1. "Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.С.Жұмағазиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 4-1/428 ""Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" бұйрығы қолданысқа енгізілгеннен бұрын емес.
Облыс әкімі | А. Мұхамбетов |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 199 қаулысымен бекітілген |
"Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі -мемлекеттік қызмет) "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемелерімен (бұдан әрі - Басқарма) және аудандардың және Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімдерімен (бұдан әрі - Бөлім) көрсетіледі.Өтініштерді қабылдау және көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижелерін беру Бөлімнің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі көрсетілетін қызмет алушылардың банктік есепшотына аудару үшін "Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаменті" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Аумақтық қазынашылық бөлімшесі) төлем шоттарының тізілімін ұсыну мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісінде қызмет берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) іс-әрекетінің тәртiбiн сипаттау
4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 4-1/428 ""Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-әрекетті) бастау үшін негіз болып табылады.5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, оларды орындаудың ұзақтығы:
1) Бөлімнің жауапты орындаушысы:
көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттардың толық топтаманы өтінімімен бірге қабылдайды (30 (отыз) минуттан артық емес);
нәтижесі–құжаттар топтамасының қабылданған күні және уақыты, құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болған жағдайда) көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгімен расталады;
өтiнiмдер мен құжаттарды алғаннан кейiн ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi (3 (үш) жұмыс күнi iшiнде);
нәтижесі - ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі - ВАК) қарауына енгiзедi;
2) ВАК:
Бөлiм ұсынған құжаттарды қарап, субсидиялар алуға үмiткер көрсетілетін қызметті алушылардың тiзiмiн жасайды (3 (үш) жұмыс күнi iшiнде);
өскіндердің болуын шолып тексереді (2 (екі) апта ішінде);
тексеру қорытындылары бойынша акт жасайды (3 (үш) жұмыс күнi iшiнде);
актiнiң және көрсетілетін қызметті алушылардың Бөлiмге ұсынған құжаттардың негiзiнде субсидиялар алуға көрсетілетін қызметті алушылардың түпкiлiктi тiзiмiн жасайды (5 (бес) жұмыс күнi iшiнде);
нәтижесі - оны аудан (Ақтөбе қаласы) әкіміне бекітуге жолдайды;
3) аудан (Ақтөбе қаласы) әкімі көрсетілетін қызметті алушылардың тiзiмiн бекітеді (2 (екі) жұмыс күні ішінде);
4) Бөлімнің жауапты орындаушысы:
көрсетілетін қызметті алушыны ВАК тiзiмге енгiзуден бас тартқан жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себептерiн көрсете отырып тиiстi анықтама бередi (2 (екi) жұмыс күнi iшiнде);
Басқармаға аудандардың және Ақтөбе қаласының әкімдерімен бекітілген тізімді және басқа да қажетті құжаттарды ұсынады (3 (үш) жұмыс күнi iшiнде);
5) Басқарманың жауапты орындаушысы тізімдеме қалыптастырады және Аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін ұсынады (5 (бес) жұмыс күні ішінде).
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекетінің тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:1) Бөлімнің жауапты орындаушысы;
2) Басқарманың жауапты орындаушысы;
3) ВАК;
4) аудан (Ақтөбе қаласы) әкімі.
7. Әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, рәсімдердің (іс-әрекеттердің) реттілігін сипаттау:
1) Бөлімнің жауапты орындаушысы:
көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттардың толық топтамасын өтінімімен бірге қабылдайды (30 (отыз) минуттан артық емес);
құжаттар топтамасының қабылданған күні және уақыты, құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болған жағайда) көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгімен бекітіледі;
өтiнiмдер мен құжаттарды алғаннан кейiн ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi (3 (үш) жұмыс күнi iшiнде);
ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі - ВАК) қарауына енгiзедi;
2) ВАК:
Бөлiм ұсынған құжаттарды қарап, субсидиялар алуға үмiткер көрсетілетін қызметті алушылардың тiзiмiн жасайды (3 (үш) жұмыс күнi iшiнде);
өскіндердің болуын шолып тексереді (2 (екі) апта ішінде);
тексеру қорытындылары бойынша акт жасайды (3 (үш) жұмыс күнi iшiнде);
актiнiң және көрсетілетін қызметті алушылардың Бөлiмге ұсынған құжаттардың негiзiнде субсидиялар алуға көрсетілетін қызметті алушылардың түпкiлiктi тiзiмiн жасайды (5 (бес) жұмыс күнi iшiнде);
оны аудан (Ақтөбе қаласы) әкіміне бекітуге жолдайды;
3) аудан (Ақтөбе қаласы) әкімі көрсетілетін қызметті алушылардың тiзiмiн бекітеді (2 (екі) жұмыс күні ішінде);
4) Бөлімнің жауапты орындаушысы:
көрсетілетін қызметті алушыны ВАК тiзiмге енгiзуден бас тартқан жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себебiн көрсете отырып тиiстi анықтама бередi (2 (екi) жұмыс күнi iшiнде);
Басқармаға аудандардың және Ақтөбе қаласының әкімдерімен бекітілген тізімді және басқа да қажетті құжаттарды ұсынады (3 (үш) жұмыс күнi iшiнде);
5) Басқарманың жауапты орындаушысы тізімдеме қалыптастырады және Аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін ұсынады (5 (бес) жұмыс күні ішінде).
8. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде рәсімдердің (іс-әрекеттердің) реттілігін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдары толық сипаттамасы мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес үдерістерінің анықтамалығына сәйкес осы регламенттің қосымшасында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша |