2016 жылға Бурабай ауданында халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № а-12/562 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 19 қаңтарда № 5221 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 57 баптарына сәйкес, Бурабай ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. 2016 жылға Бурабай ауданында халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) зейнеткерлік жас алдындағы жасқа жеткенге дейінгі елу жастан жоғары жастағы ер адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      2) зейнеткерлік жас алдындағы жасқа жеткенге дейінгі қырық бес жастан жоғары жастағы әйел адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      3) ұзақ уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар (үш айдан астам).
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Б.Нұрпановаға жүктелсiн.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Бурабай ауданының әкімі                    Т.Ташмағамбетов