"Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 тамыздағы № 311 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 қыркүйекте № 4521 болып тіркелді

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 16-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 4-4/679 "Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.С.Жұмағазиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 4-4/679 "Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" бұйрығы қолданысқа енгізілгеннен бұрын емес.
      Облыс әкімі А. Мұхамбетов

  Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 тамыздағы № 311 қаулысымен бекітілді

"Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер

      1. "Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" (бұдан әрі – Басқарма) және Ақтөбе қаласының және аудандардың ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімдері (бұдан әрі – Бөлім) мемлекеттік мекемелерімен көрсетіледі.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Тиесілі субсидияларды одан әрі көрсетілетін қызметті алушылардың банктік есепшоттарына аудару үшін "Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық Департаменті" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Аумақтық қазынашылық бөлімшесі) төлем шоттарының тізілімін ұсыну мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып табылады:
      1) ағымдағы жылы және өткен жылдың 4 (төртінші) тоқсанында тыңайтқыштарды жеткізушіден және (немесе) тiкелей шетелдiк тыңайтқыштарды өндiрушiден сатып алынған тыңайтқыштарға (органикалықтарды қоспағанда) жұмсалған шығындарды өтеу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге;
      2) ағымдағы жылы және өткен жылдың 4 (төртінші) тоқсанында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өткізілген тыңайтқыштардың (органикалықтарды қоспағанда) құнын арзандату үшін отандық тыңайтқыш өндірушілерге.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекетінің тәртібін сипаттау

      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашлығы министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 4-4/679 "Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы бұйрығымен бекітілген "Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді бастау үшін негіз болып табылады.
      Құжаттар тізбесін қабылдау Стандарттың 9-тармағына сәйкес жүргізіледі.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны:
      1) Бөлімнің жауапты орындаушысы:
      өтінімді қабылдағаннан кейін 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға қабылданған күні және уақыты, өтінімді қабылдаған лауазымды адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген қолхат береді.
      Нәтижесі –өтінімді қабылдау туралы қолхат беру;
      көрсетілетін қызметті алушы өтінім ұсынған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде Стандарттың қосымшасында көрсетілген шарттарға сәйкестігін тексереді.
      Нәтижесі – Стандарттың қосымшасында көрсетілгеншарттарға сәйкестігін тексеру;
      1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға субсидиялар беруде оң шешім болған жағдайда Бөлім өтінімді Басқармаға жібереді, теріс шешім болған жағдайда субсидиялар бермеудің себептерін көрсете отырып жазбаша түрде хабардар етеді.
      Нәтижесі – өтінімді Басқармаға жіберу немесетеріс шешім туралы жазбаша хабарлау;
      2) Басқарманың жауапты орындаушысыкөрсетілетін қызметті алушыданөтінім түскеннен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде субсидиялар төлеу үшін ведомості құрады жәнеАумақтық қазынашылық бөліміне көрсетілетін қызметті алушылардыңшотына тиесілі субсидияларды аудару үшін ақы төлеуге төлем құжаттарын береді.
      Нәтижесі – аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем құжаттарын беруі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекетінің тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) Бөлімнің жауапты орындаушысы;
      2) Басқарманың жауапты орындаушысы;
      3) Аумақтық қазынашылық бөлімшесі.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, рәсімдердің (іс-әрекеттердің) реттілігін сипаттау:
      1) Бөлімнің жауапты орындаушысы:
      өтінімді қабылдағаннан кейін 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға қабылданған күні және уақыты, өтінімді қабылдаған лауазымды адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген қолхат береді;
      көрсетілетін қызметті алушы өтінім ұсынған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде Стандарттың қосымшасында көрсетілген шарттарға сәйкестігін тексереді.
      1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға субсидиялар беруде оң шешім болған жағдайда Бөлім өтінімді Басқармаға жібереді, теріс шешім болған жағдайда субсидиялар бермеудің себептерін көрсете отырыпжазбаша түрде хабардар етеді;
      2) Басқарманың жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыданөтінім түскеннен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде субсидиялар төлеу үшін ведомості құрады және Аумақтық қазынашылық бөліміне көрсетілетін қызметті алушылардың шотына тиесілі субсидияларды аудару үшін ақы төлеуге төлем құжаттарын береді.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде рәсімдердің (іс-әрекеттердің) реттілігін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекеттерінің толық сипаттамасы мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес -үдерістерінің анықтамалығына сәйкес осы регламенттің қосымшасында көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

  "Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау"мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы