Бурабай ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 6 ақпандағы № 5С-39/1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 4 наурызда № 4670 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 8 тармағына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТI:
      1. Бурабай ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және мың бес жүз еселі айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен аспайтын сомада тұрғын үй алуға немесе салуға бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.
      2. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшіне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      XXXIX (кезектен тыс)
      сессиясының төрағасы                       Қ.Шаяхметов

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Ө.Бейсенов

      КЕЛІСІЛДІ

      Бурабай ауданының әкімі                    Т.Ташмағамбетов