"Білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" облыс әкімдігінің 2014 жылғы 16 шілдедегі № 233 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 158 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 маусымда № 4348 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 232 қаулысымен

Күшін жойған
      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 29.06.2015 № 232 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Облыс әкімдігінің 2014 жылғы 16 шілдедегі № 233 "Білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3990 тіркелген, "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде 2014 жылғы 19 тамызда жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармағының 1), 3), 4), 5) тармақшалары алынып тасталсын.
      2. "Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі А.Мұхамбетов