Техникалық және кәсіптік білім беру саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 181 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 маусымда № 4363 болып тіркелді

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 16-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 200 "Техникалық және кәсіптік білім беру саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарға құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      2) "Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      3) "Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. "Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Ақтөбе облысы әкімдігінің мына:
      2014 жылғы 4 маусымдағы № 182 "Техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3960 тіркелген, "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде 2014 жылғы 24 шілдеде жарияланған);
      2014 жылғы 1 шілдедегі № 212 "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарға құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3980 тіркелген, "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде 2014 жылғы 12 тамызда жарияланған) қаулыларының күштері жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қ.Нұрқатоваға жүктелсін.
      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 200 "Техникалық және кәсіптік білім беру саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығы қолданысқа енгізілгеннен бұрын емес.
      Облыс әкімі А.Мұхамбетов

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 181 қаулысымен бекітілді

"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарға құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарға құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      Өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру техникалық және кәсіптік білім беру оқу орнының базасында жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің түрі : қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 200 "Техникалық және кәсіптік білім беру саласында мемлекеттік көрсетілген қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарға құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің стандартқа 1-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі - Стандарт) құжаттар қабылдау туралы қолхат.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі (өзара іс-әрекет) іс-әрекеттерінің тәртібін сипаттау

      4. Қабылдау туралы еркін нысандағы өтініш мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімінің басталуы үшін негіздеме болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, оның орындалу ұзақтылығы:
      1) көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды қабылдауды, тексеруді жүзеге асырады. Құжаттар топтамасы толық болмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады 5 (бес) минуттан артық емес;
      2) көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысы "Оқуға түсушілер санын тіркеу кітабына" өтінішті тіркейді, оқуға түсушінің жеке іс қағазын қалыптастыра отырып құжаттарды тігеді және стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттар қабылдау туралы қолхат береді 10 (он) минуттан артық емес.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекет тәртібін сипаттау

      6. Көрсетілетін қызмет берушінің мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысы.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-әрекеттердің) реттілігін сипаттау.
      1) көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды қабылдауды, тексеруді жүзеге асырады. Құжаттар топтамасы толық болмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады 5 (бес) минуттан артық емес;
      2) көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысы "Оқуға түсушілер санын тіркеу кітабына" өтінішті тіркейді, оқуға түсушінің жеке іс қағазын қалыптастыра отырып құжаттарды тігеді және стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттар қабылдау туралы қолхат береді 10 (он) минуттан артық емес.
      8. Көрсетілетін қызмет берушінің мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара (іс-әрекет) тәртібін жан-жақты сипаттау осы регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-үдерісінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-үдерісінің анықтамалығы көрсетілетін қызмет берушінің интернет - ресурсында орналастырылады.

  "Техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейін білім беру
ұйымдарына құжаттар
қабылдау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша

"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейін білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет бизнес үдерісінің анықтамалығы



  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 181 қаулысымен бекітілді

"Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) жатақханасы бар техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 200 "Техникалық және кәсіптік білім беру саласында көрсетілген мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – Стандарт) стандартына 1-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушыларына жатақхана беру туралы жолдама мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып табылады.
      Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі (өзара іс-әрекет) іс-әрекеттерінің тәртібін сипаттау

      4. Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес өтініш мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-әрекеті) бастау үшін негіздеме болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімнің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекетінің) мазмұны және нәтижесі:
      1) көрсетілетін қызмет алушы көрсетілетін қызмет берушіге қажетті құжаттарды қоса отырып, Стандартқа 2 - қосымшаға сәйкес белгіленген үлгіде өтініш береді 15 (он бес) минуттан артық емес;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды қабылдап, тексеріп, тіркеп және көрсетілетін қызмет беруші ұйымының алқалы органына тапсырады. Құжаттар толық тапсырылмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады 1(бір) жұмыс күнінен артық емес;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің алқалы органы келіп түскен құжаттарды қарайды және мемлекеттік қызмет көрсету туралы шешім қабылдайды немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы жауап дайындайды 5 (бес) жұмыс күнінен артық емес;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы алқалы орган қанағаттандырарлық шешім қабылдаған кезде құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жібереді 2 (екі) жұмыс күнінен артық емес;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы жолдамаға қол қояды немесе дәлелді бас тарту туралы жауап дайындайды 1 (бір) жұмыс күнінен артық емес;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы қызмет алушыға мемлекеттік қызметтің нәтижесін береді 1(бір) жұмыс күнінен артық емес.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекеттерінің тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінде қатысатын мемлекеттік қызметті көрсетуші құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің алқалы органы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-әрекеттердің) реттілігін сипаттау.
      1) көрсетілетін қызмет алушы көрсетілетін қызмет берушіге қажетті құжаттарды қоса отырып, стандартқа 1- қосымшаға сәйкес белгіленген үлгіде өтініш береді 15 (он бес) минуттан артық емес;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды қабылдап, тексеріп, тіркеп және көрсетілетін қызмет беруші ұйымының алқалы органына тапсырады. Құжаттар толық тапсырылмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады 1(бір) жұмыс күнінен артық емес;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің алқалы органы келіп түскен құжаттарды қарайды және мемлекеттік қызмет көрсету туралы шешім қабылдайды немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы жауап дайындайды 5 (бес) жұмыс күнінен артық емес;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы алқалы орган қанағаттандырарлық шешім қабылдаған кезде құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жібереді 2 (екі) жұмыс күнінен артық емес;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы жолдамаға қол қояды немесе дәлелді бас тарту туралы жауап дайындайды 1 (бір) жұмыс күнінен артық емес;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы қызмет алушыға мемлекеттік қызметтің нәтижесін береді 1(бір) жұмыс күнінен артық емес.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде рәсімдердің (іс-әрекеттердің) ретін, көрсетілген қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекет тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерісінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекет қызмет көрсетудің бизнес-үдерісінің анықтамалығы көрсетілген қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

  "Техникалық және кәсіптік
білім беру ұйымдарында білім
алушыларға жатақхана беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
қосымша

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру" Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерісінің анықтамалығы



  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 181 қаулысымен бекітілді

"Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті кәсіптік және техниклық білім беру ұйымдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет беруші) көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш кабылдау және нәтижесін беру техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының негізінде немесе Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
      3. Қағаз түрінде білім туралы құжаттардың телнұсқаларын ұсыну (бұдан әрі – көшірме) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесі болып табылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі (өзара іс-әрекет) іс-әрекеттерінің тәртібін сипаттау

      4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 14 сәуіріндегі № 200 "Техникалық және кәсіптік білім беру саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін стандарттың 1-қосымшасына сәйкес (бұдан әрі – Стандарт) көрсетілетін қызмет берушіге немесе ХҚКО–на жолыққанда өтініш мемлекеттік қызмет көрсетудің бастауының негізі болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны және нәтижесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде оларды қабылдап, тіркейді.
      Нәтиже – көрсетілетін қызмет берушінің басшысына қарар қою үшін жолдайды;
      2) көрсетілетін қызмет берушінің басшысы құжаттармен танысады және 1 (бір) күнтізбелік күн ішінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысын айқындайды.
      Нәтиже – мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысына жолдайды;
      3) көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысы құжаттардың толықтығын тексереді, телнұсқа дайындайды, басшының қолын қойдырады және телнұсқаны 29 (жиырма тоғыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей көрсетілетін қызмет алушыға береді.
      Нәтиже – көрсетілетін қызмет алушыға телнұсқаны береді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекетінің тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызмет берушінің басшысы;
      2) көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысы;
      3) көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе қызметкері.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-әрекеттердің) реттілігін сипаттау.
      1) көрсетілетін қызмет алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе қызметкері оларды 15 (он бес) минут ішінде қабылдап алады және тіркейді.
      Нәтиже – көрсетілетін қызмет берушінің басшысына қарар қою үшін жолдайды;
      2) көрсетілетін қызмет берушінің басшысы құжаттармен танысады және 1 (бір) күнтізбелік күн ішінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысын айқындайды.
      Нәтиже – қажетті құжаттарды мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысына жолдайды;
      3) көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексереді, телнұсқа дайындайды, басшының қолын қойдырады және телнұсқаны 29 (жиырма тоғыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей көрсетілетін қызмет алушыға береді.
      Нәтиже – көрсетілетін қызмет алушыға телнұсқаны береді.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара іс-әрекет тәртібін сипаттау

      8. Әрбір рәсімнің ұзақтығын, көрсете отырып, ХҚКО жолығу тәртібін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызмет алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарттың 9 – тармағында көрсетілген өтінішті және қажетті құжаттарды ХҚКО инспекторына тапсырады, ХҚКО инспекторы 15 (он бес) минут ішінде құжаттарды қабылдайды және 2 (екі) жұмыс күн ішінде ХҚКО жинақтаушы бөліміне көрсетілетін қызмет берушіге жіберу үшін жолдайды;
      2) көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе маманы алынған құжаттарды 15 (он бес) минут ішінде тіркейді және көрсетілетін қызмет берушінің басшылығына бұрыштама қоюға жолдайды;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 15 (он бес) минут ішінде кіріс құжаттарымен танысады және көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысына жолдайды;
      4) көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысы келіп түскен құжаттарды 27 (жиырма жеті) күнтізбелік күн ішінде қарайды, құжаттардың толықтылығын тексереді, телнұсқаны дайындайды, басшыға қол койдырады және телнұсқаны ХҚКО қағаз тасушысына береді.
      5) ХҚКО инспекторы 15 (он бес) минут ішінде телнұсқаны көрсетілетін қызмет алушыға береді.
      9. Әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы, сондай-ақ өзге көрсетілетін қызмет берушілермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара іс-әрекет реттілігін сипаттау мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттің қосымшасында көрсетіледі.

  "Техникалық және кәсіптік
білім туралы құжаттардың
телнұсқаларын беру"
Мемлекеттік қызмет көрсету
регламентіне қосымша

"Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру"
Әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімнің (іс-әрекеттің) реттілігінің сипаттамасы