"Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2015 жылғы 24 маусымдағы № 223 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 24 шілдеде № 4444 болып тіркелді

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 16-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-2/419 "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2014 жылғы 22 қыркүйектегі № 331 "Элиталық тұқымдарды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4038 тіркелген, 2014 жылғы 21 қазанда "Ақтөбе" және 2014 жылғы 28 қазанда "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.С.Жұмағазиевке жүктелсін.
      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-2/419 "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" бұйрығы қолданысқа енгізілгеннен бұрын емес.
      Облыс әкімі А.Мұхамбетов

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы 24 маусымдағы
№ 223 қаулысымен бекітілген

"Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" (бұдан әрі – Басқарма) және Ақтөбе қаласының және аудандардың ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімдері (бұдан әрі – Бөлім) мемлекеттік мекемелерімен көрсетіледі.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметтің көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Тиесілі субсидияларды одан әрі көрсетілетін қызметті алушылардың банктік есепшотына аудару үшін "Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық Департаменті" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Аумақтық қазынашылық бөлімшесі) төлем шоттарының тізілімін ұсыну мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып табылады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісінде қызмет берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) іс-әрекетінің тәртiбiн сипаттау

      4. "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-2/419 бұйрығымен бекітілген "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1, 2, 3, 4, 5 - қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтінім мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-әрекетті) бастау үшін негіз болып табылады.
      Құжаттар тізбесін қабылдау Стандарттың 9-тармағына сәйкес жүргізіледі.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, оларды орындаудың ұзақтығы:
      1) Бөлімнің жауапты орындаушысы субсидиялар алуға құжаттар қабылдау мерзімін көрсете отырып, субсидиялау бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдаудың басталғаны, Комиссияның жұмыс тәртібі туралы хабарландыруды аудан әкімдігінің интернет-ресурсында және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етеді;
      2) ведомствоаралық комиссия 3 (үш) жұмыс күні ішінде құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушылардың тізбесін қалыптастырады және оны ауданның әкіміне бекітуге жолдайды.
      Нәтижесі – құжаттарды ауданның әкіміне бекітуге жолдау;
      3) ауданның әкімі аудан бойынша тізбені және тізілімді алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде бекітеді.
      Нәтижесі – аудан бойынша тізбені және тізілімді бекіту;
      4) Бөлімнің жауапты орындаушысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде аудан бойынша тізбе және тізілім бекітілгеннен кейін Басқармаға ұсынады.
      Нәтижесі – аудан бойынша тізбені және тізілімді Басқармаға ұсыну;
      5) Басқарманың жауапты орындаушысы 10 (он) жұмыс күні ішінде құжаттар келіп түскен күннен бастап облыс бойынша жиынтық актілерді жасайды және бекітеді, мәліметтердің сәйкессіздігі немесе құжаттардың тиісінше рәсімделмеуі фактілерін анықтаған жағдайда субсидияларды төлеуге арналған жиынтық ведомостке қосудан бас тартады.
      Нәтижесі – жиынтық актілерді жасау және бекіту немесе субсидияларды төлеуден бас тарту;
      6) Басқарманың жауапты орындаушысы 10 (он) жұмыс күні ішінде жиынтық ведомості бекітілгеннен кейін төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес Аумақтық қазынашылық бөлімшесіне көрсетілетін қызметті алушының шотына тиесілі субсидияларды аудару үшін ақы төлеуге төлем құжаттарын береді.
      Нәтижесі - Аумақтық қазынашылық бөліміне төлем құжаттарын беру.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекетінің тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) Бөлімнің жауапты орындаушысы;
      2) ведомствоаралық комиссия;
      3) аудан әкімі;
      4) Басқарманың жауапты орындаушысы.
      7. Әрбір рәсiмнің (іс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) өту реттілігін сипаттау:
      1) Бөлімнің жауапты орындаушысы субсидиялар алуға құжаттар қабылдау мерзімін көрсете отырып, субсидиялау бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдаудың басталғаны, Комиссияның жұмыс тәртібі туралы хабарландыруды аудан әкімдігінің интернет-ресурсында және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етеді;
      2) ведомствоаралық комиссия 3 (үш) жұмыс күні ішінде құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушылардың тізбесін қалыптастырады және оны ауданның әкіміне бекітуге жолдайды;
      3) ауданның әкімі аудан бойынша тізбені және тізілімді алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде бекітеді;
      4) Бөлімнің жауапты орындаушысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде аудан бойынша тізбе және тізілім бекітілгеннен кейін Басқармаға ұсынады;
      5) Басқарманың жауапты орындаушысы 10 (он) жұмыс күні ішінде құжаттар келіп түскен күннен бастап облыс бойынша жиынтық актілерді жасайды және бекітеді, мәліметтердің сәйкессіздігі немесе құжаттардың тиісінше рәсімделмеуі фактілерін анықтаған жағдайда субсидияларды төлеуге арналған жиынтық ведомостке қосудан бас тартады;
      6) Басқарманың жауапты орындаушысы 10 (он) жұмыс күні ішіндежиынтық ведомості бекітілгеннен кейін төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес аумақтық қазынашылық бөлімшесіне көрсетілетін қызметті алушының шотына тиесілі субсидияларды аудару үшін ақы төлеуге төлем құжаттарын береді.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде рәсімдердің (іс-әрекеттердің) реттілігін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекеттерінің толық сипаттамасы мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығына сәйкес осы регламенттің қосымшасында көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы, көрсетілетін қызметті берушінің интернет- ресурсында орналастырылады.

  "Тұқым шаруашылығын
дамытуды субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерісінің анықтамалығы