күнін көрсете отырып тіркелгені туралы белгі қояды.
      Нәтижесі – құжаттар басшыға бұрыштама қоюғажолданады;
      2) басшы 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгілейді.
      Нәтижесі – құжаттар жауапты орындаушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін жолданады;
      3) жауапты орындаушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттарды қарап шығады, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдейді немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты рәсімдейді және басшыға қол қоюға жібереді.
      Нәтижесі – қайта рәсімделген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      4) басшы 1 (бір) жұмыс күні ішінде қайта рәсімделген лицензияға және (немесе) лицензияға қосымшаға немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды және кеңсе маманына жолдайды.
      Нәтижесі – қол қойылған қайта рәсімделген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;
      5) кеңсе маманы 30 (отыз) минут ішінде нәтижені тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға қайта рәсімделген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты береді.
      Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға нәтижесін береді;
      Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру кезінде:
      1) кеңсе маманы Стандарттың 9-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті алушы берген сәттен бастап 30 (отыз) минут ішінде қабылдайды және тіркейді, оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау уақыты мен күнін көрсете отырып тіркелгені туралы белгі қояды.
      Нәтижесі – құжаттар басшыға бұрыштама қоюға жолданады;
      2) басшы 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттармен танысады және жауапты орындаушыны белгілейді.
      Нәтижесі – құжаттар жауапты орындаушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін жолданады;
      3) жауапты орындаушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды, басшыға қол қоюға береді және кеңсе маманына жолдайды.
      Нәтижесі – лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасы немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;
      4) кеңсе маманы 30 (отыз) минут ішінде нәтижені тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді.
      Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға нәтижесін береді;

3. Мемлекеттiк көрсетілетін қызметті көрсету үдерісіндегі көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара іс-әрекеттерінің тәртiбiн сипаттау

      6. Мемлекеттiк көрсетілетін қызметті көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) тiзбесі:
      1) басшы;
      2) кеңсе маманы;
      3) жауапты орындаушы;
      4) мүдделі орган.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) орындалу ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-әрекеттердің) реттілігін сипаттау.
      Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде:
      1) кеңсе маманы 30 (отыз) минут ішінде құжаттарды қабылдайды және тіркейді;
      2) басшы 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттармен танысады және жауапты орындаушыны белгілейді;
      3) жауапты орындаушы 2 (екі) жұмыс күні ішінде тапсырылған құжаттардың толықтығын тексереді, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның жобасын дайындайды және мүдделі органға келісім алу үшін жолдайды немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды;
      4) мүдделі орган 5 (бес) жұмыс күні ішінде лицензияны және (немесе) лицензия қосымшасының жобасын қарайды және көрсетілетін қызметті алушының қойылатын талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігін анықтайды, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруге қорытынды немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді.
      5) жауапты орындаушы 6 (алты) жұмыс күні ішінде мүдделі органның қорытындысын немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабын қарайды, лицензияны және (немесе) лицензияның қосымшасын немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты рәсімдейді және басшыға қол қоюға береді;
      6) басшы 1 (бір) жұмыс күні ішінде лицензияға және (немесе) лицензияның қосымшасына немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды және оларды кеңсе маманына береді;
      7) кеңсе маманы 30 (отыз) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға лицензияны және (немесе) лицензияның қосымшасын немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты береді;
      Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеу кезінде:
      1) кеңсе маманы 30 (отыз) минут ішінде құжаттарды қабылдайды және тіркейді;
      2) басшы 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгілейді;
      3) жауапты орындаушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдейді немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды және басшыға қол қоюға береді;
      4) басшы 1 (бір) жұмыс күні ішінде қайта рәсімделген лицензияға және (немесе) лицензияның қосымшасына немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды және кеңсе маманына береді;
      5) кеңсе маманы 30 (отыз) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға қайта рәсімделген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты береді;
      Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру кезінде:
      1) кеңсе маманы 30 (отыз) минут ішіндеқұжаттарды қабылдайды және тіркейді;
      2) басшы 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттармен танысады және жауапты орындаушыны белгілейді;
      3) жауапты орындаушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды, басшыға қол қоюға береді және кеңсе маманына жолдайды;
      4) кеңсе маманы 30 (отыз) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты береді.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе)өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-әрекетінің тәртібі, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      8. Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының жүгінуімен рәсімдердің (іс-әрекеттердің) реттілігі тәртібін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы компьютердегі интернет-браузерде сақталған өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен порталда тіркеуді жүзеге асырады (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметтіалушылар үшін жүзеге асырылады);
      2) 1 үдеріс – компьютердің интернет-браузеріне көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметтіалушының паролін порталға енгізу (авторизациялау үдерісі);
      3) 1 шарт – жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН/БСН) логині мен пароль арқылы көрсетілетін қызметті алушыныңтіркелген деректерінің дұрыстығын порталда тексеру;
      4) 2 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарды порталдыңқалыптастыруы;
      5) 3 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен пішімдік талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), сұрау салу нысанына электрондық түрдегі қажетті құжаттарды қоса беру;
      6) 4 үдеріс – "электрондық үкіметтің" төлем шлюзіне (бұдан әрі – ЭҮТШ) қызметтің ақысын төлеу, ал содан кейін бұл ақпарат "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ЕЛ МДБ АЖ) келіп түседі;
      7) 2 шарт – ЕЛ МДБ АЖ-де қызмет көрсету үшін төлем дерегін тексеру;
      8) 5 үдеріс – ЕЛМДБ АЖ-де қызмет көрсету үшін төлемнің болмауына байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарды қалыптастыру;
      9) 6 үдеріс – сұранысты куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдау;
      10) 3 шарт – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген ЖСН/БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы теңестіру деректерінің сәйкестігін порталда тексеру;
      11) 7 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарды қалыптастыру;
      12) 8 үдеріс – қызметті көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерін) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы куәландыру (қол қою);
      13) 9 үдеріс – ЕЛ МДБ АЖ-де электрондық құжатты тіркеу (көрсетілетін қызметті алушының сұранысы) және "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасының автоматтандырылған жұмыс орнының ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ЕЛ МДБ АЖО АЖ-де) сұранысты өңдеу;
      14) 4 шарт – көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына және лицензия беру үшін негіздемелерге сәйкестігін көрсетілетін қызметті берушімен тексеру;
      15) 10 үдеріс – ЕЛ МДБ АЖО АЖ-декөрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарды қалыптастыру;
      16) 11 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЕЛ МДБ АЖО АЖ-мен қалыптастырылған қызмет нәтижесін алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ пайдалана отырып қалыптастырылады.
      9. Көрсетілетін қызметті берушінің портал арқылы мемлекеттiк көрсетілетін қызметті көрсету үдерісiнде ақпараттық жүйелердi қолдану тәртiбiнің толық сипаттамасы осы регламенттiң 1-қосымшасында ұсынылады.
      10. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібін және рәсімдердің (іс-әрекеттердің) реттілігін сипаттау:
      1) 1 үдеріс – көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерімен мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін ЕЛ МДБ АЖО АЖ-ге логин мен пароль енгізу (авторизациялау үдерісі);
      2) 1 шарт – көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің түпнұсқалығын ЕЛ МДБ АЖО АЖ-де логин мен пароль арқылы тексеру;
      3) 2 үдеріс – көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерінің деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты ЕЛ МДБ АЖО АЖ-мен авторизациялаудан бас тарту туралы хабарды қалыптастыру;
      4) 3 үдеріс – көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерінің осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығаруы және көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерімен көрсетілетін қызметті алушының деректерін енгізу;
      5) 4 үдеріс – электрондық үкіметтің шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы жеке тұлғалар/заңды тұлғалардың мемлекеттік деректер базасына (бұдан әрі – ЖТ/ЗТ МДБ) көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы сұрау салу;
      6) 2 шарт – ЖТ/ЗТ МДБ-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінің болуын тексеру;
      7) 5 үдеріс – ЖТ/ЗТ МДБ-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінің жоқтығына байланысты деректерді алу мүмкін болмауы туралы хабарды қалыптастыру;
      8) 6 үдеріс – құжаттардың қағаз түрінде болуы туралы белгі соғу бөлігінде сұрау салу нысанын толтыру және көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттарды сканерлеуі және оларды сұрау салу нысанына қоса беруі;
      9) 7 үдеріс – ЕЛ МДБ АЖО АЖ-де сұранысты тіркеу және көрсетілетін қызметті өңдеу;
      10) 3 шарт –көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына және лицензия беру үшін негіздемелерге сәйкестігін көрсетілетін қызметті берушімен тексеру;
      11) 8 үдеріс – ЕЛ МДБ АЖО АЖ-де көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарды қалыптастыру;
      12) 9 үдеріс – ЕЛ МДБ АЖО АЖ-де қалыптастырылған көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының алуы (электрондық лицензия). Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ пайдалана отырып жасалады.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің), өзара іс –әрекеттерінің реттілігінің толық сипаттамасы осы регламенттің 2 (лицензияны және лицензияға қосымшаны беру кезінде), 3 (лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеу кезінде), 4 (лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру кезінде) қосымшаларына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

  "Пестицидтердi (улы
химикаттарды) өндiру
(формуляциялау), пестицидтердi
(улы химикаттарды) өткiзу,
пестицидтердi (улы
химикаттарды) аэрозольдiк және
фумигациялық тәсiлдермен
қолдануға байланысты қызметті
жүзеге асыруға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызметрегламентіне 1-қосымша

Көрсетілетін қызметті берушінің портал арқылы мемлекеттiк көрсетілетін қызметті көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелердi қолдану тәртiбi



  "Пестицидтердi (улы
химикаттарды) өндiру
(формуляциялау), пестицидтердi
(улы химикаттарды) өткiзу,
пестицидтердi (улы
химикаттарды) аэрозольдiк және
фумигациялық тәсiлдермен
қолдануға байланысты қызметті
жүзеге асыруға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 2-қосымша

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы (лицензия және лицензияға қосымшасын беру кезінде)


  "Пестицидтердi (улы
химикаттарды) өндiру
(формуляциялау), пестицидтердi
(улы химикаттарды) өткiзу,
пестицидтердi (улы
химикаттарды) аэрозольдiк және
фумигациялық тәсiлдермен
қолдануға байланысты қызметті
жүзеге асыруға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 3-қосымша

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы (лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеу кезінде)


  "Пестицидтердi (улы
химикаттарды) өндiру
(формуляциялау), пестицидтердi
(улы химикаттарды) өткiзу,
пестицидтердi (улы
химикаттарды) аэрозольдiк және
фумигациялық тәсiлдермен
қолдануға байланысты қызметті
жүзеге асыруға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 4-қосымша

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы (лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру кезінде)