"Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 201 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 7 шілдеде № 4420 болып тіркелді

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы 16-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-3/423 ""Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.С.Жұмағазиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-3/423 ""Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" бұйрығы қолданысқа енгізілгеннен бұрын емес.
      Облыс әкімі А. Мұхамбетов

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы 8 маусымдағы
№ 201 қаулысымен бекітілген

"Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемелерімен (бұдан әрі – Басқарма) және аудандардың және Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімдерімен (бұдан әрі – Бөлім) көрсетіледі.
      Өтініштерді қабылдау және көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижелерін беру Бөлімнің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі көрсетілетін қызмет алушылардың банктік есепшотына аудару үшін "Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық Департаменті" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Аумақтық қазынашылық бөлімшесі) төлем шоттарының тізілімін ұсыну мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі болып табылады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісінде қызмет берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) іс-әрекетінің тәртiбiн сипаттау

      4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-3/423 ""Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-әрекетті) бастау үшін негіз болып табылады.
      Құжаттар тізбесін қабылдау Стандарттың 9-тармағына сәйкес жүргізіледі.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, оларды орындаудың ұзақтығы:
      1) Бөлімнің жауапты орындаушысы:
      көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттардың толық топтаманы өтінімімен бірге қабылдайды (30 (отыз) минуттан артық емес);
      өтiнiмдер мен құжаттарды алғаннан кейiн ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi (3 (үш) жұмыс күнi iшiнде);
      нәтижесі - ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі - ВАК) қарауына енгiзедi;
      2) ВАК:
      Бөлiм ұсынған құжаттарды қарап, субсидиялар алуға үмiткер көрсетілетін қызметті алушылардың тiзiмiн жасайды (3 (үш) жұмыс күнi iшiнде);
      өскіндердің болуын шолып тексереді (2 (екi) апта ішінде);
      тексеру қорытындылары бойынша акт жасайды (3 (үш) жұмыс күнi iшiнде);
      актiнiң және көрсетілетін қызметті алушылардың Бөлiмге ұсынған құжаттардың негiзiнде субсидиялар алуға көрсетілетін қызметті алушылардың түпкiлiктi тiзiмiн жасайды (5 (бес) жұмыс күнi iшiнде);
      нәтижесі -оны аудан (Ақтөбе қаласы) әкіміне бекітуге жолдайды;
      3) аудан (Ақтөбе қаласы) әкімі көрсетілетін қызметті алушылардың тiзiмiн бекітеді (2 (екі) жұмыс күні ішінде);
      4) Бөлімнің жауапты орындаушысы:
      көрсетілетін қызметті алушыны ВАК тiзiмге енгiзуден бас тартқан жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себептерiн көрсете отырып тиiстi анықтама бередi (2 (екi) жұмыс күнi iшiнде);
      Басқармаға аудандардың және Ақтөбе қаласының әкімдерімен бекітілген тізімді және басқа да қажетті құжаттарды ұсынады (3 (үш) жұмыс күнi iшiнде);
      5) Басқарманың жауапты орындаушысы тізімдеме қалыптастырады және Аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін ұсынады (5 (бес) жұмыс күні ішінде).

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекетінің тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:
      1) Бөлімнің жауапты орындаушысы;
      2) Басқарманың жауапты орындаушысы;
      3) ВАК;
      4) аудан (Ақтөбе қаласы)әкімі.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, рәсімдердің (іс-әрекеттердің) реттілігін сипаттау:
      1) Бөлімнің жауапты орындаушысы:
      көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттардың толық топтаманы өтінімімен бірге қабылдайды (30 (отыз) минуттан артық емес);
      өтiнiмдер мен құжаттарды алғаннан кейiн ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi (3 (үш) жұмыс күнi iшiнде);
      2) ВАК:
      Бөлiм ұсынған құжаттарды қарап, субсидиялар алуға үмiткер көрсетілетін қызметті алушылардың тiзiмiн жасайды (3 (үш) жұмыс күнi iшiнде);
      өскіндердің болуын шолып тексереді (2 (екi) апта ішінде);
      тексеру қорытындылары бойынша акт жасайды (3 (үш) жұмыс күнi iшiнде);
      актiнiң және көрсетілетін қызметті алушылардың Бөлiмге ұсынған құжаттардың негiзiнде субсидиялар алуға көрсетілетін қызметті алушылардың түпкiлiктi тiзiмiн жасайды (5 (бес) жұмыс күнi iшiнде);
      оны аудан (Ақтөбе қаласы) әкіміне бекітуге жолдайды;
      3) аудан (Ақтөбе қаласы)әкімі көрсетілетін қызметті алушылардың тiзiмiн бекітеді (2 (екі) жұмыс күні ішінде);
      4) Бөлімнің жауапты орындаушысы:
      көрсетілетін қызметті алушыны ВАК тiзiмге енгiзуден бас тартқан жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себептерiн көрсете отырып тиiстi анықтама бередi(2 (екi) жұмыс күнi iшiнде);
      Басқармаға аудандардың және Ақтөбе қаласының әкімдерімен бекітілген тізімді және басқа да қажетті құжаттарды ұсынады (3 (үш) жұмыс күнi iшiнде);
      5) Басқарманың жауапты орындаушысы тізімдеме қалыптастырады және Аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін ұсынады (5 (бес) жұмыс күні ішінде).
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде рәсімдердің (іс-әрекеттердің) реттілігін, құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдары толық сипаттамасы мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес үдерістерінің анықтамалығына сәйкес осы регламенттің қосымшасында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

  "Басым дақылдар өндiрудi
субсидиялау арқылы өсiмдiк
шаруашылығы өнiмiнiң
шығымдылығы мен сапасын
арттыруды, жанар-жағармай
материалдарының және көктемгi
егiс пен егiн жинау жұмыстарын
жүргiзу үшін қажеттi басқа да
тауарлық-материалдық
құндылықтардың құнын
субсидиялау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы